Connect with us

IN-THE-NEWS

Абхазияда халық наразылығынан соң президент Аслан Бжания отставкаға кетті

Published

on

By

Өзін-өзі жариялаған Абхазия республикасының президенті Аслан Бжания мен премьер-министр Александра Анкваб оппозицияның қысымымен отставкаға кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Эхо Кавказа” сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: abkhaz-auto.ru

Аслан Бжания билік пен оппозиция арасындағы көп сағаттық келіссөздерден кейін қызметінен кетті. 

“Елдегі тұрақтылық пен конституциялық құрылысты сақтау үшін Абхазия республикасы Конституциясының 65-бабына сәйкес мен Абхазия республикасының президенті қызметінен кету туралы өтінішімді беремін”, – делінген Бжания қол қойған құжатта. 

Тараптар қол қойған келісімге сәйкес, Бжания отставкаға кету туралы өтініш береді. Ал оппозиция жақтастары наразылықтар кезінде басып алған үкіметтік ғимараттар кешенін тастап кетеді. Осы тармақты орындамаған жағдайда Бжания отставкаға кету туралы өтінішін қайтарып алады.

Бұған дейін келісімге қол қойғандардың бірі “Абхаз халықтық қозғалысы” ұйымының жетекшісі Адгур Ардзинба келіссөздер нәтижесінде Бжания отставкаға кетуге келіскенін айтты. 

Абхазия парламенті Бжанияның отставкаға кетуін 19 қарашада қарайды. Вице-президент Бадра Гунба мемлекет басшысы ретінде әрекет етеді. Абхазия парламентінің бұрынғы төрағасы Валерий Бганба премьер-министр болып тағайындалды. 

“Қазіргі министрлер Абхазия республикасының жаңадан сайланған президенті қызметіне кіріскенге дейін өз міндеттерін атқарады”, – делінген құжатта.

Бұған дейін Бжания отставкаға кетуден бас тартып, президенттік сайлауға қатысуды жоспарлап отырғанын айтқан еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, 15 қарашада Ресеймен инвестициялық келісімге наразылық танытқандар парламент маңындағы қоршауды бұзып, оның аумағына енген еді. Кешке қарай олар президент әкімшілігі орналасқан ғимаратқа баса-көктеп кірген.

Шабуыл алдында шерушілер дуалдың бір бөлігін бұзып, парламент аумағына басып кірген кезде наразылық білдірушілер мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс басталған. Шерушілер полиция қызметкерлеріне жұмыртқа мен бөтелке лақтырған.

Қауіпсіздік күштері шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған.

Сухуми мен Мәскеу арасындағы инвестициялық келісім жобасына сәйкес, ресейлік компаниялар өздерінің инвестициялық жобаларын мойындалмаған республика аумағында жүзеге асыра алады. Тараптар оған 2024 жылдың қазан айының соңында қол қойды. Құжат күшіне ену үшін ратификациялануы керек. Оны депутаттар 15 қарашада қарауы керек еді. Бірақ парламент күн тәртібін бекітпей, сессия өткізілмей қалды.

Абхазия (Кеңес дәуірінде Грузия құрамындағы автономиялық республика) 1993 жылы Грузиямен соғыстан кейін тәуелсіздігін жариялады. Ол кезде Грузия да, әлемнің басқа мемлекеттері де Абхазияның тәуелсіздігін мойындаған жоқ.

2008 жылы бес күнге созылған Ресей-Грузия соғысынан кейін аймақтың тәуелсіздігін Ресей және тағы төрт мемлекет: Венесуэла, Науру, Никарагуа және Сирия мойындады.

Грузия сепаратистік Абхазия мен Оңтүстік Осетия аумақтарын Ресей басып алған деп санайды. Сондай-ақ Ресейді елдің аумақтық тұтастығын бұзды деп айыптайды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Сауда министрі бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы шыққандар туралы пікір білдірді

Published

on

By

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуінің қарсыластарына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Министрдің айтуынша, бұл тұлғалардың арнайы білімі жоқ және ұзақ мерзімді келеңсіз салдарын түсінбейді.

“Арнайы білімі жоқтар әлеуметтік желілерде өздерінің күнделікті қажеттілігі үшін дауласып, жеке гипотезалар мен болжамдар жасайды. Сонымен бірге азаматтардың экономикасы мен денсаулығына ұзақ мерзімді келеңсіз салдарлар әкелетінін түсінбейді. Өтінішті қарау жөніндегі жұмыс тобы денсаулық пен экономикаға теріс әсер ететін себеп-салдарлық байланыстарды анықтаған жоқ”, – деді Шаққалиев үкімет отырысында.



Министрдің айтуынша, өтінішті қарау нәтижесінде стандартты уақыт белдеуіне барынша бейімделу үшін жағдай жасауға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.

“Осылайша, уақыт белдеуін өзгерту туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орынды”, – деді министр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ол қараңғыда сабақтан қайтатын оқушылардың жағдайына пікір білдірді.

