Connect with us

IN-THE-NEWS

Алматы облысында экс-әкім сотталса да, 9 ай бостандықта жүрген

Published

on

By

Алматы облысы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазов сотталса да, 9 ай бостандықта жүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: akimat-talgar.gov.kz

Сот алғашқы үкімін 2020 жылы шығарды. Сол кезде ол жергілікті белсенді Галина Арзамасоваға шабуыл жасағаны үшін жеті жылға сотталды. Екі жылдан кейін Аппазов санаторий-курорттық, су қорғау аймақтары мен суару желілерінен жер телімдерін беру кезінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп сотталды. Сот бірінші іс бойынша өтелмеген жазасын ескеріп, оны сегіз жылға бас бостандығынан айырды.

Сөйтсе Аппазов былтыр бостандыққа шыққан. 2023 жылдың қыркүйегінде Қонаевтың соты жазаны жеңілдету туралы өтінішті қанағаттандырған. Аппазов қалған жазасы үшін айыппұл төледі, бірақ оның мөлшері жарияланбады. Қадағалау органы жазаның үштен бірінен астамы өтелгенін, жақсы мінез-құлық танытқанын ескерген.

Алайда прокуратура сот шешімін бұзуды талап етіп, шағым түсірді. Апелляциялық сот оны ақпанда қолдап, қайтадан қамауды талап етті. Бірақ бұрынғы шенеунік колонияға оралмаған. Прокуратура 8 ақпанда сот бұйрығын орындау үшін Алматы облысының полиция департаментіне жібергенін атап өтті. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Кейін қадағалау органы Аппазовтың және тағы бірнеше сотталушының түрмеде отыруы керек болса да, жазасын өтемей жатқанын анықтады.

“10 қазан мен 4 қарашада арнайы прокуратура Алматы облысы бойынша ІІД және қылмыстық-түзету жүйесі департаментіне қызметкерлерді жауапкершілікке тарту және сотталғандарға іздеу жариялау туралы ұсыныс енгізді. Қылмыстық кодекстің 430-бабы бойынша сот актілерін орындалмағаны тіркелді”, – делінген хабарламада.

Алматы облысының полиция департаментіне қатысты сот актісін орындамау туралы іс материалдары ДП ішкі қауіпсіздік басқармасына берілді.

Аппазов 15 қарашада ұсталды. Әзірге ол уақытша ұстау изоляторында.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Астанада 55 жастағы мылқау әйел жыныстық құлдықта болған

Published

on

By

55 жастағы мүмкіндігі шектеулі әйел Қостанайдан Астанаға жасырын әкелініп, жұмысқа және жыныстық құлдыққа жегілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

Lider.kz іздеу-құтқару жасағы елорда бөлімінің жетекшісі Айзада Жүсіпова айтуынша келіншек пансионатта құлдыққа жегілген. 

“Екі жыл бұрын мынандай жағдай болды. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың есебінде тұрған 55 жастағы әйел (мылқау) Шұбар шағын ауданындағы “Забота” пансионатында күні-түні жұмысқа жегілген. Онда мүмкіндігі шектеулі, өздігінен жүріп-тұра алмайтын адамдар да мекен етеді, солардың дәретін тазалатқан. Сондай-ақ бұл әйелдің мүгедек екенін, мүлде сөйлей алмайтынын пайдаланып жыныстық құлдыққа да салған. Біз ол әйелді тауып алып, полицияға тапсырдық. Арада екі ай өткен соң прокуратура хабарласып, ол әйелдің Қостанайдан Астанаға жасырын әкелінгенін, құжаттары қолдан жасалғанын мәлімдеді”, – деді Айзада Жүсіпова.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Іздеу-құтқару жасағы жетекшісінің айтуынша, мылқау әйелді құлдыққа салғандар — әйел адам мен оның қызы. Олар сол “Забота” пансионатында жұмыс істеген. Айзада Жүсіпова мұндай жағдайда еріктілер ұйымы тек жоғалған адамды тауып, құқық қорғау органдарына табыстайтынын, ары қарайғы іс олардың құзіретіне жатпайтынын атап өтті. 

Сондай-ақ ол Орталық Азия елдері ішінде жақынын іздеп хабарласатындардың көбі Тәжікстан мен Өзбекстаннан екенін айтты.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда декларацияны кімдер тапсырады

Published

on

By

Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Дина Құсайынқызы декларация тапсырудан босатылған қазақстандықтардың санаттарын атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: pixabay.com

Дина Құсайынқызының айтуынша, төменде аталған Қазақстан азаматтары декларация тапсырудан босатылады.

