Connect with us

IN-THE-NEWS

Тексерістен кейін Қазақстанда 40-тан астам өнім түрін сатуға тыйым салынды

Published

on

By

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) Stan.kz сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Условия использования материалов сайта

Копирование, цитирование и последующее распространение материалов (включая фото, видео и аудиоматериалы) сайта Stan.kz допускается только с письменного разрешения редакции. Цитирование материалов, права на которые принадлежат третьим лицам, производится на условиях, установленных правообладателями.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Берлинде Путиннің отставкаға кетіп, сотталуын талап ететін соғысқа қарсы шеру өтті

Published

on

By

Берлинда соғысқа қарсы шеру өтті. Наразылыққа шыққандар Украинадағы қақтығыстарды тез арада тоқтатуды, Владимир Путиннің отставкаға кетуін және соттауды, саяси тұтқындарды босатуды талап етті. Бұл  туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Сирена Telegram-арна

“Соғысқа қарсы. Путинге қарсы. Саяси тұтқындарға бостандық”  ұранымен Берлинде Ресей оппозициясы ұйымдастырған соғысқа қарсы шеру өтті. Шеру Берлиннің үкіметтік кварталында басталып, Бранденбург қақпасының жанындағы Ресей елшілігінде аяқталды.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, шеруге бір жарым мыңнан жеті мыңға жуық адам шықты. Наразылықты Юлия Навальная, Илья Яшин және Владимир Кара-Мурза басқарды.

Жиналғандар Украинадағы соғыс қимылдарын тез арада тоқтатуға шақырды.

“Путин – ол Ресей емес. Ресей – бұл біз. Біз соғысқа, агрессияға қарсымыз, еркін, бейбіт Ресейді жақтаймыз”, – деді Яшин.

Ресей елшілігінің алдында Яшин наразылық білдірушілерді өз халқы үшін күресуге және берілмеуге шақырды. Қара-Мурза қатысушылардың Путиннің отставкаға кетуін, оның сотталуын және Украинадан ресейлік әскерлердің шығарылуын талап ететінін айтты. Навальная митингке тұрақты тұрде шығу керегін айтты READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Біз Ресейде шеруге шыға алмай отырған адамдар үшін шығуымыз керек… Біз өлтірілген адамдар үшін щеруге шығуымыз керек”, – деді ол.

Бұл Украинадағы соғыс басталғаннан бері Ресей оппозициясының шетелде ұйымдастырған алғашқы ірі акциясы. Қатысушылар қазіргі билікті барлық ресейліктердің қолдамайтынын әлемге көрсету маңызды екенін айтты.

Наразылық білдірушілер соғысқа қарсы ұрандар жазылған плакаттарды, туларды, оның ішінде оппозицияның символына айналған ақ-көк-ақ түсті кенептерді ұстап шықты. 

17 қарашада Прагада, Лиссабонда, Вильнюсте, Варшавада, Ереванда, Окленд, Сидней және Токиода әртүрлі көлемдегі соғысқа қарсы шерулер өтті.

Айта кетейік, бұған дейін  Ресей “егемендігіне қауіп төндіретін” кез келген іс-әрекетке ядролық қарумен жауап беруге дайын екенін айтқан еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

“Қазақстан темір жолы” тағы бір заңбұзушылықты анықтады

Published

on

By

“Қазақстан темір жолы” компаниясы жасырын тексеріс барысында Алматы-1 теміржол вокзалында жолаушының билетсіз жүрген фактісін анықтады. Оқиға видеоға түсірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: РИА Новости

Мәліметтерге сенсек, бұл жолы №43 Алматы – Қостанай жеке пойызының жолсерігі билеті жоқ жолаушыны қолма-қол ақшаға жеткізуге келіскен.

“Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жіберіледі. Ұқсас тексерістер елдегі барлық вокзалдарда жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Қазақстан теміржолының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, №43 Алматы – Қостанай пойызы жеке тасымалдаушы “Түрксіб Астана” ЖШС-не тиесілі.

“ҚТЖ” ережебұзушылықтарға “нөлдік төзімділік” принципін ұстанып, азаматтарды билетсіз жолаушыларды тасымалдау және билеттерді заңсыз қайта сату фактілері туралы фото, аудио және видео материалдармен бірге @jolaushylar_tasymaly (direct) парақшасына немесе WhatsApp арқылы +7 776 714 5686 нөміріне хабарлауға шақырады”, – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

2023 жыл мен 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында ҚТЖ қызметкерлері рейдтер барысында пойыздарда 175 заңбұзушылықты, соның ішінде 144 билетсіз жолаушы тасымалын қамтыған 78 жағдайды анықтады. Қызметтік тергеулер нәтижесінде 65 қызметкердің еңбек келісімшарты бұзылған.

Сонымен қатар Алматы – Қостанай бағыты бойынша вагондардың жағдайына қатысты оқырмандар бірнеше рет шағымданған. Қазан айының ортасында бұл вагондардың жаңартылатыны белгілі болды. Көлік министрлігі №43/44 Алматы – Қостанай бағыты бойынша жаңа жолаушылар вагондары 2024 жылдың қараша айынан бастап жүреді деп уәде етті.



Еске салайық, бұған дейін “Қазақстан темір жолы” филиалының басшысы сотталғанын жаздық. Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот “Қазақстан темір жолы” АҚ филиалы “Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының” директоры Амринға қатысты сот үкімін шығарды. Сот шешіміне сәйкес, Амрин өзінің билігін асыра пайдаланып, мемлекетке 21 миллион теңге көлемінде залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып қылмыс жасаған қазақстандықтар ұсталды

Published

on

By

Елімізде жыл басынан бері өздерін полиция қызметкерлері ретінде көрсетіп алаяқтықпен айналысқан 14 қаскүнем ұсталған. Мамандар жұртшылықты осындай жалған қызметкерлердің арбауына түспеуге шақырды. Олар көбіне адамдардан ақша бопсалаумен айналысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

Шымкентте қараша айында бір топ адам өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, бопсалау арқылы қамқорлық жасауға уәде еткені үшін ай сайын 1,5 миллион теңгеге дейін ақша алып отырған.

Ал Ақтөбеде өздерін полицей етіп таныстырған екі жігіт қаланың екі тұрғынына күш көрсетіп 300 мың теңгесін ашығынан ұрлап әкеткен.

Қонаевта өздерін Ұйымдасқан қылмысқа қарсы агенттіктің қызметкері ретінде таныстырған екі тұрғын қажет ақпаратты таратпағаны үшін жігіттен 500 мың теңге бопсалаған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Олардан жалған қызметтік куәлік, құжаттар мен киім-кешек тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.



“Айта кету керек, заманауи технологиялар алаяқтарға ықтимал құрбандар туралы әртүрлі ақпаратты оңай алуға мүмкіндік береді. Бұл олардың қылмыстық схемаларын ең сенімді етеді. Сондай-ақ, қылмыскерлер адамдарды кінәлі сезіндіріп, қорқыту үшін манипуляциялап, түрлі психологиялық әдістерді жиі қолданады. Өздерін полицияданбыз деп жүрген алаяқтарды ұстау азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды аспектісі. Халықтың хабардарлығы мен қырағылығы мұндай қылмыстардың санын едәуір төмендетуі мүмкін.

Осыған байланысты ІІМ құқық қорғау органдарының қызметкерлері өкілдік ететін адамдардың кез келген заңсыз әрекеттері кезінде полицияға дереу хабарлауды қатаң түрде ұсынады. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда”, – деп атап өтті ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!