Connect with us

IN-THE-NEWS

Тоқаев Сербия президентіне Алматының апортын сыйға тартты

Published

on

By

Сербия президенті Александр Вучич Белградқа мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты ықыласпен күтіп алғаны туралы жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: Ақорда

Александр Вучич әлеуметтік желідегі парақшасында мемлекет басшысының құрметіне кешкі ас берілгені туралы жазды. Тоқаев Сербия президентіне Алматының апортын сыйға тартқан.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ Сербияның достас елдерге құшағы әрдайым ашық әрі бүгінгі кеш соның тағы бір дәлелі екенін атап өтті.

Тоқаев азаматтардың табысын жаппай декларациялаудың қаншалықты орынды екенін ойлануды тапсырды Әлеуметтік желілердегі “әдемі өмірдің” жарнамасы жастарға зиянын тигізеді – Тоқаев

Бұған дейін Тоқаев жұмыс сапарымен Бакуге барған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Енді мектеп асханасына қызметкер іріктеуде талаптарды бұзған әкімшілік жауапқа тартылады

Published

on

By

Фото: pexels.com

Оқу-ағарту министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп еліміздегі мектеп асханаларының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне мониторинг жүргізді. Республикалық мониторингтің қорытындылары туралы Ғани Бейсембаев баяндады.

“Республикалық мониторинг қорытындысы мектептегі тамақтандырудың ұйымдастырылу сапасына қатысты сұрақтардың туындауы атқарушы органдар тарапынан әлі де болса бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетті. Сондай-ақ мұны заңнама талаптарының бұзылу фактілерінен де анық аңғаруға болады. Мониторинг тобы заң талаптарын бұзылуы бойынша 771 фактіні анықтады”, – деді Ғани Бейсембаев. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ Министрлік мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша кешенді бағалау жүргізді. Бағалау кезінде тамақтандыру сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелері, асханалардың қажетті материалдық-техникалық жабдықталуы, 1 оқушыға шаққандағы өңірлердегі тамақтану құны және ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері ескерілді. Нәтижесінде Жамбыл, Маңғыстау, Алматы, Атырау облыстарының және Шымкент қаласы әкімдіктерінің тарапынан мектептерде сапалы тамақтануды ұйымдастыруға тиісті деңгейде көңіл бөлінбегені анықталды.

Ғани Бейсембаев министрліктің мектепте тамақтандыру қызметтерін сатып алу кезінде өнім берушілерді іріктеу талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесін пысықтап жақанын айтты.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Украина ATACMS зымырандарын пайдаланса, Ресей АҚШ-ты соғысқа тікелей қатысты деп есептейді – Ресей СІМ

Published

on

By

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға ATACMS зымырандарын Ресей аумағында қолдануға рұқсат берген еді. Аталған ақпаратқа Ресейдің Сыртқы істер министрлігі жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mid.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: russiancouncil.ru

АҚШ Украинаға Ресейге қарсы ATACMS зымырандарын, ал Франция мен Ұлыбританияға SCALP және STORM SHADO зымырандарын қолдануға рұқсат берген еді. Ал Ресейдің Сыртқы істер министрлігі бұл рас болса, Мәскеудің жауабы “адекватты және нақты” болатынын айтты. 

“Киевтің біздің аумаққа шабуыл жасау үшін алыс қашықтықтағы зымырандарды қолдануы АҚШ пен оның жер серіктерінің Ресейге қарсы соғыс қимылдарына тікелей қатысуы, қақтығыстың мәні мен сипатын түбегейлі өзгертуді білдіреді. Бұл жағдайда Ресейдің жауабы барабар және нақты болады”, – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова.

Айта кетейік, 18 қарашада Джо Байден Киевке америкалық ATACMS зымырандарын Ресейге соққы беру үшін пайдалануға рұқсат бергенін хабарлаған еді. Артынша Франция мен Ұлыбритания да Украинаға Ресей федерациясына қарсы Storm Shadow және SCALP зымырандарын атуға рұқсат бергенін жазған. Бұл ақпарат кейін басылымнан алынып тасталған. 

Вашингтон ATACMS зымырандық соққыларына рұқсат бергенін растаған жоқ. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Франция Сыртқы істер министрлігі де мәлімдемесін жоққа шығарды. Ал Ұлыбритания Сыртқы істер министрі ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты.

Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеуге шабуыл жасайтын болса алдын ала ескертпейтінін айтты. 

Еуропа дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель АҚШ-тың рұқсат бергені туралы ақпаратты растады. Оның айтуынша, Байден әкімшілігі өзінің қаруын Ресей территориясында 300 шақырымға дейін пайдалануға рұқсат берді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Үкіметте Қазақстандағы біртұтас уақыт белдеуі туралы соңғы шешім қабылданды

Published

on

By

Үкімет 19 қаңтарда “Уақытты есептеу тәртібі туралы” қаулыға өзгеріс енгізу арқылы, ел аумағында 5-ші сағат белдеуін қолдану туралы шешім қабылдады. Бұл шешім – Қостанай және Қызылорда облыстары азаматтарының бірнеше жыл бойы осы мәселені көтерген көп теген өтініштерін ескере отырып қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com

Шешім қабылдау кезінде Парламент депутаттары, мемлекеттік және жергілікті органдардың өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, институттар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері секілді 60 адамнан тұратын уақытты есептеу тәртібі бойынша арнайы құрылған Ведомствоаралық жұмыс тобының баяндамасында көрсетілген ғылыми негізделген дәлелдер пайдаланылды.

Табиғи уақытты қолдаушылардың халықаралық альянсы (IANT) Қазақстанның орталық және шығыс аймақтары үшін географиялық бойлыққа сәйкес келетін және оңтайлы шешім болатын UTC+5 уақыт белдеуін белгілеу туралы Үкіметтің шешімін қолдады. Осылайша, UTC+5 – Қазақстан үшін жаңа уақыт белдеуі емес, тарихи негізделген уақытқа оралу болмақ.

“Бұл белдеу ел халқының 76%-дан астамы (15 миллион 240 мың адам) тұратын Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Шымкент, Семей және Павлодар қалаларын қоса алғанда 67,5-тен 82,5 градусқа дейінгі бойлықтарды қамтиды. Әлемдегі 195 елдің 117-сі стандартты уақыт белдеуіне мүмкіндігінше жақын географиялық уақытты таңдады. Өйткені адамның циркадиялық ырғағы табиғи күндізгі жарық циклімен синхрондалған”, – делінген хабарламада.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев еліміздің UTC+5 уақыт белдеуіне көшуінің артықшылықтары туралы айтты

Арман Шаққалиев бұл шешімнің ең оңтайлы екенін алға тартты.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қазақстаның көп аймағы бесінші сағат белдеуінде екеніне қарамастан, 1930-1931 жылы Қазақстанда UTC+6 декреттік уақытты пайдалану арқылы енгізілді. Жалпы кеңестік кезеңде Қазақстанда әміршіл-жоспарлы экономика мүддесіне сай табиғи сағат белдеуі бұйрықтық тәртіппен сегіз рет өзгертілді. Нәтижесінде біз Қазақстанда табиғи циклге сай келмейтін уақыт белдеуінде өмір сүрдік”, – дейді министр. 

Сондай-ақ премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет Қазақстанның қазіргі біртұтас уақыт белдеуін қолдайтынын айтты.

“Үкімет бұл шешімді қолдайды. Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіміз кездейсоқ емес. Логика мынада: бесінші сағаттық белдеу географиялық тұрғыдан ел аумағының көп бөлігін қамтиды. Сауда және ақпарат министрлігіне түсіндіру жұмыстарын нақтырақ жүргізуді тапсырамын”, – деді Олжас Бектенов.

2024 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Бұл шешімнен кейін қазақстандықтар бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды сұрап, петиция жариялады. Алайда Сауда министрлігі халықтың петициясын қабылдамады.

“Петицияны қараған жұмыс тобы тұрмыс-тіршіліктегі дәлелдерді зерттей отырып уақыттың денсаулық пен экономикаға теріс әсер ететін себеп-салдарлық байланыс таппады. Петицияны қарастырудың нәтижесінде, стандартты сағат белдеуіне максималды бейімделу жағдайларын жасауға бағытталған үәкілетті тиісті мемлекеттік органдарга айқын ұсыныстар мен тапсырмалар берілді”, – делінген хабарламада.

Осылайша Үкімет сағат белдеуін өзгерту туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан оңтайлы болады деген пікірде қалды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!