Connect with us

IN-THE-NEWS

Түркістан облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты

Published

on

By

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты орын алып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

. Фото: Видеодан скрин

Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі мен үш жолаушы қаза тапқан. 

Қазақстанда сақтандыру компаниялары жол апатында қаза тапқан адамдардың мұрагерлеріне өтемақы төлеуге міндеттелмек Алматыда автобус пен жүк көлігі соқтығысты (видео) READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“ВАЗ көлігінің Volvo жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы қаза тапты”, – делінген хабарламада. 

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан көлік жол жиегіне шығып кетіп, жеті адам қаза тапқан еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстандағы инфляцияға байланысты мектептегі тамақтың бағасы өседі

Published

on

By

Еліміздегі инфляция деңгейін ескере отырып әкімдіктерді жыл соңына дейін мектептегі тамақтардың бағасын көтеруге қаржы бөлуге міндеттеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Үкімет отырысы кезінде премьер-министр Олжас Бектенов бір баланың тамағы орташа есеппен 500 теңгеден аспайтынын айтты. 

“Облыс әкімдіктері инфляция деңгейін ескере отырып азық-түлік бағасын көтеруге қаржы бөлуі керек, мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін ерекше бақылауға алу керек”, – деді Олжас Бектенов.

Азық-түлік сапалы болу үшін және бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын көрсету үшін әкімдіктер жыл соңына дейін аппараттық-бағдарламалық жүйелерді орнатып, оларды “Әлеуметтік әмиян” ақпараттық жүйесін интеграциялауды қамтамасыз етуі қажет. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Премьер-министр білім және денсаулық сақтау министрліктерінің үйлестіру мен бақылаудың осалдығын атап өтті. Сондай-ақ әкімдіктердің мектеп асханаларын жаңарту және жабдықтау жұмыстарын жүргзібейтінін айтты.

“403 мектепте асхана жоқ, ондағы балалар талапқа сай ыстық тамақпен қамтылмаған. Биылғы жылдың соңына дейін өңірлер стандартты ұзақ мерзімді ас мәзірін қамтитын тамақтану стандартын қабылдауға міндетті. Бұл асханасы жоқ мектептерге де қатысты”, – деді премьер-министр.

Бұған дейін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев екі айдың ішінде мектеп асханаларында 771 заң бұзушылық анықталғанын айтқан еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Бірыңғай уақыт белдеуі үшін екі қазақстандық үкіметті сотқа берген

Published

on

By

Үкіметте өткен брифингте сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты екі шағым түскенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты екі сот ісі болған.

“Бір талап арызды қанағаттандырусыз қалдырған, себебі талапкер – шағым түсіре алмайтын тұлға. Ол петицияның авторы немесе өтініш берушісі болған жоқ. Ол қол қойған мүшелер атынан сотқа шағым түсірді. Тиісті процессуалдық сот шешімдері бар. Екінші талап қою үшін де процессуалдық негіздер болды, бірақ іс жүргізу болған жоқ”, – деді министр.

Өскемен тұрғыны Серікжан Ахметжанов Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі сотына үкіметке қарсы шағым түсіріп, уақытты өзгерту туралы шешімді заңсыз деп тану және күшін жоюды талап етті.

Ер адам өзі өскемендік заңгер екен. Ахметжановтың айтуынша, сотқа шағымдануының басты себебі – балаларының сабақтан үйге қараңғы уақытта түнде оралуы.

“Менің балаларым екінші ауысымда сабаққа 13:00-14:00-де барады, ал сабақ 19:30-да аяқталады. Ал Өскеменде негізі уақыт нақты уақыттан екі сағатқа артық. Яғни сағат 20:00 деп тұрса да, түнгі 22:00-де үйге келеді. Сосын кешкі ас ішіп, үй тапсырмаларын орындау керек”, – деді ол. 

