Connect with us

IN-THE-NEWS

Daricorn әзілкеш Нұрлан Сабыровқа қанша теңге төлегені белгілі болды

Published

on

By

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариға Нүкееваның туған күнін жасап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: https://www.instagram.com/darhanzholshybekov/

Ерлі-зайыпты бұл қуанышын Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткізген. Revue News бағдарламасына сұхбат беріп, туған күнін ұйымдастыру үшін 60 млн теңге жұмсағанын жасырмады. 

“Дари қыз ғой. Оған мүмкіншілік болып жатса жыл сайын туған күнін жасап беру – еркектік парызым деп білемін. Өзім туған күнімді жасамайды екенмін. Нұрланға қатысты ашығын айтқанда тез шешіліп кетті. Бұлай жасаймын деп ойлаған жоқпын. Солай болып қалды өзі. Ол кісі нақты соманы айтпауды өтінді. Шамамен, осы тойдың жартысы ғой”, – деді Жолшыбеков. 

  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Еске салайық, Дархан Жолшыбеков әйеліне көлік сыйлаған еді. 

“Сен барлық жақсылыққа лайықсың! Менің өмірімде бар болғаныңа рақмет! 

Барлығыңызға жұғысты болсын! 150 миллион теңгеге алған сыйлығым – осы. Әлемде 1000 ғана данасы бар. Mercedes-Benz G 63 AMG маркалы көлік. Даридың тосынсый жасайтын мекенжайға келуіне бір сағат қалды. Біз машинаны әдемі жерге орналастырып жатырмыз”, – деп жазды блогер. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қызылорда облысының әкімі мемлекеттік қызметтегі таныстары туралы пікір білдірді

Published

on

By

Қызылорда облысының әкімі мемлекеттік қызметте туыстары мен таныстарының болып, болмауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайты 

Нұрлыбек Нәлібаев облыстық білім басқармасының бастығы Асқарбек Есжановтың жақын танысы екендігі туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

“Осы облыстың тумасы болғандықтан, мұндағы көптеген әріптестерімді білемін. Мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам жұмыс істедім. Қала әкімінің орынбасарынан бастадым, 8,5 жылдан астам қала әкімі, 5 жыл аудан әкімі, үш жылға жуық облыс әкімі, облыс әкімі аппаратында жұмыс істедім. Барлық әріптестеріммен, барлық жерлестеріммен, Асқарбек Есжановпен ғана емес, барлық мемлекеттік қызметкерлермен, көптеген кәсіпкерлермен, зиялы қауым өкілдерімен және басқалармен жұмыс істедім. Сондықтан туыс, таныс болғаны үшін жұмысқа қабылдау болмаған. Біз кандидаттың қабілеттерін, білімін, кәсіби қасиеттерін ескере отырып шешім қабылдаймыз”, – деп жауап берді ол. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Облыс әкімі  өзі өңір басшысы болғанға дейін де Асқарбек Есжановтың басшылық қызметтер атқарғанын және жақсы нәтижелер көрсеткенін атап өтті.

“Айта кету керек, 3-4 ай бойы білім басқармасының басшысы лауазымы бос қалды. Қазір басқарма басшысын табу оңай шаруа емес. Сырттан келген адам үшін бұл қарапайым болып көрінуі мүмкін, бірақ олай емес. Білімді, тәжірибелі маман табу оңай емес. Біз оның осы сала маманы екенін ескере отырып, кандидатурасын ұсындық. Министрлік оны барлық жағынан қарады және мақұлдады. Ол менің жақсы танысым болғандықтан ғана тағайындалмады”, – деді аймақ басшысы.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Астана мен Алматыда жасанды интеллект арқылы бет-әлпетті анықтайын камералар іске қосылды

Published

on

By

Қазақстанның екі мегаполисінде бет-әлпетті тану жүйесі жұмысын бастап, іске қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ішкі істер министрлігі 

Ұлттық бейнемониторинг жүйесі жасанды интеллект технологияларының қолданылуымен іздеудегі адамдарды тануға, қоғамдық орындарда қалдырылған заттар туралы сигнал беруге, құқық бұзушылықтарды автоматты режимде тіркеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ компьютерлік бағдарлама көлікті маркасы, моделі және түсі бойынша сәйкестендіре алады.

“Ақылды” камералардың назарында теміржол вокзалдары, әуежайлар, қонақ үйлер, көшелер және сауда ойын-сауық орталықтары сияқты нысандар бар. Жүйе өз тиімділігін көрсетті. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезінде елорданың қоғамдық орындарында жоғалған балаларды, сондай-ақ есепте тұрғандар мен хабар-ошарсыз кеткен адамдарды жедел табуға мүмкіндік туды. Бейне-талдау жүйесінің көмегімен Астанада іздеуде жүрген 46 құқық бұзушы жедел түрде анықталып ұсталды. Осыған ұқсас жұмыс Алматыда жүргізіліп жатыр. Онда осындай 30 адам анықталып ұсталды”, – делінген хабарламада.

Мұндай жүйелер Қытайда, Ресейде және Еуропа елдерінде белсенді қолданылады.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 

Қазақстан үздік тәжірибелерді игеріп, осы әлемдік үрдістің бір бөлігіне айналуда. Алдағы уақытта камералар санын ұлғайта отырып, бейнемониторингті кеңейту жоспарланып отыр. Бұл кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда меншік түріне қарамастан елімізде 1 миллион 359 мың бейнекамера бар, оның 310 мыңы жедел басқару орталықтары және полицияның кезекші бөлімдеріне шығарылған.



