Connect with us

IN-THE-NEWS

Танымал бренд 3D принтер басып шығарған кроссовкаларды ұсынды

Published

on

By

Жақында Лас-Вегаста 3D принтері басып шығарған Air Max 1000 кроссовкалары таныстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: Желідегі видео кадрларынан скрин

Nike-тың мәліметінше, бұл кроссовкалар 1987 жылы шыққан Air Max түпнұсқасының 1-моделінің жаңартылған дизайны. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Басылмаған жалғыз бөлік – өкшедегі ауа жастығы. Аяқ киімнің барлық басқа элементтері бір икемді материалдан жасалған. Бағасы әлі белгіленбеді.

SpaceX Starship ғарыш кемесін алтыншы рет сынап ұшырды

Илон Маск Tesla компаниясы жасаған жүргізушісіз таксиді таныстырды (видео)

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім қалыптасты

Published

on

By

Сыр өңірінде экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша оң динамика қалыптасты. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің Қызылордада өткен көшпелі брифингінде  хабарлады.

Аймақ басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта қолға алынатын жобалар туралы баяндады.

“Бүгінгі күні Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында облысымыздың бюджеті 744 млрд теңгеден асты. Осыдан екі жыл бұрын 364 млрд теңге болатын. Өсім 204,4 пайызды құрады. Бюджетіміздің 55,4 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Облыстың даму бюджеті соңғы 2 жылда  3,6 есе артты.

Осы жылдың 10 айының қорытындысымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім қалыптасты. Өңірлер арасында көшбасшылар қатарынан көріндік. Атап айтсақ, өнеркәсіп өндірісі-0,8, өңдеу өнеркәсібі-22,8, ауыл шаруашылығы-3, құрылыс жұмыстарының көлемі-50, тұрғын үй-7,4, көлік-3,5, сауда-6,5 пайызға өсті. Биылға жоспарланған 517 млрд. 500 млн. теңге инвестицияның 478 млрд. 300 млн.теңгесін 10 айда тарттық. Оның 74 пайызы – жеке инвестициялар”, – деді облыс әкімі.

Соңғы 2 жылда құны 19 млрд. 600 млн. теңге болатын 22 инвестициялық жоба іске қосылды. Биыл өңдеу өнеркәсібінде 10 млрд. 700 млн.теңгенің 13 жобасы жоспарланған. Бүгінде 9 жоба қолданысқа берілді. 

Арал шөгінді бассейнінің “Шығыс” және “Батыс” учаскелеріндегі геологиялық зерделеу жұмыстары осы жылдың соңында аяқталады. Биыл Сырдария бассейінін зерттеу жұмыстары басталуда. 

Сонымен қатар, “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясының бастамасымен “Торғай Палеозой” кен орнында тереңдігі 5 мың 500 метр ұңғыманы бұрғылау басталып, қазір шамамен 3 мың 820 метрге жетті. 

“Саутс Ойл” компаниясы “Құмкөл” кен орнындағы қиын өндірілетін тақтатас мұнайын дәстүрлі емес тәсілмен өндіру үшін жобалауды бастап, келер жылы іске кірісуді жоспарлауда. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Өңдеу өнеркәсібін дамыту арқылы өңір экономикасын әртараптандыру жұмыстары қолға алынған. Осылайша мұнай қорының сарқылуы салдарынан соңғы 10 жыл бойы төмендеу тенденциясын көрсетіп келген өнеркәсіп өндірісі кейінгі жылдары қыркүйек айынан бастап оң динамикаға шықты.

Облыс әкімі  шыны зауытының жұмысына тоқталды.

“2022 жылы іске қосылған шыны зауыты тұрақты өнім шығарып, оның 70%-ын ішкі нарыққа, 30%-ын Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузияға және Ресейге экспорттауда. Зауыт іске қосылғаннан бері 37 млрд. 100 млн. теңгенің 28 млн. 700 мың шаршы метр шынысын өндірді. Қазіргі таңда мұнда 400-ге жуық адам еңбек етеді. Биыл шыны зауыты жанынан шетелдік инвестордың 15 млн. АҚШ доллар қаржысына жылына 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндіру жобасы іске қосылды. “Өндіріс” индустриялық аймағында шыны зауытының айналасынан ілеспе кәсіпорындар құру қолға алынды. Атап айтқанда, “Айна Гласс” серіктестігінің құны 1 млрд. 500 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 720 мың шаршы метр айна өндіру жобасының құрылысы басталды. Сонымен қатар, “Horn glass” неміс технологиясымен  жылына 220 млн. бөтелке өндіру, жылдық қуаттылығы 22 мың 600 шаршы метр шыңдалған шыны (стеклопакет) өндірісін кеңейту жобаларына тиісті жер телімі бөлініп, жобалау жұмыстары басталды, – деді Н.Нәлібаев.

Металлургия саласында “Шалқия” қорғасын-мырыш және “Баласауысқандық” ванадий кеніштерін игеру жалғасуда. 2030 жылға қарай еліміз өзінің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ағымдағы 4,5%-дан 15%-ға дейін арттыруды жоспарлаған. Облыс аумағында 89 мегаваттық 9 күн-электр станциясы жұмыс істейді. Оның үшеуі – шетелдік инвесторлар қатысуымен салынған ірі станция.

