Connect with us

IN-THE-NEWS

Жамбыл облысында имам зейнеткерлердің қажылық сапарына жинаған 3 мың долларын қайтармай қойған

Published

on

By

Жамбыл облысы Таңта ауылындағы “Таңта баба” мешітінің имамы Қанат Қуанышбеков 2024 жылдың жазында умра жасағысы келген қарт ерлі-зайыптыларға қажылықты ұйымдастыруға уәде беріп, олардан 3 мың доллар алып кеткен. Бірақ қарттар әлі шағын қажылыққа бара алмай, ақшасын қайтара алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: business-gazeta.ru

Таңта ауылында 90 жасқа жақындаған ерлі-зайыптылар имамға 3 мың доллар беріп, әлі күнге дейін сол ақшасын қайтара алмай жүргені туралы ақпарат тарады. Кейін имам Қанат Қуанышбеков зейнеткерлерден қомақты қаржы алғанын және әлі қайтармағанын растады. Ол бұл ақшаны 2024 жылдың шілде айында алған. Ол жағдайдың шын мәнінде қалай болғанын айтып, ақталды.

“Ақшаны алдым. Оны досыма беріп, қайтара алмадым. Содан кейін оның ата-анасына барып, бәрін түсіндірдім. Олар ақшаны 21-ші күні қайтарамыз деп айтты. Сол күні ата мен апаға апарамын. Бұл адамдармен біз бір кездері қажылыққа барғанбыз. Олар “Біз қартайдық, сен төле” деп айтты еді, мен солай ақшаны алдым. Сол уақытта досым 3-4 күнге қарыз сұрады, мен оған ақшаны бердім. Міне, осының нәтижесі осындай болды”, – деді имам.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облыстық өкілдігі Тараз қаласы маңындағы Жамбыл ауданы, Танта ауылдық “Танта баба” мешітінің имамы Қанат Қуанышбековке қатысты мәлімдеме жасады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Айта кететін мәселе Қ.Қуанышбеков Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерінің этикасын өрескел бұзып, үлкен қателік жасаған. Қ.Қуанышбеков ақсақалдан Умра сапарына жіберу үшін алған 3 мың доллар ақшасын 22.11.2024 күні қайтарып береді. Алдағы уақытта Жамбыл ауданы, Танта ауылдық “Танта баба” мешітінің имамы Қуанышбековке қатаң тәртіптік шара қолданылады”, – деп хабарлады мүфтияттың өкілдігі.

ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық “Һибатулла Тарази” мешіті өкілдігі қариялардан кешірім сұрап, мәселені бақылауда ұстайтынын айтып, уәде етті.



Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлеповке қатысты дауға байланысты әлеуметтік желілерде бас имамның аудан мен қала мешіттерінің имамдарынан мәжбүрлі түрде ақша жинағаны туралы ақпарат тарады. Желіде бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Түркістанға сапары үшін қаражат жинау туралы мәліметтер мен түбіртектер жарияланды. Алайда Төлепов бұл ақпаратты жоққа шығарып, имамдар газет-журналдарға жазылу үшін ақшаны өзіне аударғанын айтты. Ол жағдайға түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін және автордың әрекетіне моральдық жауапкершілік жүктелетінін мәлімдеді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Ауыл шаруашылығына арналған тиімді несиенің барын білесіз бе?

Published

on

By

Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер агронесие алып, өз кәсібін дамыта алады. Stan.kz агенттігі мен Центр Кредит Банкі бүгінгі материалында агронесиенің кәдімгі несиеден қандай айырмашылығы барын және оның несімен тиімді екенін түсіндіреді. 

Иллюстрация: Stan.kz

Агронесие деген не?

