Connect with us

IN-THE-NEWS

БҚО-да науқас дәрігердің қателігінен аяғынан айырылды

Published

on

By

БҚО-да Жәнібек ауданында хирург науқасты дұрыс емдемегеннен науқас аяқсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город сайтына сілтеме жасап хабарлады. 

Фото: Pixabay.com

Жәнібек аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 317-бабы “Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы” бойынша іс қаралды.

Сотталушы аудандық ауруханада хирург болып жұмыс істеген.

Жәбірленуші 2023 жылдың 25 қазанында сағат 18:25-те жұмысқа байланысты аяғынан жарақат алған. Ауруханаға жеткізілді, антисептиктермен емделді. Дәрігер өлі тіндер мен жараның шеттерін кеспей тігіп, қанын ағызды. Осыған байланысты ірің жиналып қалып, содан ісініп, сұйықтық пайда болған. Бұл тіндердің қысылуына әкеліп, инфекциясы асқынды. Содан кейін 2023 жылдың 10 қарашасында жәбірленушінің оң аяғы тобық деңгейінде кесілді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сотта жәбірленуші хирург оған келтірілген шығынды өтегенін, онымен медиация тәртібімен татуласқанын, оны кешіргенін және қылмыстық істі тоқтату туралы арыз бергенін айтты.

“Сот қылмыстық іс материалдарын зерделеп, оларға баға бере келе, сотталушы жасаған қылмыстық әрекет онша ауыр емес қылмыстар санатына жататынын анықтады”, – деп хабарлады облыстық сот.

Осылайша сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, іс өндірістен қысқартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Меруерт Түсіпбаева әскердегі әлімжеттікті тоқтатуды талап етті

Published

on

By

ҚР мәдениет қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева әскердегі әлімжеттікке қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva/

Өнер иесі әскерде қаза болған сарбаздың өліміне қайғырып көңіл айтты. Одан кейін билік басындағыларға үндеу жасады. 

“Біз бұрын тәуелді болдық. Бірақ, Кеңес үкіметі кезінде әскерге кеткендер аман -есен үйлеріне қайтатын. Енді тәуелсіз мемлекетпіз. Өз қазақтарымыз басқарып отыр. Қай саланы алсақ та мынадай бассыздыққа тосқауыл қоятын жан бар ма?! Өзі аз қазақты қырып салдыңдар ғой?! Енді есейді, енді қызығын көремін деп отырғанда, сұлатып үйіне әкелу не үрдіс?! Бүкіл Қазақстанда бұйрық беріп, әскери жүйені тәртіпке келтіретін бір еркек табыла ма?! Айдың күннің аманында не мынау енді?! Өзегім өкініштен өртеніп отыр. Тағы бір қазағымның отбасы қара жамылды. Қайғырып көңіл айтамын”, — деп жазды әнші желідегі парақшасына. 



Еске салсақ, Жаркенттегі әскери бөлімшеде капитанының мәйіті табылғаны туралы жазған едік. Мұрқұмның туыстары оны үш сарбаз майордың тапсырмасымен соққыға жығып өлтіргенін алға тартты. Қорғаныс министрлігі мұндай нұсқаны жоққа шығарды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бұған дейін, әскерге шақырылғандарды полиция мәжбүрлеп жеткізуге құқылы – Қорғаныс министрлігі жастарды көшеден күштеп әкетіп жатқан видеоға пікір білдірген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Айгүл Иманбаева анасына жантебірентерлік жазба жариялады

Published

on

By

ҚР мәдениет қайраткері, әнші Айгүл Иманбаева анасына арнап жазба жариялап, көпшілікті жылатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/

Өнер иесі бала күнінде нағашыларының қолында өскенін айтты. 

Менің анашым – тәтем. Ана туралы әңгіме болғанда, жүрегі елжіремей сөйлей алатын жан жоқ шығар?! Анамды “тәтем” деп атаймын. Кішкентайымыздан анашымның бауыры, інісі бізге солай айтыңдар деген. Тәтем өте еңбекқор, шыншыл, мінезі тік, тазалыққа тастай, өзі өмір бойы есепші болып үкіметте жұмыс істеген. Көзі ашық, көкірегі ояу, өзіне де, бізге де қойған талабы жоғары, кезінде адуынды айел болды. Үйде үш баламыз, үшеуімізге де екі жоғары оқуды оқытып, алдымызға мақсат қоюды үйреткен. Талай жетістігіммен қуанттым. Жастықпен талай ренжіттім. Ал қазір жасы ұлғайған сайын көз алдымда кішкентай балаға айналып барады. Жүрегім ауырады. Қолымнан келгенше көбірек қуантуға, еш ренжітпеуге тырысамын. Барынша батасын алып, мүмкіндігінше көбірек қасында боламын”, – деп жан сырын ақтарды әнші. 