Еске салайық, бұған дейін әлімжеттіктің алдын алу үшін қазақстандық әскерде енді дәретхана маңына камералар қойылатынын жаздық. Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдердегі камерасы жоқ қауіпті болуы мүмкін аймақтарды зерттеп жатыр. Министр орынбасары Дархан Ахдиевтың айтуынша, енді әскери бөлім жоғары тұрған органға қарамай, өз бетінше инфрақұрылымды сатып алып, жаңарта алады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ауыл шаруашылығына арналған тиімді несиенің барын білесіз бе?

Published

on

By

Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер агронесие алып, өз кәсібін дамыта алады. Stan.kz агенттігі мен Центр Кредит Банкі бүгінгі материалында агронесиенің кәдімгі несиеден қандай айырмашылығы барын және оның несімен тиімді екенін түсіндіреді. 

Иллюстрация: Stan.kz

Агронесие деген не?

Агронесие –  ауыл шаруашылығын дамытатын, жоғары әрі сапалы бәсеке тудыратын, кәсіптің қаржылай жағдайын тұрақты ететін маңызды құралдың бірі. Бұл несиені банк пен басқа да қаржы ұйымдары береді. Агронесиенің арқасында фермерлер мен агроөнеркәсіп иелері қаржылай қолдауға ие болып, кәсібіне тыңайтқыш, тұқым, техника сияқты қажет заттарын ала алады, фермасын жөндеуге мүмкіндігі бар. Мәселен олар агронесие арқылы: 

  • Ауыл шаруашылығы кәсібін модернизациялай алады. Кәсіпкер ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажет жаңа техникаларды, құрылғыларды сатып алып, шығынын азайтып, жұмысының өнімділігін арттырады.
  • Кәсібін кеңейте алады: Қосымша қаражат өнеркәсібінің ауқымын көбейтуге көмектеседі. Мәселен, адам несиеге жер сатып алып, онда егін егіп, шаруасын дөңгелете алады. 
  • Жаңа бағыт қоса алады: Фермерлер жаңа тұқым түрін егіп немесе ірі қара малдың басқа түрін бағып, кәсібін кеңейтуге мүмкіндігі бар. Оған қоса фермерлер агротуризмге немесе өнімді өңдеуге инвестиция салуына болады.

Агронесиенің кәдімгі несиеден қандай артықшылығы бар?

Агронесие кәдімгі несиелерге қарағанда ұзақ мерзімге беріледі. Оған қоса мемлекет елдегі ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосу үшін түрлі қайтарымсыз гранттар, субсидия бөледі. Соның арқасында агронесиенің пайыз мөлшерлемесі әлдеқайда төмен болады. Дегенмен агронесиені алған адам қаржыны тек сол ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін ғана жұмсауы керек. Бұл мақсатты несие түрі болып саналады. Сол себепті агронесиені алам дейтіндердің тіркелген шаруа қожалығы, бизнес жоспары болуға тиіс. 

Елімізде ауыл шаруашылығына арналған қандай несие бағдарламалары бар? READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазақстанда Аграрлық несие корпорациясы бар. Олардың мақсаты – қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін құру арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына жәрдемдесу. Олар шаруа қожаларына қарызды несие серіктестері, микроқаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер, аймақтағы инвестиция орталықтары арқылы береді. Аграрлық несие корпорациясы түрлі несие бағдарламасын ұсынады. Мәселен, олардың Кең дала, Кең дала 2, Іскер, Агробизнес, Жастарды шағын несиелеу деген бағдарламалары бар.

Агробизнес – ауыл шаруашылығына қажет негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу, айналым капиталын қаржыландыру және инвестиция жобаларын іске асыру үшін несие беретін бағдарлама. 

Іскер – ауыл шаруашылығына қажет негізгі техникаларды сатып алуға және айналым капиталын қаржыландыруға несие беретін бағдарлама. 

Жастарды шағын несиелеу –  21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығын дамыту үшін несие беріп қолдайдын бағдарлама. 

“Кең дала” және “Кең дала 2” – көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыруға несие беретін бағдарлама. 

Центр Кредит Банк арқылы агронесиені қалай алуға болады?

Мәселен, Центр Кредит Банк арқылы “Кең дала” деген бағдарламасы бойынша агронесие алуға болады. Бұл несие көктемгі  егіс және егін жинау жұмыстарына айналым қаражатын толықтыру үшін беріледі. Бұл арқылы кәсіпкер 5 миллион теңгеге дейін несиені ешқандай кепілсіз әрі комиссиясыз ала алады. Банк небәрі бес минутта сізге несие беріп-бермейтінін айтады. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі – 23,75%. 

Дегенмен агронесиені алғысы келетіндерге қойылатын бірнеше талап бар. Біріншіден, кәсіпкер қызметін кем дегенде 3 жыл жүргізген болуға тиіс. Екіншіден, бидай, күнбағыс, рапс, күнбағыс, қарақұмық өсіретіндердің әр дақылға 90 гектар алқабы болуы керек. Үшіншіден, статистикалық есептілік немесе ЖАО-дан егілген алқап туралы анықтама қағазы болуы қажет. Төртіншіден, бидай, күнбағыс, рапс, қарақұмық сияқты дақылдарды жинауы керек. Бағдарламаға Семей, Астана, Көкшетау, Өскемен, Қостанай, Павлодар, Петропавл сияқты қалаларда тұратын және ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалары қатыса алады.

Несиені рәсімдеу үшін bbc.kz сайтына кіріп, төмен жақта орналасқан кесте аты-жөніңізді, нөміріңізді және ЖСН нөміріңізді жазсаңыз болғаны. Несиенің тәуліктің кез келген уақытында рәсімдеуге болады. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!