Connect with us

IN-THE-NEWS

Сауда министрі бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы шыққандар туралы пікір білдірді

Published

on

By

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуінің қарсыластарына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Министрдің айтуынша, бұл тұлғалардың арнайы білімі жоқ және ұзақ мерзімді келеңсіз салдарын түсінбейді.

“Арнайы білімі жоқтар әлеуметтік желілерде өздерінің күнделікті қажеттілігі үшін дауласып, жеке гипотезалар мен болжамдар жасайды. Сонымен бірге азаматтардың экономикасы мен денсаулығына ұзақ мерзімді келеңсіз салдарлар әкелетінін түсінбейді. Өтінішті қарау жөніндегі жұмыс тобы денсаулық пен экономикаға теріс әсер ететін себеп-салдарлық байланыстарды анықтаған жоқ”, – деді Шаққалиев үкімет отырысында.



Министрдің айтуынша, өтінішті қарау нәтижесінде стандартты уақыт белдеуіне барынша бейімделу үшін жағдай жасауға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.

“Осылайша, уақыт белдеуін өзгерту туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орынды”, – деді министр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ол қараңғыда сабақтан қайтатын оқушылардың жағдайына пікір білдірді.

“Төрт баланың әкесі ретінде мен балаларымды өзім алып кетемін. Екінші ауысым 19:05-те аяқталады. Былтыр да ондай уақытта қараңғы болатын. Өткен жылы да, биыл да кесте өзгерген жоқ. Балаларды алып кетіп жүргендіктен, оны білемін”, – деді сауда министрі.

Шенеунік балаларының таңертең еш қиындықсыз тұратынын айтты.

“Көптеген ата-аналар мына жақсы жайтты атап өтеді. Уақыт ауысқалы балалардың ұйқысы қанады. Біз оларға таңғы уақытты бердік, көбірек ұйықтауға және жарық болған кезде мектепке баруға мүмкіндік бердік. Жақсы жағын да байқау керек”, – деді ол.

Бұған дейін үкіметте Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі туралы соңғы шешім қабылданды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстан мобильді интернеті ең арзан он елдің қатарында

Published

on

By

MoneySuperMarket басылымының деректеріне сай Қазақстан мобильді интернеті ең арзан 10 елдің қатарына енді. Қазақстанда бір гигабайт мобильді интернеттің орташа құны 0,59 доллар (294 теңге) екен.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Әртүрлі халықаралық талдау агенттіктерінің мәліметтерінше, көптеген жылдар бойы еліміз арзан мобильді интернет бойынша көшбасшы орындарда тұрды.

MoneySuperMarket рейтингінде Қазақстан Беларусь (13-ші орын), Түркия (17-ші орын), Өзбекстан (20-шы орын), Қытай (23-ші орын), Армения (29-шы орын), Әзірбайжан (75-ші орын) және басқа да елдерді артта қалдырды.

Ал Қазақстаннан бөлек интернет құны ең арзан 10 елдің қатарына Израиль, Қырғызстан, Италия, Бангладеш, Пәкістан, Шри-Ланка, Үндістан, Индонезия және Франция кірді.

Өз кезегінде мобильді интернеті ең қымбат елдер ондығына Швейцария, Замбия, Жаңа Зеландия, Андорра, Сейшел аралдары, Канада, Оңтүстік Корея, БАӘ, Багам аралдары және Норвегия кіреді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазақстан тұрғындары үшін 20 ГБ мобильді интернет – 11,8 АҚШ доллар (шамамен 5800 теңге). Сондай-ақ неғұрлым арзан тарифтік ұсыныстар мен қызметтер пакетін табуға болады.

Ал АҚШ-та тұрғындар үшін дәл осы 20 ГБ мобильді интернет 105,4 АҚШ доллар, Норвегияда — 106,6 АҚШ доллар, БАӘ-де — 115,2 АҚШ доллар, Оңтүстік Кореяда — 119,6 АҚШ доллар, Жаңа Зеландияда — 133,6 доллар, Швейцарияда — 142,4 доллар. Яғни 10 есе көп.

Жыл сайын мобильді байланыс операторлары саланы дамытуға теңдессіз инвестиция салып жатыр.

2024 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша ғана байланыс секторындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар бір жылда 74,4% — 215,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Ал жалпы 2023 жылдың қорытындысы бойынша сектордағы капитал салымы 2,5 еседен астамға өсті. Бұдан бөлек, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеген деректер бойынша базалық станциялар құрылысына салынған инвестиция көлемі шамамен 500 млн долларға тең. Бұл қаражат байланыс сапасын жақсартуға және елдегі, соның ішінде шалғай өңірлердегі интернетке қолжетімділікті кеңейтуге жіберілді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

“Жаным баклажаным” лақап атымен танылған блогер мәлімдеме жасады

Published

on

By

Әлеуметтік желіде “Жаным баклажаным” лақап атымен танылған Айдын Тоқсанбаева экс-жұбайымен болған дауды жайып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/photos240162583

Блогердің сөзінше, жанжалға себепкер болған ұлының басқа елдерге саяхаттау үшін әкесінің рұқсат қағазы керек көрінеді. 

“Шетелде жүрген адам ғана түсінер. Сонша жүріп барлық құжатты бітірдім дегенде сенің өміріңде жоқ адамның рұқсат қағазын сұрайтынын білмедім. Елден кеткенімізге екі жыл болып еді. Сонша күйіп, пісіп, ашуланып, иттік жасап, ақыры ұтылдым. Бір жапырақ әке сымақтың рұқсатын ала алмағандықтан бір балам АҚШ-тан басқа елге шыға алмайтын болды. Тіпті, Қазақстанға бара алмайтынын түсінбейді. Құжат үшін бұрынғыны еске алып, біреудін жырын жариялау – оңбағандық. Бірақ үміт болды. Өмір сүруді жалғастырамыз. Ұлым 14 жасқа келгенде не үшін шетелге шыға алмайтынын түсіндірермін”, – деп жазды блогер. 



Еске салайық, үш баланы бауырына басып, АҚШ-қа қоныс аударған блогер “Құжа бойынша үш баланы туған – мен” деп халыққа үндеу жасаған еді.   READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бұған дейін, блогердің шетелдік күйеуі төрт баласын түсінде көргенін жазған едік. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Әлемнің ең үздік балуандары Астанадағы турнирде бақ сынайды

Published

on

By

Астанада әлемнің үздік балуандарының қатысуымен еркін күрестен Wrestling Stars халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Осымен үшінші рет өтетін дәстүрлі турнирге еркін күрестен еліміздің ғана емес, әлемнің ең үздік балуандары қатысады. Қазақстандық балуандардың ішінен Азия чемпионы Санжар Досжанов, ел чемпионы Мейіржан Әшіров және үш дүркін Азия чемпионы Азамат Дәулетбеков қатысады. Дәулетбеков кадеттер және жастар арасында әлем чемпионы атанып, әйгілі Ярыгин турнирінде топ жарған Алан Багаевпен белдеседі. Сондай-ақ, әлемдік күрес жұлдызы, екі дүркін әлем чемпионы Франк Чамизо да жарысқа қатыспақ. 

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, бұған дейін ірі халықаралық турнир Ақтөбе және Астана қалаларында ұйымдастырылған еді. Негізі үшінші турнир Тараз қаласында өтуі керек еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!