Биыл барлық қаржы көздерінен 63 млрд. 523 млн теңгеге жеке кәсіпкерліктің 3 мың 761 жобасы қаржыландырылды. Нәтижесінде кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Медбике өлім аузындағы адамдардың көбіне неге өкінетінін айтты

Published

on

By

Паллиативтік көмек медбикесі Джули Макфадден науқастардың өлім алында бөлісетін ең көп таралған үш өкініші туралы айтты. Сонымен қатар маман адамдардың өлім туралы ұмытпай оған әркез дайын жүруі маңызды екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Джули Макфадденнің Лос-Анджелесте өлім аузындағы науқастарға күтім жасауда 15 жылдан астам тәжірибесі бар. NHS хирургі доктор Каран Раджанмен подкастта медбике адамдардың өлім алдында қандай дүниелерді бастан кешетінін баяндады. Айтуынша олардың ең көп айтатыны денсаулығы бар кездерін дұрыс бағаламағаны үшін өкінеді екен.

“Үнемі еститін бірінші нәрсем — көбісі өз денсаулығын бағаламағанына өкінеді. Олар жұмыс істеуге қабілетті денені қайта сезінсем ғой деп айтады”,- деді медбике.  

Ал адамдардың жиі айтатын екінші өкініші тым көп жұмыс істегенін мойындап, уақытын өмір бойы жұмысқа арнағанына өкінеді. Содан кейін ол өлім аузындағы науқастардың қарым-қатынас құруда да өкініштері барын да алға тартты. Айтуынша, олар белгілі бір қарым-қатынас пен достықты сақтамағанына, біреулерге ашуланып, кек сақтағанына өкінген. Тіпті көптеген науқастар өзгелердің ойынан шығу үшін өмір сүргеніне қынжылған екен.

Медбике сонымен қатар, адамдардың көбіне өлім туралы ұмытып, ешқашан өлмейтіндей өмір сүретінін алға тартты.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



“Бірнеше жыл бұрын 20 жасымда панкреатитпен ауырған әйелді көрдім. Ол үш сағат ішінде жансақтау бөлімінде интубацияда, желдетіліп, келесі күні қайтыс болды. Ол жас еді. Осы оқиға мені ойландырып қойды. Қазір мен 34 жастамын. Өмір көзді ашып-жұмғанша өтіп кетуі мүмкін. Мұны әдеттегідей қабылдамаңыз, кейде біз өлмейтін сияқты жүре береміз”, – деп қосты ол. 

Макфадден ханым бұған дейін YouTube арнасында өлімнің лас әрі соншалықты әдемі келмеуі де мүмкін екенін айтқан.

Ол адамдар ауырсынуды, ентігуді, тіпті есінің шатасуы мен жалпы хаосты сезінуі мүмкін екенін түсіндірді. Сондықтан ол адамдарға іштей бәріне дайын болуға әсіресе осы тұрғыда білім алып, өзінің ішкі дүниесіне назар салуға кеңес берді. Айтуынша, мұндай сәтте адамның не күтетінін, ненің қалыпты, ненің қалыпты емес екенін білу өте маңызды.

“Сіз бұл кезде бұрын жасағандарыңыздың бәрін істей алмайсыз. Тіпті өз бетіңізше өмір сүре алмайсыз. Бұл қиын, оны қабылдау да қиын. Алайда мұны қазірден түсіну сізге дайындалуға көмектеседі”, — деп қосты ол.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ерке Есмахан оқырмандарына жан сырын ақтарды

Published

on

By

Танымал әнші Ерке Есмахан желіде өзіне жағымсыз пікір жазған оқырманға жауап беріп, көпшілікке ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: https://vk.com/erke_esmakhan_official

Өнер иесі ауыр сөз жазған оқырман әйелдің парақшасына жариялады. 

“Ұйықтар алдында әлеуметтік желіні қарап отырып, бір видеодан өзім туралы мынандай пікірді оқып қалдым. Кім түсіндіріп бере алады маған? Не мағына береді? Ең әдемі қазақ қызы міне. Жақсы-ақ адам сияқты. Өзі ғана сондай ма екен? Әлде құрбылары да сондай ма екен? Қысқасы, сөз жоқ. Тек сіздермен бөлісіп қояйын дегенмін ғой. Неше түрлі адам болады. Біліп жүріңіздер”, – жағымсыз пікір жазған оқырманының фотосын жариялады. 



Одан кейін әнші мұндай ауыр сөздерді сабырлықпен жеңгенімен, бәрібір көңіліне тиетінін жасырмады.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Менде жүрек жоқ деп ойлап, сонша мені көре алмай, ішіндегі уларын шашып, лас сөздерді айтатын адамдарды Аллаға тапсырдым. Әр қиындықты, ауыр сөзді, мазақты күліп қарсы алып,сабырлықпен жеңгеніммен іштей суып, тынып жүретінімді біле жүріңіздер”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық, “Сөмке емес, сауап жина” деп ақыл айтқан оқырманына Ерке Есмахан жауап берген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!