Connect with us

IN-THE-NEWS

Атыраудағы мал базарынан Сібір жарасы табылды

Published

on

By

Атыраудағы “Асыл агро” мал базарында өлген сиырдан Сібір жарасы анықталды. Ірі қара малдың Батыс Қазақстаннан әкелінгені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Мамандар өлекседен сынама алып, нәтижесінде Сібір жарасы анықьалғар. Ендң мал базары карантинге жабылды. Қазір ондағы адамдар бақылауға алынып, мал соятын цехтар мен базарлар түгел тексеріліп жатыр. 

“Батыс Қазақтан облысы Жанқала ауданы Жаңақащан ауылынан келген. Келген малдың ішінен бір бас ауырып өлді. Сібір жарасы анықталғаны рас. Қорытындысы келді. 16-сы күні жіберілген болатын. Астанаға ғылыми зерттеу орталығына. “Асыл агро” базары жабылды”, – дейді АШМ Ветеринарияны бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облысы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Нұркен Баяров.

Алайда мал базарындағы кәсіпкерлер сиыр Сібір жарасынан өлді дегенге сенбейді. 

“Біреудің жем беріп өліп қалған малын келесіңдер де, ауру шығарасыңдар. Ана кісінің малы, тек қана. Ол кісі жемді алдына мөшегімен лақтырып тастайды. Оған ешкім жауап бермейді ғой. Соның қасында тұрған адамдар, мысалы, бәрінің малы бар. Бәрі тірі. Тек сол кісінің малы өледі”, – дейді кәсіпкер Айдос Сайпеденов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ мал базарының иесі кәсіпкер күйдіргіден өлген сиырмен бірге Батыс Қазақстаннан жүздеген мал әкелгенін айтады. Ал олардың бәрі сойылып кеткен. 

“Егер жабатын болса, ауру таралған болса, бүкіл базарды тексеріп, анализін алып, ол базарларға да  карантин жариялау керек қой. Тек бізді жауып қоймай. Неге десеңіз, сол күні келген малдың бәрін, 150 бастай, мал басқа базарларға таратып,  ет базарларында сойылып кетті”, – дейді мал базарының әкімшілігі Абу Құлбасов.

Санитарлық дәрігерлер  мен ветеринарлар қаладағы барлық мал базарын бақылауға алды. Малдарға екпе салынып қана қоймай, онымен байланыста болған адамдар да бақылауға алынды. Өйткені мамандардың сөзінше ауру малдан адамға жұғады.

“Ауру мал анықталған жерге барып, мал күтіміне араласқан, малды әкелген, қарым-қатынаста болған адамның барлығы анықталып, денсаулық сақтау ұйымдарына берілді. Аты-жөні мен бар мәліметі. 14 күнге бақылауға алынып. Жалпы бұл инфекция адамнан адамға жұқпайды. Малдан адамға жұғады”, – дейді Атырау облысы манитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратова.

Десе де адамдар арасынан Сібір жарасы әзірге анықталмады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Мәулен Әшімбаев елімізде тарифтерді өсіру керегін айтты

Published

on

By

Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев тарифтің жылдар бойы көтерілмеуінің салдарынан еліміздегі энергетика саласы қиын жағдайда екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/maulen_ashimbayev

“Тарифтер жылдар бойы көтерілген жоқ. Салдарынан біздің энергетикамыз, бүкіл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешеніміз біршама қиын жағдайда тұр”, – дейді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол мемлекет бюджетінің шығыны мен еліміздегі инфляцияны тежеу жолдарына тоқталды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қазір соңғы айлардың нәтижесін көріп отырмыз. 8,25%-ға дейін көтерілді емес пе? Меніңше, жылдық мәнде 8,5%-ға жетті. Біз бұған куә болды. Сол себепті инфляция өздігінен төмендей береді деген дұрыс емес. Ол өздігінен төмендемейді, оның өсуіне әсер ететін маңызды факторлар бар”, – дейді Парламент сенатының төрағасы.

Мәулен Әшімбаев бұл ретте Ұлттық банк пен үкіметтің қаржы блогы тез арада үйлесімді жұмыс істеп, елдің экономикалық өсімін қамтамасыз ету мақсатында келісілген бағытты ұстануы маңызды екенін атап өтті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Жалғас Жұмағұлов өзі чемпион болған тұжырыммен қайта келісімшартқа отырды

Published

on

By

Фото: Oktagon

UFC тұжырымының экс-спортшысы Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon тұжырымындағы дебютті жекпе-жегінде жарқын жеңіске жеткеннен кейін чемпиондық белбеуге бірден-бір үміткер атанған еді. Бірақ қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Fight Night лигасымен 4 жекпе-жекке келісімшартқа отырған. Келісімшарт бойынша отандасымыз 2025 жылға дейін ММА мен бокс ережелері бойынша бірнеше жекпе-жек өткізеді. Ол бұған дейін 2018 жылы Fight Night чемпионы атанып, кейін UFC-ге ауысқан еді.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегін Жалғас Жұмағұлов еуропалық Оktagon тұжырымында Уэльс спортшысы Аарон Эйбиге (16-9-1) қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Цифрлық даму министрі интернет сапасына көңілі толмайтындарға Wi-Fi желісін қолдануға кеңес берді

Published

on

By

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ұялы байланыс операторлары байланыс сапасын жақсартпай, тарифтік жоспарларды көтеруді қашан қояды деген сауағлға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Министрдің айтуынша, үкімет еркін нарықта бағаны реттей алмайды. Бұған кәсіпкерлік кодекспен тыйым салынған. Оның үстіне ұялы байланыс операторлары коммуникацияны жақсартуға қыруар қаржы салуға уәде берді. Сондықтан мемлекет оларға тарифтерді көтеруге тыйым сала алмайды дейді.



“Мұндай тыйым салу мүмкін емес. Әйтпесе олар қалай инвестиция салады? Олар базалық станциялар мен антенналық діңгек құрылымдарына көп инвестиция салады. Beeline-мен олар алдағы бес жылда миллиард доллар инвестициялайды деген келісімге қол қойдық. Мүмкін сіз көп трафикті пайдаланып жатқан шығарсыз? Wi-Fi бар жерде Wi-Fi желісіне қосылуды ұсынамын. Мен де солай істеймін”, – деді министр.

Министр қазақстандықтарды жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етуге уәде берді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Талап етіп отырғаныңыз өте дұрыс. Біз де үкімет ретінде талапты күшейтіп жатырмыз. Тіпті, қазір секундына мегабит саны бойынша ең төменгі деңгейді көтеріп жатқанымызды бұған дейін де айттым”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Баспанасы суға кеткен ақтөбеліктер жаңа қоныстағы интернет сапасына шағымданған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!