Connect with us

IN-THE-NEWS

Қостанай облысында балалар мен олардың атасы улы газға уланып қаза болды

Published

on

By

Қостанай облысындағы Тастин ауылдық округіне қарасты Қарынсалды ауылында үш бала және олардың атасы көмірқышқыл газына уланып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

.

Фото: Pixabay.com

Қайғылы оқиға 17 қарашада болған. Екі, үш және сегіз жастағы үш бала, сондай-ақ олардың 67 жастағы атасы қаза тапты.

Отбасының әкесі, анасы және олардың төрт жасар ұлы Арқалық қаласындағы ауруханаға жеткізілді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Жамбыл облысында 6 адам газға уланып мерт болды Қостанай облысында үйден өрт шығып, бес бала тірідей жанып кетті

Отбасы аз қамтылған, әлеуметтік жағынан осал тобына жатады. Үйдің отағасы жергілікті мектепте өрт сөндіруші болып жұмыс істейді.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада тұрғын үй өртеніп, төрт бала қаза тапқаны айтылды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Баян Мақсатқызы қыздарының қалай өсіп жатқанын айтты

Published

on

By

50 жасында екі мәрте ана атанған Баян Мақсатқызы қыздарын қалай өсіріп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Өнер иесі ешқашанда декреттік демалысқа шықпағанын мойындады. 

“Бала туып үйде отыратын әйелдерді түсінбеймін. Олар үнемі шаршап жүреді. Бала мен күйеудің жағдайы немесе үйдің тірлігінен қолдары босамайды. Менің балаларым ешқашанда мазамды алған емес. Түнімен ұйықтамай болмаса жылап мазалаған емес. Екі қызымда да декреттік демалыста отырған емеспін. Қазір Тұрсен декреттік демалыста отыр. Ол тіпті үйден шықпайды. Алғашқы 15 күн мүлдем үйден шықпай қойды. Ал мен екінші күн киноға түсіп кеттім. Менің амалым болмады. Ол үнемі қорған болғысы келеді. Барлық әкелік қасиеттерін көрсетіп жатыр. Біресе әңгіме айтады, біресе әзілдеп қояды. “Олар менің әкесі екенімді білуі керек, иісімді, дауысымды тануы керек” деген уайыммен жүреді”, – деп ағынан жарылды продюсер.



Сондай-ақ, жолдасының бала күтушілерге қойылатын талабының қатал екенін де айтып берді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Тұрсен әлі маска тағып жүр. “Қыздар маскасыз жүрсең сені танымай қалады” деп қалжыңдап қоямын. Үйде кішкентай монитор бар. Сол жерде қыздарымыздың бөлмесі көрініп тұрады. Түні бойы соларға қарап жатады. Гипержауапкершілікті адам. Ол тіпті қызымызды бесікте қатты шайқаған күтушіні жұмыстан шығарып жіберді”, – деді Баян Мақсатқызы. 

Еске салайық, Баян Мақсатқызы екі қызына төрт бала күтушісін жалдағанын айтқан еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

АҚШ-та 120 мыңға жуық биткоинді ұрлаған ресейлік хакер бес жылға сотталды

Published

on

By

Ресей және АҚШ азаматтығын алған Нью-Йорк тұрғыны Илья Лихтенштейн ірі криптовалюта ұрлығынан түскен ақшаны жылыстатқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: BBC

Лихтенштейн 2016 жылы Bitfinex криптовалютасын бұзып, 120 мыңға жуық биткоинді ұрлағанын өткен жылы мойындады. Ол кезде ұрланған сома 71 миллион долларға (35 миллиард 333 миллионнан аса) бағаланған. Бірақ кейін Bitcoin бағасының күрт көтерілгенін ескерсек, ол 4,5 миллиард долларға дейін өсті. Қазіргі валюта бағамы бойынша бұл 10 миллиард доллардан асады.

АҚШ бас прокурорының орынбасары Лиза Монаконың айтуынша, бұл іс бойынша тәркіленген активтер АҚШ әділет министрлігі тарихындағы ең ірі тәркілеу болды.

