Connect with us

IN-THE-NEWS

Алматыда мүгедек әйел күтушісін сотқа берді

Published

on

By

Алматыда 54 жастағы мүгедек әйел өзіне дөрекілік көрсетіп, тіпті қол жүгірткен күтушісінің үстінен арыз жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Гүлжан Әбдрайымова – бірінші топтағы мүгедек. Жүре алмағандықтан интернет арқылы күтуші жалдамақ болып, агенттік іздейді. Алайда тапқан адам әйелдің жағдайын жасаудың орнына керісінше, күн көрсетпеген. Күтуші ер адам әйелге қол жүгіртіп, тіпті құлатып, денсаулығына зақым келтірген. 

“Қайта-қайта құшақтап, бетімнен сүйіп, ернімнен сүйгісі келіп, басымды тартсам да, ұстап алып басымды сүйіп, әр жерімнен сипалады. Маған түнде “адам деген шешініп жату керек, тыр жалаңаш жату керек” деп, қанша рет айтты. Өзі үйде тек іш киіммен жүрді”, – дейді Гүлжан Әбдрайымова.

Күтуші қызметі үшін күніне 12 мың теңге ақша алып отрыған. Әйелдің айтуынша, басында ол ерсі қылықтарын байқатпаған. Алайда жақындары жоғын біліп, тиісіп, басынуды шығарған. Алғашында отыра алатын әйел күтушісі құлатып алған соң беліне зақым келіп, сүйегі сынып қазір төсекке таңылған. 

“Күннен-күнге жағдайым нашарлап барады. Негізгі ауруым — жүре алмаймын. Енді бұлшық еттерім күннен-күнге әлсіз болып барады. Өліп бара жатқандай боламын. Күшім жоқ”, – дейді ашынған әйел. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ал күтушіні тауып берген агенттік өкілі ер адамды танымайтынын айтады. 

“Гүлжан маған қыркүйекте хабарласты. Ол бірінші топтағы мүгедек болған соң, бір орындықтан екінші жерге отырғызу үшін көтеру керек. Ал менің компаниямдағы күтушілердің бәрі — әйел. Олардың әлі келмейді. Бірақ Гүлжан тауып беруін сұрады. Осылайша мен интернет арқылы Артур есімді азаматты тауып, өзіне ұсындым. Адами тұрғыдан көмектескенім рас. Бірақ бұл ер адам менің қызметкерім емес. Мен оны танымаймын. Арада ешқандай келісімшарт жоқ”, – дейді Сарыжол” агенттігінің директоры Татьяна Васильева.

Жәбірленушінің арызынан кейін полиция тергеу жұмыстарын бастаған.

“Аталмыш дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасымен тергеу жүргізілуде. Кінәлі адамның іс-әрекетіне құқықтық тұрғыда баға беріліп, шара қолданылады”, – дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Баян Алагөзова журналист Дана Орманбаеваға қатысты пікір білдірді

Published

on

By

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы екі рет сотта жеңілген журналист Дана Орманбаеваға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Айта кетейік, продюсер мен журналист арасындағы дау сотқа дейін жеткен еді. Тележүргізуші Дина Төлепберген әріптесіне қатысты сұрақ қойған еді. Баян Алагөзова шынайы жауап қатты.

“Данаға бақыт тілеймін. Оны мен жан-жүрегіммен сезінемін. Шынымды айтсам, оған жаным ашиды. Оны құшақтап, “Дана, бақытты болшы. Шынымен бақытты бол. Өзіңе қатысы жоқ шындықты іздеудің қажеті жоқ. Әркімнің өз шындығы бар” дегім келеді. Мен онымен тек заң аясында ғана байланысамын. Бірінші сот менің пайдама шешілді, енді екінші іс қаралып жатыр, – деді Баян Алагөзова.



Еске салайық, продюсер қылмыстық іспен айналысуға мүлдем уақыты жоқ екенін айтқан еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Кейбір адамдар үшін әлеуметтік желі ақпаратпен ойнайтын алаңға айналған. Сондықтан мұндай нәрселердің болуы қалыпты жағдай. Мен үшін соттасу, адвокат жалдау – уақытымды шығындайтын артық дүниелер. Ешкімнің шекарасына кірмесін. Ал сотта жеңіліп қалған адам менен кешірім сұрайды деп күтемін”, – деген болатын продюсер. 

@dina_tolepbergen Продюсерге елдің пікірі екіге бөлініп, бірі қолдап, бірі қатаң айтты деп қайыруда… “Әр адамның өз ақиқаты бар”, дейді Баян Мақсатқызы. Ақиқат пен адасушылық арасында көзге көрінбейтін шекара бар деседі. Әркім өз шындығы үшін шырылдайды, өз жеңісі үшін күреседі. Қалай ойлайсыз, адам өмірде міндетті түрде ақиқатқа жете ала ма, әлде ізденген күйі қала ма? Ал кешіру ше? Күш пе, әлде әлсіздік пе?” Толық шығарылымды көру үшін Dina Tolepbergen YouTube каналыма өтіңіздер. Сілтеме биомда белгіленген. #динатөлепберген #динатолепберген #DINDINASHOW ♬ оригинальный звук – Dina Tolepbergen

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Абхазияда халық наразылығынан соң президент Аслан Бжания отставкаға кетті

Published

on

By

Өзін-өзі жариялаған Абхазия республикасының президенті Аслан Бжания мен премьер-министр Александра Анкваб оппозицияның қысымымен отставкаға кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Эхо Кавказа” сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: abkhaz-auto.ru

Аслан Бжания билік пен оппозиция арасындағы көп сағаттық келіссөздерден кейін қызметінен кетті. 

