Connect with us

IN-THE-NEWS

Медбике өлім аузындағы адамдардың көбіне неге өкінетінін айтты

Published

on

By

Паллиативтік көмек медбикесі Джули Макфадден науқастардың өлім алында бөлісетін ең көп таралған үш өкініші туралы айтты. Сонымен қатар маман адамдардың өлім туралы ұмытпай оған әркез дайын жүруі маңызды екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Джули Макфадденнің Лос-Анджелесте өлім аузындағы науқастарға күтім жасауда 15 жылдан астам тәжірибесі бар. NHS хирургі доктор Каран Раджанмен подкастта медбике адамдардың өлім алдында қандай дүниелерді бастан кешетінін баяндады. Айтуынша олардың ең көп айтатыны денсаулығы бар кездерін дұрыс бағаламағаны үшін өкінеді екен.

“Үнемі еститін бірінші нәрсем — көбісі өз денсаулығын бағаламағанына өкінеді. Олар жұмыс істеуге қабілетті денені қайта сезінсем ғой деп айтады”,- деді медбике.  

Ал адамдардың жиі айтатын екінші өкініші тым көп жұмыс істегенін мойындап, уақытын өмір бойы жұмысқа арнағанына өкінеді. Содан кейін ол өлім аузындағы науқастардың қарым-қатынас құруда да өкініштері барын да алға тартты. Айтуынша, олар белгілі бір қарым-қатынас пен достықты сақтамағанына, біреулерге ашуланып, кек сақтағанына өкінген. Тіпті көптеген науқастар өзгелердің ойынан шығу үшін өмір сүргеніне қынжылған екен.

Медбике сонымен қатар, адамдардың көбіне өлім туралы ұмытып, ешқашан өлмейтіндей өмір сүретінін алға тартты.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



“Бірнеше жыл бұрын 20 жасымда панкреатитпен ауырған әйелді көрдім. Ол үш сағат ішінде жансақтау бөлімінде интубацияда, желдетіліп, келесі күні қайтыс болды. Ол жас еді. Осы оқиға мені ойландырып қойды. Қазір мен 34 жастамын. Өмір көзді ашып-жұмғанша өтіп кетуі мүмкін. Мұны әдеттегідей қабылдамаңыз, кейде біз өлмейтін сияқты жүре береміз”, – деп қосты ол. 

Макфадден ханым бұған дейін YouTube арнасында өлімнің лас әрі соншалықты әдемі келмеуі де мүмкін екенін айтқан.

Ол адамдар ауырсынуды, ентігуді, тіпті есінің шатасуы мен жалпы хаосты сезінуі мүмкін екенін түсіндірді. Сондықтан ол адамдарға іштей бәріне дайын болуға әсіресе осы тұрғыда білім алып, өзінің ішкі дүниесіне назар салуға кеңес берді. Айтуынша, мұндай сәтте адамның не күтетінін, ненің қалыпты, ненің қалыпты емес екенін білу өте маңызды.

“Сіз бұл кезде бұрын жасағандарыңыздың бәрін істей алмайсыз. Тіпті өз бетіңізше өмір сүре алмайсыз. Бұл қиын, оны қабылдау да қиын. Алайда мұны қазірден түсіну сізге дайындалуға көмектеседі”, — деп қосты ол.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

21 қарашада Қазақстан бойынша дабыл жүйесі қосылады

Published

on

By

21 қарашада бүкіл ел бойынша дабыл қосылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pexels.com

Ертең, 21 қарашада сағат 11:00-де Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады. 

Төтенше жағдайлар министрлігі қызметтердің қыстағы төтенше жағдайларға дайындығын тексеру бойынша жоспарлы оқу-жаттығулар өткізеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Айта кетейік, бұған дейін 17 қазанда қалада жедел құлақтандыру жүйесі тексерілетіні хабарланған еді. 

Онда алғаш рет iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға хабарлама жіберілетіні айтылған. Сынақ хабарламалары “Президенттік ескерту” немесе “Ұлттық ескерту” белгісімен келетіні жазылған. 

iPhone қолданушыларына хабарламаларды алу үшін құрылғыларын iOS 18 нұсқасына “Баптаулар – Негізгі – Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту” батырмасын басып, жаңалау керек делінген. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Бас мүфтидің сапарына байланысты Түркістан облысындағы имамдардан ақша жиналғаны туралы ақпарат тарады

Published

on

By

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфтидің сапарына байланысты Түркістан облысындағы имамдардан ақша жиналғанын жоққа шығарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚМДБ

Әлеуметтік желілерде бопсалау туралы ақпарат пайда болғаннан кейін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Комиссия мүшелері Түркістанға барып, тағылған айыптар бойынша тексеру жүргізді.

“Түркістан облысында бас мүфтидің келуімен байланысты имамдардан ақша жинау фактілері тіркелмеген. Kaspi Gold арқылы аударылған ақша қаражаттары демеушілер тарапынан берілген және олар қайырымдылық шараларына, ифтар ұйымдастыруға, Құран оқу бойынша республикалық байқауды өткізуге, конференцияларды ұйымдастыруға, баспасөз басылымдарына жазылымға және басқа да бастамаларға бағытталған. Аттестациялық комиссия мүшелеріне ақша жинау және гонорар төлеу фактілері анықталған жоқ”, – делінген мәлімдемеде. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бас мүфтидің сапарымен байланысты шығындар толықтай басқарма есебінен төленген. Облыстық мешіттің кірістері мен шығыстары мұқият тексеріліп, заң бұзушылықтар мен қаржы қаражаттарының мақсатсыз пайдаланылуы анықталмағаны айтылды.



Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлеповке қатысты дауға байланысты әлеуметтік желілерде бас имамның аудан мен қала мешіттерінің имамдарынан мәжбүрлі түрде ақша жинағаны туралы ақпарат тарады. Желіде бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Түркістанға сапары үшін қаражат жинау туралы мәліметтер мен түбіртектер жарияланды. Алайда Төлепов бұл ақпаратты жоққа шығарып, имамдар газет-журналдарға жазылу үшін ақшаны өзіне аударғанын айтты. Ол жағдайға түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін және автордың әрекетіне моральдық жауапкершілік жүктелетінін мәлімдеді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

"Қар аралас нөсер жауын, көктайғақ": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Published

on

By

Қазгидромет еліміз бойынша 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері ел аумақтарында жауын-шашын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

.

Фото: pixabay.com

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны кезекті түрде шығыс бағытқта жылжып, Қазақстан аумағына ауысады. Салдарынан жауын – шашын жаңбыр мен қар болады. Тіпті кей уақыттарда нөсер жауын-шашын болады. Көктайғақ болжануда. 

Еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады. 22 қарашадан бастап Сібір антициклоны республиканың батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына жауын-шашынсыз ауа-райын алып келеді. Республика бойынша тұман мен екпінді жел де болжанған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазақстанда 2050 жылға қарай халықтың басым бөлігі еліміздің оңтүстігінде тұрады – Сарапшылар

Қазақстанда қыста ауа райы қандай болады: Синоптиктер айтып берді

Температуралық фонда күрт өзгерістер жоқ.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!