Бүгінде ер адам балаларын мектептен өзі алып кетуге мәжбүр, өйткені ол олардың қауіпсіздігі үшін алаңдайды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Мен балаларды өзім алып кетуім керек, себебі біздің мектептің жанында қауіп болуы мүмкін , онда көптеген көліктер мен жолдарда шұңқырлар бар”, – деді тұрғын.

Ахметжановтың айтуынша, сағат белдеуінің өзгеруі азаматтарға айтарлықтай қолайсыздықтар туғызды. Осыған байланысты ол Қазақстан аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы 2000 жылғы үкімет қаулысының күшін жоюды талап етіп, сотқа жүгінген. Өскемендік тұрғынның айтуынша, уақытты өзгерту туралы қаулыда үкіметке осы нормативтік актіні қабылдау құзіретін беретін нақты заңға сілтеме жоқ.

“Құқықтық актілер туралы заңда заңға тәуелді актілер қабылданатын заң актілері нақты жазылуы керек деп көрсетілген, бірақ бұл қаулыда жоқ, бұл –заңбұзушылық”, – деді ол.

Өскемен тұрғынының айтуынша, қаулы тиісті заңды негізсіз қабылданған әрі халықтың пікірі ескерілмеген.

Адвокаттың айтуынша, сот азаматтық іс қозғап, оған сауда және интеграция министрлігі мен оның техникалық реттеу және метрология комитеті тартылған.

Бұған дейін үкіметте Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі туралы соңғы шешім қабылданды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда енді көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат берілмек

Published

on

By

Елімізде алдыңғы терезелерді қараңғылатуға енді рұқсат берілмек. Ол үшін жүргізушілер ақша төлейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Яндекс Карта

Көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылатуға қатысты ІІМ тыйымы әлі күшін жойған жоқ. Дегенмен әйнекті қараңғылауды заңдастыру талқыланып жатыр. Рұқсат құны жылына 400 мың теңге болуы мүмкін. Мұны мәжіліс депутаты Олжас Құспеков мәлімдеді. 

Оның сөзінше, терезені қараңғылатуға жүргізушілердің жартысы келіседі. Мәселен, Қазақстанда 5 миллионға жуық автокөлік тіркелген.

“Рұқсат берілген жағдайда 2,5 миллион көлік иесі осы қызметті пайдаланса, бұл бюджетке жылына 1 трлн теңгеге дейін пайда әкелуі мүмкін”, – деді депутат Құспеков.

Депутат көрші елдердегі тарифтерге мысал келтірді. Айтуынша, Қырғызстанда көлік әйнегін қараңғылау шамамен 415 мың теңге тұрады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қырғызстанда терезені қараңғылатуға рұқсат жылына шамамен 415 мың теңге тұрады. Қазақстанда өмір сүру деңгейі жоғары екенін ескерсек, бұдан төмен баға күтуге болмайды. Көлік әуесқойларының арасында қалтасы көтермейтіндер бар екені анық. Мүмкін, автокөлік класы бойынша сараланған тариф қолданылуы керек. Бірақ орташа есеппен алғанда сома бәрібір осы 400 мың теңгеден сәл артық немесе сәл аз болады. Қырғызстанда ай сайын төлеуге рұқсат береді. 400 мыңды 12 айға бөлсек, тариф қолжетімді”, – деді депутат.

Ол бұдан түскен пайданы жолдарды жөндеуге немесе жаңа мектептер мен ауруханалар салуға жұмсауға болады дейді.

Олжас Құспеков заңнамада және нормативтік құқықтық актілерде терезені қараңғылатуға тыйым салатын нормалар жоқ екенін айтты. Ресми рұқсат алу үшін ішкі істер министрлігінің шешімі жеткілікті. 

“Бүгінде ешқандай шектеулер мен тыйым салатын нормалар жоқ, тіпті ішкі істер министрлігінің жол қозғалысы туралы бұйрығында да жоқ. Бұл – өзіміз үшін қарастырылатын мемлекетаралық стандарт”, – деп атап өтті Құспеков.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда көліктердің алдыңғы терезесін қараңғылауға салынған тыйымды алып тастау қаралып жатқаны айтылды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!