“Төрт баланың әкесі ретінде мен балаларымды өзім алып кетемін. Екінші ауысым 19:05-те аяқталады. Былтыр да ондай уақытта қараңғы болатын. Өткен жылы да, биыл да кесте өзгерген жоқ. Балаларды алып кетіп жүргендіктен, оны білемін”, – деді сауда министрі.

Шенеунік балаларының таңертең еш қиындықсыз тұратынын айтты.

“Көптеген ата-аналар мына жақсы жайтты атап өтеді. Уақыт ауысқалы балалардың ұйқысы қанады. Біз оларға таңғы уақытты бердік, көбірек ұйықтауға және жарық болған кезде мектепке баруға мүмкіндік бердік. Жақсы жағын да байқау керек”, – деді ол.

Бұған дейін үкіметте Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі туралы соңғы шешім қабылданды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Болат Әбділманов отандық киноны сынап тастады

Published

on

By

Танымал актер Болат Әбділманов отандық “Жезтырнақ” атты кинотуындыны сынап, өз ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bolat.abdilmanov/

Киножұлдыз аталған фильмнің сюжетін сынап, ер адамдарды әйелдің айтқанынан шыға алмайтын жан ретінде көрсеткеніне ашуланды. 

“Жақында кинотеатрдан “Жезтырнақ” деген фильм көрдім. Киноның жетістіктері, жалпы тартымдылығы кәсіби деңгейде. Оған дау жоқ. Актерлердің ойыны, кадрдан кадрға ауысуы, бүкіл бет-пішін, көзқарасы бәрі өз орнында. Актерлік ансамбль бар. Актерлер де өз рөлдеріне сай келіп тұр. Халықты сендіріп ойнады. Бірақ менің айтайын дегенім бұл емес еді. Жалпы фильмнің мазмұны, идеясында ойланатын дүние бар. Бұл кинода әйелдер бәрін қырып салады, еркектер бір жүрген сорлы. Еркек емес, телпек, жігіт емес, мілік. Әйелдердің айтқанынан шыға алмайды, әйелдің өзінің барлық физикалық күшін көрсетіп, сол жерде жеңімпаз болады”, – деп бастады әңгімесін өнер иесі. 



Әбділманов бүгінде әйелдер мен ер адамдардың орны ауысып бара жатқанын айтты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Әйелдің қаруы оның күші ме? Әйелдің қаруы – жүрегінің жұмсақтығы, нәзіктігі, сабырлығы, ақылдылығында емес пе?! Әйел затының көз жасының алдында ерімейтін қара тас жоқ. Кез келген еркек әйелдің алдында оның әлсіздігін көргендіктен оны құрметтейді, қадірлейді. Ал енді қазір әйел мен еркектің орны ауысып бара жатқан секілді. Отбасында әйелдің басшы болуы, ертең мемлекетті де әйел басқарады дегенге әкеліп тұр. Енді өздеріңіз ойлаңыздар. Осы жерді қорғайтын баланы рухты, намысты, мінезді ұрпақ қылып қалай тәрбиелейміз?!”, – деп ойын бөлісті актер. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Майра Мұхамедқызы 20 жыл сәби күткенін жасырмады

Published

on

By

ҚР халық әртісі Майра Мұхамедқызы алғаш рет жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/mairaopera/

Опера әншісі журналист Дана Нұржігітке сұхбат беріп, жан сырын ақтарды. 

“Жолдасым өте парасатты адам. Біздің арамызда 20 жыл бала болмады. Сол кезде мен оған “өліп кетсем де бала туып беремін. Әйел ретінде саған қарызбын” дедім. Егер бала туа алмасам, басқа әйел алуға рұқсат етемін дедім. Махаббатымды қиямын дедім. Бірақ ол кісі көнбеді. “Ата-ана үшін бала маңызды екенін түсінемін, бірақ біздің арамызда махаббат бар” деді. Баланы беру Алланың қолында екенін айтып, мәңгі менімен қалуға уәде берді. Сен мені тастамасаң, мен сені тастамаймын деді. Мен уәдемде тұрып қызды дүниеге әкелдім”, – деді опера әншсі.



Сондай-ақ өнер иесі қызына қандай тәрбие беріп жатқанын да айтып өтті.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қызымды ешқашанда тәрбиелеп, бағыт-бағдар берген емеспін. Бәрін өзі бетінше істеп келе жатыр. Көрген жұрт қызымның ақылды екенін айтып, анасының тәрбиесі деп ойлайды екен. Керісінше, мен қызымнан көп дүниені үйреніп жүрмін. Ол біздің қаншама қиын сәттерден өткенімізді біледі. Кейде мен жұрттың балаларымен салыстырып қаламын. Сондай кезде ренжиді. Математик болғанын қалаймын, бірақ өзі өнерге жақын”, – деді өнер иесі. 

Еске салайық, жақында Майра Мұхамедқызы “Халық әртісі” атағын алып еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!