Connect with us

IN-THE-NEWS

“Қазақстан темір жолы” тағы бір заңбұзушылықты анықтады

Published

on

By

“Қазақстан темір жолы” компаниясы жасырын тексеріс барысында Алматы-1 теміржол вокзалында жолаушының билетсіз жүрген фактісін анықтады. Оқиға видеоға түсірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: РИА Новости

Мәліметтерге сенсек, бұл жолы №43 Алматы – Қостанай жеке пойызының жолсерігі билеті жоқ жолаушыны қолма-қол ақшаға жеткізуге келіскен.

“Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жіберіледі. Ұқсас тексерістер елдегі барлық вокзалдарда жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Қазақстан теміржолының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, №43 Алматы – Қостанай пойызы жеке тасымалдаушы “Түрксіб Астана” ЖШС-не тиесілі.

“ҚТЖ” ережебұзушылықтарға “нөлдік төзімділік” принципін ұстанып, азаматтарды билетсіз жолаушыларды тасымалдау және билеттерді заңсыз қайта сату фактілері туралы фото, аудио және видео материалдармен бірге @jolaushylar_tasymaly (direct) парақшасына немесе WhatsApp арқылы +7 776 714 5686 нөміріне хабарлауға шақырады”, – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

2023 жыл мен 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында ҚТЖ қызметкерлері рейдтер барысында пойыздарда 175 заңбұзушылықты, соның ішінде 144 билетсіз жолаушы тасымалын қамтыған 78 жағдайды анықтады. Қызметтік тергеулер нәтижесінде 65 қызметкердің еңбек келісімшарты бұзылған.

Сонымен қатар Алматы – Қостанай бағыты бойынша вагондардың жағдайына қатысты оқырмандар бірнеше рет шағымданған. Қазан айының ортасында бұл вагондардың жаңартылатыны белгілі болды. Көлік министрлігі №43/44 Алматы – Қостанай бағыты бойынша жаңа жолаушылар вагондары 2024 жылдың қараша айынан бастап жүреді деп уәде етті.



Еске салайық, бұған дейін “Қазақстан темір жолы” филиалының басшысы сотталғанын жаздық. Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот “Қазақстан темір жолы” АҚ филиалы “Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының” директоры Амринға қатысты сот үкімін шығарды. Сот шешіміне сәйкес, Амрин өзінің билігін асыра пайдаланып, мемлекетке 21 миллион теңге көлемінде залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Төртінші қабаттан перде арқылы түспек болған: Павлодарда түн ортасында жатақханадан шықпақ болған екі студент қыз ауруханаға түсті

Published

on

By

Павлодарда колледж жатақханаларының бірінде екі студент қыз түн ортасында қалаға шығу үшін төртінші қабаттан перде арқылы түспек болған. Салдарынан бұл әрекет сәтсіз болып екі студент түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі @Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

.

Фото: freepik.com

Аймақ полиция департаментінің мәліметінше, төтенше жағдай түнгі сағат екіге қарай болған.

“Павлодар колледждерінің бірінде кәмелетке толмаған екі студенті төртінші қабаттан перде көмегімен жерге түсеміз деп, құлады”, – деді ведомство. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қарағандыда оқытушының студенттерді шапалақпен ұрған сәті видеоға түсіп қалды

Қарағанды облысында полицейлер сабақтан қалған жасөспірімді сотқа берді

17 және 18 жастағы қыздар жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

21 қарашада ел аймақтарында телеарналар жұмысы уақытша тоқтатылады

Published

on

By

21 қарашада ел аймақтарында 03:00 мен 17:00 аралығында телерадиоарналар жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: pixabay.com

“Қазтелерадио” АҚ-ның мәліметінше, телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуы үшін тоқсан сайын эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жауып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

“2024 жылдың 21 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылады. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Үндістан алғашқы гипердыбыстық зымыранын сынақтан сәтті өткізді

Жаңа жылдан бастап елімізде ресми тіркеуден өтпеген такси жүргізушілері “Яндекс”, “InDrive-тан” тапсырыс қабылдай алмайды​​​​​​​

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз”,- делінген хабарламада. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ауыл шаруашылығы министрі танымал “шайн мускат” жүзімінің дәмін көріп, тексерістен өткізетінін айтты

Published

on

By

Желіде қазақстандықтар арасында “шайн мускат” жүзімі қызу талқыға түсіп жатыр. Аталған жеміс-жидекке қатыысты Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: timeout.com

Кей ақпарат көздері жүзімде химиялық заттар көп екенін айтып отыр. Ал министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Қазақстанға жеткізілетін кез келген өнім зертханаға тапсырылуы тиіс.



“Сондықтан біз мұндағы зертханамызды жаңа құрал-жабдықтармен нығайтпақпыз. Ветеринарияға арналған тоғыз жабдықты сатып алып жатырмыз. Осылайша бізге өнімнің сапасын тексеру оңайырақ болады”, – деді министр.

Ол жүзімді өзі сынамағанын, бірақ шекарадан өткен болса, онда барлық қажетті сертификаттар бар екенін айтты.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Жоқ, оны әлі сынап көрген жоқпын. “Корей” жүзімдерін тексеріп көрейік. Шекарадан өткен болса құжаттары, анықтамалары бар деп ойлаймын. Егер жер асты жолымен келсе, басқа мәселе. Бүгін комитет төрағасына тапсырма беремін. Ол үлгісін алып, тексеріп көрсін”, – деді Сапаров.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар дубай шоколадынан соң, жаппай жапон жүзімін алуға көшкені туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!