Connect with us

IN-THE-NEWS

Биыл Қызылорда облысында 575 жоба жүзеге асырылды

Published

on

By

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде жасаған баяндамасында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты.

Ауылдардың мамандануын ескере келе, несие қаржысы 4 бағытқа (ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, егіншілік, мал шаруашылығы және түрлі жобаларға) бағытталып, 2023 жылы 3 млрд. теңгеге 406 жоба іске қосылып, 713 жұмыс орны ашылды. 

“Биыл 4 млрд. 596 млн. теңгеге 575 жобаны жүзеге асырып 610 жаңа жұмыс орнын ашу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 1 млрд. теңгеге 150 жоба қаржыландырылды”, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сырдария ауданының “Бесарық” ауылындағы “Абай Дәулет” ЖШС құрған өндірістік алаңда тұрғындардың 13 бизнес-бастамасы іске асырылуда. Мұнда жартылай фабрикат, пластикалық ыдыстар, ағаш бұйымдар, тоқыма, сабын, кондитерлік өнімдер өндіретін цехтар ашылды. Озық тәжірибені кеңінен тарату үшін облыстың әр ауданындағы 3-4 ауылда осындай бизнес-инкубаторлар ашу жұмыстары жүргізілуде. 

“Kaz Fries” зауытының қуаты сағатына 150 келіге дейін қуырылған картоп таяқшаларын өндіруге жетеді, дайын өнім мұздатылып, ішкі нарықта сатылады. Өсімдік, құс, мал шаруашылықтарымен, құрылыс тауарларын шығарумен айналысатын көпсалалы компанияның өндірістік қуатын одан әрі кеңейту жоспары бар. Дәл осындай жобаны облыстың барлық аудандарында жүргізу көзделуде.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қор әзірге мемлекетке дивиденд төлемеген

Published

on

By

“Самұрық-Қазына” қоры 2023 жылы 1,698 трлн теңге таза пайда тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Самұрық-Қазына

KASE Қазақстан қор биржасының сайтында “Самұрық-Қазына” қорының қаржысы жазылған.

“Самұрық-Қазына” 1,6 триллион теңгенің 50 миллиард теңгесін “Қазақстан халқына” қорына бөледі. Ол қалған бөлінбеген кірісті қор мен еншілес ұйымдарға “инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру, борыштық міндеттемелерді өтеу және активтерді сатып алу үшін” қалдырады. “Самұрық-Қазына” қоры әзірге мемлекетке 2023 жылға дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

2024 жылдың қаңтарында “Самұрық-Қазына” қоры өзінің жалғыз акционері – Қазақстан үкіметіне рекордтық дивиденд сомасын, яғни 2022 жыл үшін 238 млрд теңге жіберді. Бұдан кейін қор мемлекетке 460 миллиард теңге аударды, оның ішінде “Қазақстан халқына” қорына 67 млрд теңге кетті. Сәуірде “Самұрық-Қазына” қоры үкіметке 2022 жылға бөлінбеген пайдадан тағы 100 миллиард теңге дивиденд төледі.

2022 жылы “Самұрық-Қазына” қоры мемлекетке дивидендтер және басқа да төлемдер түрінде 302 млрд теңге (оның 170 млрд теңгесі дивидендтер), 2021 жылы – 156 млрд теңге, 2020 жылы – 180 млрд теңге жіберді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

АҚШ Украинаға жаяу әскерлерге қарсы қолданылатын миналарды жеткізеді

Published

on

By

Джо Байден Ресей әскерлерінің шабуылын бәсеңдету үшін Украинаға жаяу әскерлерге қарсы миналарды жеткізуге рұқсат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Washingtonpost.com порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

. Фото: freepik.com

АҚШ осы тұста Украинадан мұндай оқ-дәрілерді халық тығыз қоныстанған жерлерде қолданбауды сұрады.

Джо Байденнің кетіп бара жатқан әкімшілігі Киевке жаяу әскерге қарсы миналар мен қоса салыстырмалы түрде алыс қашықтықтағы Аtacms зымырандарын пайдалануға рұқсат берді. (Ресей аннексиялаған Қырымдағы нысандар бойынша олар бұған дейін де әскери-теңіз күштеріне шабуылдаған). READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еуроодақ еуробондтардың көмегімен Ресейдің империялық амбициясын тоқтатуға ниетті

“Міндетті түрде жауап қайтарамыз”: Путин Ресейдің ядролық доктринасын жаңартты

Ал Ресей болса Украинаға шабуылдың басынан бастап жаяу әскерге қарсы миналарды еркін қолданған. Байден әкімшілігі мұндай миналарды Киевке жеткізгісі келмеді. Себебі олардың бейбіт тұрғындарға қауіпі басым. Оның үстіне басқа елдер мен халықаралық ұйымдар қарсылық танытты.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстан орыс тілін насихаттауға жылына 43 миллион теңге жұмсамақ

Published

on

By

Мәжіліс депутаттары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен “Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру туралы” шартты қабылдау туралы мәселені қарастырып, оның ратификациялап сенатқа жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рress-unity.com

Отырыс кезінде мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан аталған шарт Бішкекте 2023 жылғы 13 қазанда жасалғанын айтты.

“Ол халықаралық құқық субъектісіне ие үкіметаралық ұйымға айналатын “Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым” құруды көздейді. Орыс тілі ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдерімен қатар БҰҰ ресми тілі мәртебесіне ие екенін атап өткім келеді” , – деді Айгүл Құспан.

Депутат бұл шарттың мақсаты – ұйымға мүше елдер арасындағы достықты, татулықтың, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту екенін атап өтті. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Мәжіліс отырысынан кейін журналистер алдына шыққан ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сенат қабылдап, президент қол қойғаннан кейін ұйым құрылатынын айтып берді. Оның айтуынша, онда министрліктер ұйымның жұмысы қалай жүретінін және хатшылыққа кімдердің енетінін келіседі.

Министр ұйымды құруға ел бюджетінен 43 миллион теңге құятынын атап өтті.



Еске салайық, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру бастамасы үшін алғысын білдірді. Путин бұл бастаманың маңыздылығы мен пайдалы екенін атап өтіп, орыс тілінің ТМД елдерінде ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін жоғары бағалады. 2023 жылдың қазан айында Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан осы ұйымды құру туралы шартқа қол қойған болатын. Қазір келісім Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан тарапынан ратификацияланды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!