Connect with us

IN-THE-NEWS

Ақмола облысында бұрынғы мешіттегі жарылыстың себебі анықталды

Published

on

By

Ақмола облысындағы бұрынғы ауыл мешітінде жарылыс болып, 3 адам қаза тапты. Оның ішінде екі ересек және 10 жастағы бала бар. Полиция жарылыстың себебін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Отбасы түстің кезінде газ баллондарын пайдаланып, марқұмды еске алып, дастархан дайындап жатқан. Олар аязда тұрған газ баллонын жылы үйге кіргізген. Жойқын жарылысқа осы жағдай себеп болған.

Жарылыс салдарынан 16 адам жарақат алды. 

“Газ баллонын ыстық жерге кіргізгеннен ондағы қысымжоғарылып, газ көлемі ұлғайған. Жарылысқа да сол себеп болған. Бұл газ баллонын 1985 жылдан бері пайдаланып келеді, ал газ баллондарын қолдану мерзімі 30 жыл. Яғни бұл газ баллонын пайдалану мерзімі 2015 жылы өткіп кеткен”, – дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Қайғылы жағдай тұрғындар құдай тамақ беретін Сабынды ауылының бұрынғы мешітінде болған. Осыдан 25 жыл бұрын дүниеден өткен отағасына берген асқа әулеттің жақындары жиналған. Түнгі сағат бір жарым шамасында бауырсақ, басқа да тағамдар пісіріліп жатқан асханада жарылыс болған. Үйінді астынан 46 жастағы ер адам мен 41 жастағы әйелдің мәйіті шығарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар ерлі-зайыпты. Қарағандыдан жиынға келген 10 жасар бала да үйінді астында мерт болды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Ғимарат толығымен қирады. Үйінді астынан алты газ баллоны шығарылды. Астанадағы ауруханаға зардап шеккен 16 адам жеткізілді. 13 пен 16 жас аралығындағы үш баланың жағдайы ауыр. Олардың денесінің 40 пайызын күйік шалған. Алты ересек адам да жансақтау бөліміне жатқызылды.

“Жансақтау бөлімінде жатқан алты науқастың төртеуі ем қабылдады. Жағдайы тұрақталған соң мамандандырылған бөлімшеге ауыстырылды. Тағы екі әйел жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы ауыр. Қазір 11 науқас мамандандырылған бөлімшеде, қажетті ем-дом қабылдап жатыр. Олардың жағдайы орташа және ауырға деп бағаланып отыр”, – дейді Астана қаласының №1 көпсалалы қалалық ауруханасы директорының орынбасары Жеңісбек Бапанов.

Дәрігердің айтуынша, барлық 13 науқастың бас терісі, беті, аяқ-қолы күйіп қалған.

Бұған дейін Астанада тұрғын үй өртеніп, төрт бала қаза тапқан еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қызылорда облысында үлестерін ала алмай жүрген шаруалар ауыл әкіміне шүйлікті

Published

on

By

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында жер дауы ушықты. Жүздеген тұрғын күріш егумен айналысатын қожалықтағы жер үлестерін ала алмай жүр. Айтуларынша, шаруашылықтың төрағасы түскен пайданы не халықпен бөліспейді, не ауылға жағдай жасамайды. жерге өнім еккен халық аудан әкімі бізге кедергі келтіріп отыр дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Жер үлестеріне қол жеткізе алмай жүрген ІІІ Интернационал ауылының тұрғындары наразылыққа шықты. Айтуларынша, “Достық жер МК” қожалығына үш жыл бұрын төраға келгелі халықтың жағдайы қиындаған. Олар басшының күріштен түскен пайданы өз жақындарына береді дейді. Сондай-ақ егіншілерге соңғы айлардың жалақысы да төленбеген көрінеді.

“Адамның құқығын  таптайтын мұндай бастықтарды бұған дейін көрген жоқпын. Өзінің туыстарына ғана құрмет көрсетеді. Басқалар сияқты бір сиырды ұстауға халіміз жоқ. Дивиденд дегенді көрген жоқпыз”, – деді үлескер Ақшагүл Созақбаева.