Лихтенштейн 2022 жылдың ақпанында қамауға алынып, өз әрекетіне өкінетінін білдірді. Сондай-ақ ол жазасын өтегеннен кейін киберқылмыспен күресуде өз дағдыларын қолдануға дайын екенін айтты. 

Лихтенштейнмен бірге оның әйелі Хезер Морган да қамауға алынды. Ол өткен жылы ақшаны жылыстатуға қатысқанын мойындады. Оған қатысты үкім 18 қарашада шығады деп жоспарланған.

Фото: bfm.ru

Сот мәліметіне сәйкес, Лихтенштейн Bitfinex биржасын бұзу үшін озық хакерлік құралдарды пайдаланған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Оның құралдарына жалған сәйкестіктерді пайдалану, әртүрлі криптовалюталарға ақша аудару және алтын сатып алу кіреді.

Прокурорлардың хабарлауынша, Ресейде туып, АҚШ-та өскен Лихтенштейн отбасылық сапарларында курьерлермен кездесіп, жылыстатылған ақшаны еліне аударған.

“Алынған қаражаттың бір бөлігі әртүрлі сатып алуларға жұмсалған. Мысалы, 500 долларға (248 мың 825 теңге) Walmart сыйлық картасын алған. Бұл картамен сатып алу қылмыскерлердің ізіне түсуге септігін тигізді”, – дейді прокурорлар.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, ерлі-зайыптылар Манхэттеннің Уолл-стрит аймағында тұрған. Хезер Морган Forbes журналымен бірлесіп жұмыс істеп, әндерінің бірінде өзін “Уолл-стрит қолтырауыны” деп атаған.

Морган қамауға алынғаннан кейін оның әндері мен бейнебаяндары әлеуметтік желіде тарап кетті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Баян Мақсатқызы шәкірті Ерке Есмаханның қиналған сәтін есіне алды

Published

on

By

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы шәкірті болған Ерке Есмаханның ұзақ уақыт бойы эстрадада жолы болмағанын мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/bayanyessentayeva

Шоу-бизнес өкілі әнші арудың жұлдызды сәтін ұзақ күтіп қалғанын  жасырмады. 

“Жанар Дұғалованы “Алтын қыз” деп атадым. Бағымға көрсетіп, мықты дауыс иесі екенін бірден білдім. Ол менің алдыма 23-24 жасында келді. Өте ересек, ақыл тоқтатқан қыз болды. Алайда қыздарымның ішінен жұлдызды сәтін ұзақ күткен Ерке Есмахан болды. Ол көп еңбектенсе де, жолы болмай жүрді. Екеуміз барымызды салдық. Бірақ сәті түспей жатты. Ол маған келіп, “Баян Мақсатқызы, сіз Жанарды, Мөлдірді, Кәмшатты жұлдыз еттіңіз. Неге менің бағым жанбай жатыр?” деп айтатын. Мен оған “Сенің уақытың келеді, күту керек, мойыма” дедім. Бұл сөздерімді өзі де растайды. Ол ерекше нәзік дауыс иесі. Мұндай дауыс тыңдарманға ұнамауы мүмкін емес. Ол үйіме келіп, жылап отыратын. “Не істейміз?” деп басымыз қатты. Бірнеше рет жолымыз болмады. Бірақ соңында ол қыз эстраданы жарды. Ракета секілді ұшып кетті”, – деді продюсер “Din Dina Show” бағдарламасында. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова өнердегі бағын ашқан Баян Мақсатқызымен араласпай кеткен еді. 

“Баянмен татуласқалы біраз уақыт болды. Шоу ұйымдастырып, ұшырған қарлығаштарын жинады. Арамызда талай дүние болса да, ол кісіден кешірім сұрадым. Жасым кіші, одан кейін үлкен сахнаға шығуыма мұрындық болған жан. Сахнаға бірге шыққанда жыладым. Себебі сағындым. Ол кісінің өмірінде бірталай жағдайлар болды. Содан кейін көрістік”, – деген болатын Мөлдір Әуелбекова. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!