Сондай-ақ өнер иесі оқырмандарына үндеу жасап, ананы құрметтеуге шақырды. 

“Тәтем менің – мотиваторым! Биік қорғаным! Тағынатын тұмарым!Тірелетін тірегім! Достар, аналарыңыздың көзі тірісінде ренжітпеңіздер, ауыр сөз айтпаңыздар, ақыл да айтпаңыздар! Батасын көбірек алып, көбірек қуантыңыздар! Оларға зәулім сарай да, байлық та керек емес. Тек жылы сөз бен мейірім ғана керек. Күніне тым болмағанда бір рет телефон шалып жағдайын сұраңыз. Ертең жағдайын сұрайтын анаң болмай қалса, кімге еркелейсің?! Даусына зар боларсың”, – деп жазды өнер иесі.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, Айгүл Иманбаева алғаш рет енесін көпшілікке көрсеткен еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Пентагон бір жылда 700-ден аса беймәлім нысан туралы хабарлама алды

Published

on

By

Американың терминдер сөздігінде белгісіз аномалды құбылыстар түсінігі жақында пайда болды. Бұрын көбіне “беймәлім ұшатын объектілер” (НЛО) деген тіркес қолданылатын. Алайда ғалымдар мен шенеуніктер белгісіз шығу тегі бар объектілердің бірден бөгде ғаламдық тіршілікпен байланыстырыла бастауына жол бермеу үшін жаңа аббревиатураны қолдана бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Golosameriki.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: AFP

Деректер осы мақсатта 2022 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі құрамында құрылған аномалияларды зерттеу институтында өңделді.

Бір жылда зерттеу институтына кемінде 757 есеп келіп түскен. Мамандар тек 118 есептің шығу тегін анықтады. Бұл есептердің 70%-ы әуе шарлары мен аэростаттармен байланысты. Қалған анықталған объектілердің 16%-ы дрондар, 8%-ы құстар болып шықты. Басқасы спутниктер немесе ұшу аппараттары ретінде анықталған. Осы кезеңде көбі – 708 жағдай әуе кеңістігінде, ал тағы 49 жағдай ғарышта тіркелген. Ғарыштағы объектілер орбиталық құрылғылар емес, ұшақ пилоттары мен жерден бақылаушылардың көзіне түскен.

Пентагонның айтуынша, ешбір анықталған объект ғарыштық технологиялардағы революциялық жетістіктерді немесе АҚШ-тың шетелдік бәсекелестері тарапынан жасалған құрылғыларды дәлелдемейді.

“Беймәлім нысандардың ешқайсысы қауіп төндірген жоқ, тек біреуі ғана ерекшеленеді. Бір есепте Атлант мұхиты үстінде коммерциялық ұшақпен соқтығысуға жақын “цилиндрлік объект” туралы айтылады. Институт бұл оқиға бойынша тергеуді әлі де жалғастырып жатыр”, – деп жазылған мақалада. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Пентагон құрылымындағы бөлімше ретінде жұмыс істейтін зерттеу институты географиялық қателерді мойындайды. Өйткені деректер тек АҚШ әскерилері орналасқан жерлерде жиналған. Мысалы, 100 есеп Шығыс Азияда орналасқан америкалық әскерилерден, тағы 57 есеп Таяу Шығыстағы АҚШ әскери қызметкерлерінен келіп түскен.

“Барлық беймәлім нысанның нақты шығу тегі анықталған жоқ. Дегенмен институт көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап беріп, онда мүлдем бөгде ғаламшарлық өмір немесе инопланеталық технологиялар туралы ешқандай дәлелдер табылған жоқ”, – деп түсіндірді ғалымдар.

Еске салайық, бұған дейін Ұлыбритания мен Германияның астрономдары Құс жолынан жаңа жұмбақ белгісіз нысанды тапқанын жаздық. Ол барлық белгілі нейтрондық жұлдыздардан ауыр және ең жеңіл қара құрдымдардан да жеңіл. Бұл нысан миллисекундтық нысанды (айналу периоды 1-ден 10 миллисекундқа дейінгі диапазондағы пульсар) маңында айналады және бізден 40 мың жарық жылы қашықтықта орналасқан. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!