200-ден астам үлескер өздеріне тиесілі мыңнан астам гектар алқапты қайтарып алу үшін заңға сәйкес барлық құжатын рәсімдеп қойған. Енді тек аудан әкімі жерді бөліп беру туралы қаулы шығару керек. Алайда шенеунік бұл мәселені созып келеді дейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қазір енді біздің жерді бөліп алу туралы қағаз аудан әкімінде тұр. Бірақ аудан әкіміне барсақ, “төрағаға бар” дейді. Төраға инвесторға жібереді. Инвестор облысқа жібереді. Облыс қайтадан аудан деп халық кәдімгі футбол добы болды. Біз түбіне жете алмай жатырмыз”, – деді үлескер Алтай Мұсаханов. 

Ал жауаптылар құжаттарды егжей-тегжейлі тексеріп жатқандарын айтты.

“Басшылық тарапынан шаруашылық төрағаларын шақырып сөйлестірдік. Енді ол жақтың “Достық жер МК” шаруашылығының келісім парағы керек. Бұл жағдай бізде бақылауда тұр. Құзырлы органдардың бақылауында тұрі. Ол жерде ешқандай мәселе болады деп ойламаймыз. 19 қарашаға дейін заңдылық мерзіміміз бар”, – деп мәлімдеді Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әсет Омаров.

Үлескерлер аудан басшылары жерімізді қайтармас үшін әр нәрсені сылтау етіп отыр деп күдіктенеді. Өйткені шенеуніктер “үлестеріңді аласыңдар” деген былтырғы уәдесі де орындалмады дейді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

"Сөмке емес, сауап жина": Ерке Есмахан өзін сынаған оқырманына ашуланды

Published

on

By

Танымал әнші Ерке Есмахан өзін сынаған оқырманына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

. Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/ 

Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді.

Кезекті оқырманы жолдаған сауал-өтініш оның ашуына тиді. Желі қолданушысы әншіге “Сөмке емес, сауап жинасаңызшы. Маған көмектесіңіз” деп жазған.

“Құдай-ау, осылардың өмір сүруі маған міндет екен. Жазып отырған – ер адам. Менен сұрағанша тұрыңыз да, жұмыс жасаңыз. Әлеуметтік желіде неғып отырсыз? Ер адамның екі қолына жұмыс табылады. Сосын менің сауабымның қанша екенін қайдан біліп отырсыз? Сауабым сөмкемнен млн есе көп шығар?! Оны білуші – тек Алла. Дүниемен шектелмей, кеңірек ойланып үйренейік. Түсінген адамға баршылық та, жоқшылық та сынақ қой бұл өмірде”, – деп жауап берді өнер иесі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Үйіме келіп, жылап отыратын”: Баян Мақсатқызы шәкірті Ерке Есмаханның қиналған сәтін есіне алды

“Таппағанымды шетелден алдырдым”: Ерке Есмахан күйеуінің берген сыйлықтарын көрсетті

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Енді қазақстандық мектептерде тамақтандыру сапасына күнделікті тексеріс жүргізіледі

Published

on

By

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық білім беру ұйымдарында тамақтандыру сапасына күнделікті мониторинг жүргізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ura.ru

Министрдің айтуынша, 2024 жылы тиісті нормативтік құқықтық талаптар күшейтілді. Білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру стандарттары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес қайта қаралды.



“Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында күнделікті мониторинг енгізілді. Мектеп аспаздарының біліктілігіне, олардың білімі мен еңбек өтіліне қойылатын талаптар күшейтілді. Өнім берушілердің қызметін бастамас бұрын санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы туралы шарт бекітілді. Сондай-ақ ас блогына бейнебақылау орнату міндеттелді”, – деді министр.

Министр Ғани Бейсембаев “Әлеуметтік әмиян” жобасы аясында тегін тамақ алатын балаларды автоматтандырылған түрде есепке алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты әзірленді. Оны 2025 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып  отыр”, – деді министр. 

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улануынан соң енді Қазақстанның өзге аймақтарында мектеп асханаларына тексеру жүргізіліп жатқаны туралы айтылған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!