Агронесие –  ауыл шаруашылығын дамытатын, жоғары әрі сапалы бәсеке тудыратын, кәсіптің қаржылай жағдайын тұрақты ететін маңызды құралдың бірі. Бұл несиені банк пен басқа да қаржы ұйымдары береді. Агронесиенің арқасында фермерлер мен агроөнеркәсіп иелері қаржылай қолдауға ие болып, кәсібіне тыңайтқыш, тұқым, техника сияқты қажет заттарын ала алады, фермасын жөндеуге мүмкіндігі бар. Мәселен олар агронесие арқылы: 

  • Ауыл шаруашылығы кәсібін модернизациялай алады. Кәсіпкер ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажет жаңа техникаларды, құрылғыларды сатып алып, шығынын азайтып, жұмысының өнімділігін арттырады.
  • Кәсібін кеңейте алады: Қосымша қаражат өнеркәсібінің ауқымын көбейтуге көмектеседі. Мәселен, адам несиеге жер сатып алып, онда егін егіп, шаруасын дөңгелете алады. 
  • Жаңа бағыт қоса алады: Фермерлер жаңа тұқым түрін егіп немесе ірі қара малдың басқа түрін бағып, кәсібін кеңейтуге мүмкіндігі бар. Оған қоса фермерлер агротуризмге немесе өнімді өңдеуге инвестиция салуына болады.

Агронесиенің кәдімгі несиеден қандай артықшылығы бар?

Агронесие кәдімгі несиелерге қарағанда ұзақ мерзімге беріледі. Оған қоса мемлекет елдегі ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосу үшін түрлі қайтарымсыз гранттар, субсидия бөледі. Соның арқасында агронесиенің пайыз мөлшерлемесі әлдеқайда төмен болады. Дегенмен агронесиені алған адам қаржыны тек сол ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін ғана жұмсауы керек. Бұл мақсатты несие түрі болып саналады. Сол себепті агронесиені алам дейтіндердің тіркелген шаруа қожалығы, бизнес жоспары болуға тиіс. 

Елімізде ауыл шаруашылығына арналған қандай несие бағдарламалары бар? READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазақстанда Аграрлық несие корпорациясы бар. Олардың мақсаты – қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін құру арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына жәрдемдесу. Олар шаруа қожаларына қарызды несие серіктестері, микроқаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер, аймақтағы инвестиция орталықтары арқылы береді. Аграрлық несие корпорациясы түрлі несие бағдарламасын ұсынады. Мәселен, олардың Кең дала, Кең дала 2, Іскер, Агробизнес, Жастарды шағын несиелеу деген бағдарламалары бар.

Агробизнес – ауыл шаруашылығына қажет негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу, айналым капиталын қаржыландыру және инвестиция жобаларын іске асыру үшін несие беретін бағдарлама. 

Іскер – ауыл шаруашылығына қажет негізгі техникаларды сатып алуға және айналым капиталын қаржыландыруға несие беретін бағдарлама. 

Жастарды шағын несиелеу –  21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығын дамыту үшін несие беріп қолдайдын бағдарлама. 

“Кең дала” және “Кең дала 2” – көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыруға несие беретін бағдарлама. 

Центр Кредит Банк арқылы агронесиені қалай алуға болады?

Мәселен, Центр Кредит Банк арқылы “Кең дала” деген бағдарламасы бойынша агронесие алуға болады. Бұл несие көктемгі  егіс және егін жинау жұмыстарына айналым қаражатын толықтыру үшін беріледі. Бұл арқылы кәсіпкер 5 миллион теңгеге дейін несиені ешқандай кепілсіз әрі комиссиясыз ала алады. Банк небәрі бес минутта сізге несие беріп-бермейтінін айтады. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі – 23,75%. 

Дегенмен агронесиені алғысы келетіндерге қойылатын бірнеше талап бар. Біріншіден, кәсіпкер қызметін кем дегенде 3 жыл жүргізген болуға тиіс. Екіншіден, бидай, күнбағыс, рапс, күнбағыс, қарақұмық өсіретіндердің әр дақылға 90 гектар алқабы болуы керек. Үшіншіден, статистикалық есептілік немесе ЖАО-дан егілген алқап туралы анықтама қағазы болуы қажет. Төртіншіден, бидай, күнбағыс, рапс, қарақұмық сияқты дақылдарды жинауы керек. Бағдарламаға Семей, Астана, Көкшетау, Өскемен, Қостанай, Павлодар, Петропавл сияқты қалаларда тұратын және ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалары қатыса алады.