“Елдегі тұрақтылық пен конституциялық құрылысты сақтау үшін Абхазия республикасы Конституциясының 65-бабына сәйкес мен Абхазия республикасының президенті қызметінен кету туралы өтінішімді беремін”, – делінген Бжания қол қойған құжатта. 

Тараптар қол қойған келісімге сәйкес, Бжания отставкаға кету туралы өтініш береді. Ал оппозиция жақтастары наразылықтар кезінде басып алған үкіметтік ғимараттар кешенін тастап кетеді. Осы тармақты орындамаған жағдайда Бжания отставкаға кету туралы өтінішін қайтарып алады.

Бұған дейін келісімге қол қойғандардың бірі “Абхаз халықтық қозғалысы” ұйымының жетекшісі Адгур Ардзинба келіссөздер нәтижесінде Бжания отставкаға кетуге келіскенін айтты. 

Абхазия парламенті Бжанияның отставкаға кетуін 19 қарашада қарайды. Вице-президент Бадра Гунба мемлекет басшысы ретінде әрекет етеді. Абхазия парламентінің бұрынғы төрағасы Валерий Бганба премьер-министр болып тағайындалды. 

“Қазіргі министрлер Абхазия республикасының жаңадан сайланған президенті қызметіне кіріскенге дейін өз міндеттерін атқарады”, – делінген құжатта.

Бұған дейін Бжания отставкаға кетуден бас тартып, президенттік сайлауға қатысуды жоспарлап отырғанын айтқан еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, 15 қарашада Ресеймен инвестициялық келісімге наразылық танытқандар парламент маңындағы қоршауды бұзып, оның аумағына енген еді. Кешке қарай олар президент әкімшілігі орналасқан ғимаратқа баса-көктеп кірген.

Шабуыл алдында шерушілер дуалдың бір бөлігін бұзып, парламент аумағына басып кірген кезде наразылық білдірушілер мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс басталған. Шерушілер полиция қызметкерлеріне жұмыртқа мен бөтелке лақтырған.

Қауіпсіздік күштері шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған.

Сухуми мен Мәскеу арасындағы инвестициялық келісім жобасына сәйкес, ресейлік компаниялар өздерінің инвестициялық жобаларын мойындалмаған республика аумағында жүзеге асыра алады. Тараптар оған 2024 жылдың қазан айының соңында қол қойды. Құжат күшіне ену үшін ратификациялануы керек. Оны депутаттар 15 қарашада қарауы керек еді. Бірақ парламент күн тәртібін бекітпей, сессия өткізілмей қалды.

Абхазия (Кеңес дәуірінде Грузия құрамындағы автономиялық республика) 1993 жылы Грузиямен соғыстан кейін тәуелсіздігін жариялады. Ол кезде Грузия да, әлемнің басқа мемлекеттері де Абхазияның тәуелсіздігін мойындаған жоқ.

2008 жылы бес күнге созылған Ресей-Грузия соғысынан кейін аймақтың тәуелсіздігін Ресей және тағы төрт мемлекет: Венесуэла, Науру, Никарагуа және Сирия мойындады.

Грузия сепаратистік Абхазия мен Оңтүстік Осетия аумақтарын Ресей басып алған деп санайды. Сондай-ақ Ресейді елдің аумақтық тұтастығын бұзды деп айыптайды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Енді мектеп асханасына қызметкер іріктеуде талаптарды бұзған әкімшілік жауапқа тартылады

Published

on

By

Фото: pexels.com

Оқу-ағарту министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп еліміздегі мектеп асханаларының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне мониторинг жүргізді. Республикалық мониторингтің қорытындылары туралы Ғани Бейсембаев баяндады.

“Республикалық мониторинг қорытындысы мектептегі тамақтандырудың ұйымдастырылу сапасына қатысты сұрақтардың туындауы атқарушы органдар тарапынан әлі де болса бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетті. Сондай-ақ мұны заңнама талаптарының бұзылу фактілерінен де анық аңғаруға болады. Мониторинг тобы заң талаптарын бұзылуы бойынша 771 фактіні анықтады”, – деді Ғани Бейсембаев. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ Министрлік мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша кешенді бағалау жүргізді. Бағалау кезінде тамақтандыру сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелері, асханалардың қажетті материалдық-техникалық жабдықталуы, 1 оқушыға шаққандағы өңірлердегі тамақтану құны және ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері ескерілді. Нәтижесінде Жамбыл, Маңғыстау, Алматы, Атырау облыстарының және Шымкент қаласы әкімдіктерінің тарапынан мектептерде сапалы тамақтануды ұйымдастыруға тиісті деңгейде көңіл бөлінбегені анықталды.

Ғани Бейсембаев министрліктің мектепте тамақтандыру қызметтерін сатып алу кезінде өнім берушілерді іріктеу талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесін пысықтап жақанын айтты.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!