Connect with us

IN-THE-NEWS

“Өзенмұнайгаз” басшысы ереуілге шыққан жұмысшыны ұрып-соғатынын айтып, қорқытқан видеосы таралды

Published

on

By

Әлеуметтік желіде “Өзенмұнайгаз” акционерлік қоғамының бас директоры Жанболат Амангелдіұлы Саймағанбетов барлық ереуілшілердің көзінше жұмысшыны ұрып-соғамын деп ашық айтқан видеосы таралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: 1. Видеодан скрин / 2. Оzen.kz

Видеода компания басшысы Жанболат Амангелдіұлы Саймағанбетовтің шеруге жиналғандардың алдына шығып, сол жердегі қызметкерлердің біріне балағат сөз айтқаны естіледі. Ол жұмысшыны жеке шығып сөйлесуге шақырып, сес көрсеткен. 

“Жігіттер, қазір бұл жерге “Өзенмұнайгаздың” директоры ретінде емес, Жаңаөзеннің тұрғыны ретінде алдарыңа келіп тұрмын. Сенің басың айналды ма, не болды? Екеуміз қазір қарапайым жұмысшы ретінде сөйлесеміз. Біреуіңде араласпаңдар. Қазір мұның осы жерде жанын шығарамын, .… таяқ жейді. Жігіттер, кімнің артынан еріп жүргендеріңді тыңдаңдар. Бұл өткенде келіп менен ақша сұрады. Бірде былай, бірде басқаша сөйлеп, құбылып жатыр. Менде барлық дәлел бар. Сені соттайды, білесің бе? Мұнымен қоймай бастығынан келіп ақша сұрайды. Өткенде үйде 20 күн жатқанда күртеше сұрадың. Басқа жаққа барып жағынасың, мұнда келіп басқа нәрсе айтып тұрсың. Тексеріп кел деген нәрсені дұрыс түсінбей, керек емес дүниені басыңа іліп аласың”, – деп сөйледі компания басшысы.

Редакция компаниядан басшысының бұлай айтуына не себеп болғанын және шеруге шыққан қызметкерлердің басты талабы не екенін сұрады. Алдағы уақытта кәсіпорын жауап береміз деп сендірді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 

Бұған дейін ереуілге шыққан “Өзенмұнайгаз” қызметкерлері зейнеткерлердің балалары мен денсаулығынан айырылғандардың балаларын жұмысқа алуды, Жаңаөзендегі жұмыссыздықты шешуді және 2013 жылғы ұжымдық келісімдегі тәуелсіз еңбекақы жүйесіне қайта оралу мен жүргізушілер мен операторлардың мәртебесін көтеруді талап етті.

Сонымен қатар олар тәуелсіз еңбекақы жүйесіне көшсе, жалақының көтерілуіне сенімді. Бірақ “Өзенмұнайгаз” басшылығы бұл талаптарды заңсыз деп танып, келіссөздер жүргізіп жатыр. Ереуілшілердің жанайқайы 7 айдан бері ескерілмеген. 13 қарашада басқа үш кәсіпорынның жұмысшылары оларды қолдап, ереуілге шықты. Компания барлық талаптарды заң аясында қарастырып жатырмыз деп уәде берген.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Петропавлдың екі тұрғыны чаттағы Қазақстан туралы әңгімелері үшін сотталды

Published

on

By

Петропавлда екі жергілікті тұрғын сепаратизм әрекеті үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттіні хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Олар ғаламторда Қазақстан аумағының тұтастығын бұзуды насихаттаған. Бірақ сот кезінде күдіктілер өз сөздерінен бас тартты. 

Дегенмен, олардың кінәсі Instagram мен TikTok желілерінде жариялаған материалдар арқылы дәлелденді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Олар “Чат Рулетка” веб-сайтындағы YouTube видеохостингінде Қазақстан Республикасының тұтастығын, оның аумағына оның аумағына қол сұғылмаушылық пен бөлінбеушілікті насихаттағанын жоққа шығарды. Алайда әлеуметтік желілерде жарияланған жазбалар олардың кінәсін дәлелдеді”, — деді СҚО прокуратурасы.

Қараша айында соттың үкімі заңды күшіне енді. Сотталғандар жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болады.

2024 жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында ұлтаралық араздық пен сепаратизмді қоздырғаны үшін 14 адам 10 қылмыстық іс бойынша сотталды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Украина Ресейге ATACMS зымыранымен алғашқы шабуылын жасады

Published

on

By

Украина Ресейге америкалық ATACMS алыс қашықтықтағы зымыранымен соққы берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК-Украина басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: bereg-angary.ru

Басылым мәліметінше, әскерилер Брянск облысындағы оқ-дәрі қоймасына соққы берген.



“Шынында, ATACMS Ресей аумағына шабуыл жасау үшін алғаш рет қолданылды. Ереуіл Брянск облысындағы нысанға жасалып, сәтті соққы берілді”, – делінген басылымда. 

Түнде аймақта зымыран қаупі төніп, тұрғындар шабуыл туралы хабарламаларды әлеуметтік желіде таратқан. Видеодан өрттің жарқылын көріп, соққыдан кейін жарылған снарядтардың дыбысын естуге болады. 

Astra Telegram-арнасының хабарлауынша, облыс губернаторы Александр Богомаз зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеді.

Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы Брянск облысына жасалған шабуылдар туралы бұған дейін хабарлаған. Алайда, алыс қашықтыққа ұшатын зымырандар қолданылғанын айтпады. 

“19 қарашаға қараған түні Украина Қарулы Күштерінің бөлімшелері қорғаныс күштерінің басқа құрамдас бөліктерімен бірлесіп Брянск, Карачев қаласындағы логистикалық орталықтың 1046 арсеналына оқ жаудырды”, – делінген хабарламада. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, 18 қарашада Джо Байден Киевке америкалық ATACMS зымырандарын Ресейге соққы беру үшін пайдалануға рұқсат бергенін хабарлаған еді. Артынша Франция мен Ұлыбритания да Украинаға Ресей федерациясына қарсы Storm Shadow және SCALP зымырандарын атуға рұқсат бергенін жазған. Бұл ақпарат кейін басылымнан алынып тасталған. 

Вашингтон ATACMS зымыраны соққыларына рұқсат бергенін растаған жоқ.

Франция Сыртқы істер министрлігі де мәлімдемесін жоққа шығарды. Ал Ұлыбритания Сыртқы істер министрі ақпаратты түсіндіруден бас тартты.

Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеуге шабуыл жасаса, алдын ала ескертпейтінін айтты. 

Еуропа дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель АҚШ-тың рұқсат бергені туралы ақпаратты растады. Оның айтуынша, Байден әкімшілігі өзінің қаруын Ресей территориясында 300 шақырымға дейін пайдалануға рұқсат берді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Канада өтетін әлем кубогінде сынға түсетін семсершілер анықталды

Published

on

By

Қазақстандық семсершілер Канадада өтетін Әлем кубогі кезеңінде өнер көрсетеді.  Бұл  туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Канада өтетін Әлем кубогінің кезеңіне қатысады. Жарыс 21-24 қараша аралығында Ванкувер қаласында жалауын көтереді. Құраманың намысын келесі спортшылар қорғайды.

1. Руслан Құрбанов,

2. Эльмир Әлімжанов,

3. Вадим Шарлаимов, READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

4. Ерлік Сертай,

5. Кирилл Павлов.

Айта кетейік, бұған дейінгі Әлем кубогі кезеңінде қазақстандықтар командалық жарыста жетінші орынды иеленген еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!