Несиені рәсімдеу үшін bbc.kz сайтына кіріп, төмен жақта орналасқан кесте аты-жөніңізді, нөміріңізді және ЖСН нөміріңізді жазсаңыз болғаны. Несиенің тәуліктің кез келген уақытында рәсімдеуге болады. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Елшілік қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берді

Published

on

By

Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Украинадағы соғысқа байланысты елшілік ескерту жасады. 

“Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдарының жиілігінің артуына байланысты қауіпсіздік мақсатында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерден немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады”, – деп хабарлады елшілік.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елеп, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады.

Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Польша немесе Молдова арқылы ұша алады, одан әрі коммерциялық әуе қатынасын қолданады.

Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек. Ал Молдоваға кіру үшін виза қажет емес.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Жалғызбасты ананың төрт баласы жалдамалы пәтердегі өрттен қаза тапты

Published

on

By

Астанада Сарыарқа ауданының Көктал шағын ауданында өрт салдарынан тағы да төрт бала қаза тапты. Қайғылы оқиға 2019 жылы өрттен бес бала көз жұмған дәл сол ауданда болған. Бұл жолы да жалғызбасты ана жұмысқа кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Informburo.kz

Бесшатыр көшесіндегі көзге байқалмайтын бұрыштағы кішкентай баспананы төрт баласы бар жалғызбасты ана жалдаған. 

“Таңғы алтыда күйеуімді жұмысқа шығарып салдым. Ол кезде ештеңені байқамадым. Қызым екеуміз таңғы тоғызда өрт сөндіру көліктерінің дыбысынан ояндық. Сол кезде қалың түтінді көріп, жанып жатқан дыбысты естідім. Көршілердің төбесі өртеніп кеткен. Өрт сөндірушілер бізді үйден эвакуациялануымызды бұйырды. Олар оны сөндіргенше төбеміз өртене бастады”, – деді үйдің екінші жартысында тұратын үш баланың анасы Айнұр.

Айнұр көз жұмған балалардың анасын жақын танымайтынын жеткізді. Ол тек әйелдің балаларын жалғыз өсіретінін және бір айдан астам уақыт бұрын қала маңындағы Талапкер ауылынан көшіп, осында баспана жалдағанын алға тартты.

“Ол әйел жақсы адамдай көрінетін. Қызыл көлікпен тапсырыстарды жеткізіп жұмыс істеген сияқты. Сол күні таңертең ол балаларына есікті құлыптатып, өзі бір сағатқа бір затты жеткізуге кетіп қалған. Оған көршілері өрт туралы хабарлаған болуы керек. Балалары да сонда тұншығып қалды дейді”, – деп қосты ол.

Валентина көршілес екі қабатты апаттық үйде тұрады. Оның пәтерінің терезелері өрт болған үйге қарайды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Біздің ауданымыз жаман емес. Мұнда тұрған үш жылда қылмыстық ештеңе байқамадым. Пәтер жалдаушылар туралы білмейміз. Өрт қатты болды, бірақ біз оны тек дабыл дауысы естілгенде байқадық”, – деді Валентина.

Сондай-ақ, көршілер пәтерді жалға Рая есімді әйел бергенін айтты. Оның ұлы биыл үйдің екінші жартысын сатып алып, бір бөлігін екі отбасыға жалға берген. 

“Мен ештеңе көрмедім, ештеңе білмеймін, ештеңе айта алмаймын. Жалпы, ешқандай қатысым жоқ. Үй иесімен емес. Бұл Айдардың үйі. Біз де шошып кеттік! Басқа ештеңе айта алмаймын”- деді Рая.

Қазір әкімдік жерлеу рәсімін өткізу шығындарын өз мойнына алған. Ал қаза тапқандардың анасы уақытша баспанаға орналастырылды. Қазір онымен психологтар жұмыс істеуді. Астана әкімінің баспасөз қызметі материалдық көмектің мөлшері әзірге анықталып жатқанын мәлімдеді.

Астана ТЖД қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі “өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Еске салсақ, өрт 2024 жылдың 17 қарашасында Астана қаласындағы жеке екі қабатты тұрғын үйде болған. Өрт үйдің шатырын қамтып, оның бір бөлігі құлап кеткен. Оқиға салдарынан 2 жастан 13 жасқа дейінгі төрт бала қаза тапты. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!