“Қазақстаннан тыс жерде жылжымайтын мүлкі мен көлігі, шетел банктеріндегі банктік шоттарында 1000 АЕК көлемінде ақшасы жоқ Қазақстан азаматтары активтері мен міндеттемелері туралы кіріс декларациясын тапсырудан және декларациялаудан босатылады”, – деді Дина Құсайынқызы. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ ол декларация тапсыратындарды да атап өтті. Басқарма басшысы биыл АЕК мөлшері 3 692 теңгеге тең екенін атап өтті. Яғни, шетелде 3,7 миллион теңгеден аса ақшасы бар Қазақстан азаматтарының декларация тапсыруға міндетті екенін айтты.

“Шетелде инвестициялық бағалы металдар, шетелдік компанияларда үлесі болса, тұрғын үй құрылысына қатысты үлесі болса, бағалы қағаздары, туынды қаржы құралдары, брокерлік шоттарында ақшасы, зияткерлік меншігі, авторлық құқық пен цифрлық активтері, Парламенттік кредиторлық берешегі, құны 1000 АЕК-тен асатын мүлкі бар кез келген адам кіріс декларациясын тапсыруы қажет. Қалғандары декларациядан босатылады”, – деді мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі.

Тоқаев азаматтардың табысын жаппай декларациялаудың қаншалықты орынды екенін ойлануды тапсырды Қазақстанда жалпыға бірдей декларацияның күшін жою немесе кейінге қалдыру туралы петиция жарияланды

Бұған дейін қазақстандықтардың келесі жылы жалпыға бірдей декларациядан босатылатыны туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

“Өзенмұнайгаз” басшысы ереуілге шыққан жұмысшыны ұрып-соғатынын айтып, қорқытқан видеосы таралды

Published

on

By

Әлеуметтік желіде “Өзенмұнайгаз” акционерлік қоғамының бас директоры Жанболат Амангелдіұлы Саймағанбетов барлық ереуілшілердің көзінше жұмысшыны ұрып-соғамын деп ашық айтқан видеосы таралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: 1. Видеодан скрин / 2. Оzen.kz

Видеода компания басшысы Жанболат Амангелдіұлы Саймағанбетовтің шеруге жиналғандардың алдына шығып, сол жердегі қызметкерлердің біріне балағат сөз айтқаны естіледі. Ол жұмысшыны жеке шығып сөйлесуге шақырып, сес көрсеткен. 

“Жігіттер, қазір бұл жерге “Өзенмұнайгаздың” директоры ретінде емес, Жаңаөзеннің тұрғыны ретінде алдарыңа келіп тұрмын. Сенің басың айналды ма, не болды? Екеуміз қазір қарапайым жұмысшы ретінде сөйлесеміз. Біреуіңде араласпаңдар. Қазір мұның осы жерде жанын шығарамын, .… таяқ жейді. Жігіттер, кімнің артынан еріп жүргендеріңді тыңдаңдар. Бұл өткенде келіп менен ақша сұрады. Бірде былай, бірде басқаша сөйлеп, құбылып жатыр. Менде барлық дәлел бар. Сені соттайды, білесің бе? Мұнымен қоймай бастығынан келіп ақша сұрайды. Өткенде үйде 20 күн жатқанда күртеше сұрадың. Басқа жаққа барып жағынасың, мұнда келіп басқа нәрсе айтып тұрсың. Тексеріп кел деген нәрсені дұрыс түсінбей, керек емес дүниені басыңа іліп аласың”, – деп сөйледі компания басшысы.

Редакция компаниядан басшысының бұлай айтуына не себеп болғанын және шеруге шыққан қызметкерлердің басты талабы не екенін сұрады. Алдағы уақытта кәсіпорын жауап береміз деп сендірді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 

Бұған дейін ереуілге шыққан “Өзенмұнайгаз” қызметкерлері зейнеткерлердің балалары мен денсаулығынан айырылғандардың балаларын жұмысқа алуды, Жаңаөзендегі жұмыссыздықты шешуді және 2013 жылғы ұжымдық келісімдегі тәуелсіз еңбекақы жүйесіне қайта оралу мен жүргізушілер мен операторлардың мәртебесін көтеруді талап етті.

Сонымен қатар олар тәуелсіз еңбекақы жүйесіне көшсе, жалақының көтерілуіне сенімді. Бірақ “Өзенмұнайгаз” басшылығы бұл талаптарды заңсыз деп танып, келіссөздер жүргізіп жатыр. Ереуілшілердің жанайқайы 7 айдан бері ескерілмеген. 13 қарашада басқа үш кәсіпорынның жұмысшылары оларды қолдап, ереуілге шықты. Компания барлық талаптарды заң аясында қарастырып жатырмыз деп уәде берген.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!