Connect with us

IN-THE-NEWS

Баян Мақсатқызы шәкірті Ерке Есмаханның қиналған сәтін есіне алды

Published

on

By

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы шәкірті болған Ерке Есмаханның ұзақ уақыт бойы эстрадада жолы болмағанын мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/bayanyessentayeva

Шоу-бизнес өкілі әнші арудың жұлдызды сәтін ұзақ күтіп қалғанын  жасырмады. 

“Жанар Дұғалованы “Алтын қыз” деп атадым. Бағымға көрсетіп, мықты дауыс иесі екенін бірден білдім. Ол менің алдыма 23-24 жасында келді. Өте ересек, ақыл тоқтатқан қыз болды. Алайда қыздарымның ішінен жұлдызды сәтін ұзақ күткен Ерке Есмахан болды. Ол көп еңбектенсе де, жолы болмай жүрді. Екеуміз барымызды салдық. Бірақ сәті түспей жатты. Ол маған келіп, “Баян Мақсатқызы, сіз Жанарды, Мөлдірді, Кәмшатты жұлдыз еттіңіз. Неге менің бағым жанбай жатыр?” деп айтатын. Мен оған “Сенің уақытың келеді, күту керек, мойыма” дедім. Бұл сөздерімді өзі де растайды. Ол ерекше нәзік дауыс иесі. Мұндай дауыс тыңдарманға ұнамауы мүмкін емес. Ол үйіме келіп, жылап отыратын. “Не істейміз?” деп басымыз қатты. Бірнеше рет жолымыз болмады. Бірақ соңында ол қыз эстраданы жарды. Ракета секілді ұшып кетті”, – деді продюсер “Din Dina Show” бағдарламасында. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова өнердегі бағын ашқан Баян Мақсатқызымен араласпай кеткен еді. 

“Баянмен татуласқалы біраз уақыт болды. Шоу ұйымдастырып, ұшырған қарлығаштарын жинады. Арамызда талай дүние болса да, ол кісіден кешірім сұрадым. Жасым кіші, одан кейін үлкен сахнаға шығуыма мұрындық болған жан. Сахнаға бірге шыққанда жыладым. Себебі сағындым. Ол кісінің өмірінде бірталай жағдайлар болды. Содан кейін көрістік”, – деген болатын Мөлдір Әуелбекова. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстандық теннисшілер әлем кубогінің іріктеу кезеңіне шықты

Published

on

By

Теннистен Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогі аясында Қазақстан және Оңтүстік Корея арасындағы плей-офф матчында есеп 3:0-ге тең болды. Сайыстың екінші күні кортқа Елена Рыбакинаның орнына әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева шығып, дүниежүзілік рейтингіде 418-орында тұрған Ку Ен Вуды 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қалған ойындардың нәтижесіне қарамастан, алдағы жылы сәуірде өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ердоған G20 саммитінде Украина бойынша бейбітшілік жоспарын ұсынбақ

Published

on

By

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Бразилияда өтетін “G20” саммитінде Украинадағы қақтығысты реттеуге арналған бейбіт жоспарын ұсынбақшы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg порталына сілтеме жасап хабарлайды.

. Фото: Reuters

G20 көшбасшыларының кездесуінде Ердоған Украинадағы қақтығысты тоқтата тұру арқылы дағдарыстың алдын алуды ұсынбақ.

Ердоған бұған дейін Түркия Ақ үйдегі жаңа әкімшілікпен ынтымақтастықта екені, сол себепті Украинаға байланысты дағдарысты жеңе алатынын айтқан еді. 

“Одақтасымыз АҚШ-тан күтетін үміттеріміз белгілі”, – деді ол. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ердоғанның айтуынша, Ресей президенті Владимир Путиннің Украинада атысты тоқтатуға деген ұмтылысы бар. Мұны Түркия СІМ басшысы Хакан Фидан мен оның ресейлік әріптесі Сергей Лавров Стамбулдағы кездесуде растады.

Шольц екі жылдан кейін алғаш рет Путинге хабарласты: Германия президентінің бұл қоңырауы Зеленскийге ұнамады

Зеленский соғысты келесі жылы дипломатиялық жолмен аяқтағысы келетінін мәлімдеді

Бұған дейін Байден Украинаның Ресейге шабуыл жасауы үшін алыс қашықтықтағы зымырандарды қолдануға рұқсат берген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Халықаралық олимпиадаларда жеңіске жеткен түлектер “Болашақ” бағдарламасымен білім ала алады

Published

on

By

Мәжіліс отырысында депутаттар “Болашақ” бағдарламасын кеңейту туралы норманы қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

Депутат Асхат Аймағамбетов мәліметінше, бағдарлама бойынша мектепте халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында жеңіске жеткен талапкерлерге шетелде бакалавриатта білім алуға мүмкіндік беру ұсынылады. 

Қазір “Болашақ” бағдарламасы тек магистратура мен докторантураға арналған.

“Жетекші шетелдік университеттер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына бірден бакалавриатқа грант ұсынады, соның нәтижесінде олар шетелге кетіп қалады. Осы кезеңде біз тиісті қолдау ұсына алмадық, сондықтан біз жиі мұндай дарынды жастардан айырылып қалдық. Олар тек шетелде білім алып қоймай, кейін сол жақта қалып қоятын еді”, – деп түсіндірді Аймағамбетов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Аймағамбетов алдағы уақытта жағдай өзгеретінін және елімізде жас таланттарды ұстап қалуға көбірек мүмкіндік пайда болатынын айтты.

Айта кетейік, “Болашақ” бағдарламасы бойынша гранттар мемлекеттік бюджеттен бөлінеді.



Еске салайық, бұған дейін “Болашақ” бағдарламасының түлектеріне оқу қарызын өтемей-ақ, шетелде жұмыс істеуге рұқсат етілетінін жаздық. Ғылым және жоғары білім министрлігі “Болашақ” стипендиясын алу ережелеріне осындай жаңашылдық енгізуді ұсынып отыр. Министрліктің ұсынысы әлі қабылданған жоқ. Үкімет қаулысының жобасы “Ашық құқықтық актілер” порталында жарияланды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!