Connect with us

IN-THE-NEWS

Ақтауда 1 жасар бала ваннаға шомылу кезінде көз жұмды

Published

on

By

Ақтауда 1 жасар бала ваннаға шомылу кезінде көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қайғылы оқиға 4 қараша күні Ақтау қаласында болған. 

Ақпаратты Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі растады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Өлімнің себептері әлі белгісіз.

“29-шы шағын аудандағы №3 үйден 4 қараша күні сағат 22:38-де бір жасар баланың жағдайына байланысты қоңырау түскен. Шамамен 15-20 минут бұрын бала су толтырылған ваннада шомылған. Сәби жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған”, – делінген Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Еске салсақ, осыған дейін Астанадағы мектептердің бірінде мейіргер 8 жасар оқушыға 8 дана антибиотикті қинап ішкізгенін жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Оқу-ағарту министрлігі блогерлерден жарнама сатып алмақ

Published

on

By

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы жұмысшы мамандықтарын жарнамалау үшін блогерлердің қызметіне жүгінбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: istockphoto.com

Министрлік жұмысшы мамандықтарының имиджін жақсарту үшін Қазақстандағы блогерлер мен мобилографтарды қолданбақ. Олар Instagram, TikTok және Facebook желілерінде “Жұмысшы мамандықтары жылы” және “Еңбек адамы” хэштегімен подкасттар мен бейнероликтер жасауға шақырылады.

Бұл президент Тоқаевтың 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп жариялауымен байланысты. 

Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылғы “жұмысшы мамандықтары жылын” өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын ұсынды. “Ашық НҚА” порталында “Жұмысшы мамандықтарының имиджін насихаттаудың 10 қадамы” ұсынылған құжат жарияланды. 

“#Жұмысшы мамандықтар жылы” хэштегімен экономиканың түрлі салаларындағы жұмысшылардың табыстары туралы танымал блогерлермен подкасттар түсіру. Экономиканың әртүрлі салаларындағы жұмысшы кәсіптері өкілдерінің жетістіктері туралы әңгімелейтін танымал блогерлердің қатысуымен подкасттар сериясы. “Instagram”, “Facebook” және басқа да танымал әлеуметтік желілерде “TikTok” форматында жұмыс мамандықтарының артықшылықтары мен мүмкіндіктерін ашатын посттар, онлайн челендждер мен роликтер дайындау”, – делінген құжатта.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Министрліктің мәліметінше, әрбір шығарылым өз саласында жетістікке жеткен белгілі бір адамның тарихына арналған болуы тиіс. 

“Блогерлер мен мобилографтар арасында “Еңбек адамы” үздік бейнесі үшін конкурс өткізу. Рилстар (Reels) арқылы қысқа бейнелер тарату арқылы жұмысшы кадрлардың оң имиджін құру және әлеуметтік желілерде ілгерілету”, – делінген құжат жобасында.

Оқу-ағарту министрлігі бұл іс-шаралардың барлығын республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды ұсынып отыр. Нақты сомалар әлі белгісіз.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандық блогерлер соңғы 9 айда 1,2 миллиард теңге салық төлегені туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Астанада пара дзюдодан Гран-При турнирі өтеді

Published

on

By

Астана қаласында 23-24 қараша күндері пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтеді.  Бұл  туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Елордамызда пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтіп, балуандар 10 салмақ дәрежесінде жүлдені сарапқа салынады. Жарыстың басты ерекшелігі салмақ дәрежелерінің өзгеруі болмақ. Ерлер енді 70, 81, 95 және +95 келіде, ал әйелдер 52, 60, 70 және +70 келіде жүлде үшін күреседі. Айтулы додаға 15 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан намысын Астана қаласының үш параспортшысы J1 санатында қорғайтын болады.

Олар:

Асылан Нұрдаулетов (73 кг); READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бауыржан Арыстанбеков (90 кг);

Ерболат Бекентаев (90 кг).

Айта кетейік, жарыстың ашылу салтанаты 23 қараша күні Beeline Arena спорт кешенінде сағат 15:00-де өтеді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда доллар 1000 теңгеге жетеді

Published

on

By

Қазақстандық экономист доллардың 1000 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Бұған дейін Қазақстандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 500 теңгеге жеткені туралы жазған едік. 

Отандық экономист Сәбит Рысбаев Facebook парақшасында ұлттық валютаның болашағына алаңдаушылық білдіріп, жазба жариялады. Оның пікірінше, алдағы уақытта теңгені кезекті ауыр девальвация күтіп тұр. Ол болжамдарында өткен тәжірибеге және әлемдегі қазіргі саяси-экономикалық оқиғаларға сүйенеді.

“Ресейдің Орталық банкісі өткен айда пайыздық ставканы 21%-ге көтерді. Ресейдің тарихында болмаған мұндай пайыз. Ипотекалық кредиттері 40%-дан асты. Ресей долларды ұстап тұру үшін мәжбүрлі түрде барды бұған. Желтоқсанда тағы да отырыс болады. Сол кезде 23%-ке шығарады екен деген сыбыс бар”, – дейді сарапшы өз жазбасында. 


“Теңгенің құлдырауына негіз жоқ”: Қаржы сарапшысы доллар бағамының өсуіне қатысты пікір білдірді READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Экономист теңгенің бағамы ресейлік рубльге тығыз байланысты екенін атап өтті. 

“Ресейде 1998-де девальвация болды. Рубль 4 есе құнсызданды. Қазақстанда 1999-да президенттік сайлау өтті. Артынан теңге 2 есе құнсызданды. Ресейде 2014-те рубль 1 түнде 2 есе құнсызданды. Қазақстанда 2015-те сайлау өтті. Артынан теңге құнсызданды. Ресейдегі рубльге күніміз қарап отыр. Одан бері түрлі одақтарға кіріп алдық. Алда бізге де оңай болайын деп тұрған жоқ. Айдың күннің аманында Ұлттық банк теңгені ұстай алмауда. Ертең рубль тағы да 2-3 есе құнсызданса, Қазақстанда доллар 1000-нан асады”, – делінген жазбада. 

Еске салсақ, бұған дейін мамандар доллар құнының не себепті шарықтап кеткенін түсіндірген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!