Connect with us

IN-THE-NEWS

Баян Алагөзова жас аналарға кеңес берді

Published

on

By

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы жас аналарға қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/id197262090

Медиа маманы Дина Төлепбергенге сұхбат беріп, ата-аналарға үндеу жасады. 

“Мен қолы бос әйел болғым келмейді, менің балаларым мені күтсе екен деймін. Мен балаларымның маған таңырқай қарағанын қалаймын. Ал, олар менімен мақтану үшін, мен өзім күн сайын өсіп, дамып отыруым керек. Қазір мен бұл тәжірибені дұрыс деп отырған жоқпын. Ол тек мен үшін жақсы тәжірибе болуы мүмкін. Баланы тәрбиелеудің ең дұрыс жолы — өзің үлгі болу. Анасы жаман болса, баласы қайдан жақсы болсын?! Бала анасы қатыгез болса, мейірімді болып өспейді. Егер анасы тәрбиесіз болса, оның баласы қайдан тәрбиелі болады? Оның барлығын бала күннен губка сияқты сіңіріле береді”, — деді продюсер.



Сондай-ақ продюсер екі қызын болашақта қазақ мектебіне беруді қалайтынын айтты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Тұрсен қыздар қалай өседі екен деп уайымдайды. Мен ешқашан сары уайымға салынбаймын. Керісінше, қыздармен уақыт өткізгенде камерамды қосып қоямын. Олардың әр сәтін таспаға жазып алғым келеді. Тұрсен олардың болашағына көбірек алаңдайды. Мен олардың өте тез өсіп кететіндерін айтамын. 7 жылдан кейін екі қызды да қазақ мектебіне беремін. Айсәулені аралас мектептегі қазақ сыныбына бергенмін. Бұл жолы тек 100 пайыз қазақ мектебіне баратын болады”, – деді Баян Мақсатқызы. 

Еске салайық, Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсеннің декреттік демалыста отырғанын айтқан еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Елімізде автомектептерді бітіргені туралы куәлік беруді автоматтандыру жанжалмен басталды

Published

on

By

Автомектепті бітіргені туралы сертификаттарды беруді автоматтандыру ісі жанжалмен басталды. Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы курстарды бітіргені туралы сертификаттар мен анықтамалар енді қабылданбайтынын айтты. Мектеп басшыларына соңғы 2 жылдағы курсанттар туралы мәліметтерді ұсынуға 5 күн ғана берілді. Оның үстіне бұл деректер белгілі бір жеке компанияға ғана берілуі тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Freepik

Жүргізушілерді даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерге барлық курсанттар “Автомектеп” ақпараттық жүйесінің деректер базасына тіркелетіні туралы Ішкі істер вице-министрінің қолы қойылған хат жолданды. Ол басқа мемлекеттік деректер базасымен біріктірілген. Бірақ көпшілік әзірлеуші ​​компанияның беделіне сенбейді.

“Бұл жеке дүкен, жеке кеңсе, біреудің ісі. Егер ішкі істер министрлігі базасында Автоматтандырылған ақпараттық жүйе құрылса, онда автомектептердің бәрі бірігіп, бұрынғыдай барлық құжаттарды қоса береді. Ал енді құжатымыздың қайда бітері белгісіз”, – дейді “Диалекс” автомектебінің жетекшісі Ирина Биллер. 

Мұның мақсаты жақсы әрине. Ол автомектептерді бітіргені туралы “жалған” сертификаттар беруді жою және қызмет көрсетуді ашық ету. Бұл процесті автоматтандыру өткен жылдың шілде айында Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен белгіленген еді. 

Жүйенің міндеттеріне:

  • аналитикалық функциялар;
  • READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

  • статистикалық есеп;
  • оқуды аяқтағаны туралы анықтамаларды тіркеу;
  • автомектепке түсу алдында студенттерді алдын ала тексеру;
  • мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау сынды мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыратын басқа да функциялар кіреді.

Автомектеп өкілдері “Автомектеп” мемлекеттік ақпараттық жүйесі бар екенін, бірақ ол әлдеқашан жойылғанын айтады. Оның үстіне автомектеп басшыларының бұл дерекқорға кіру мүмкіндігі жоқ. Олар курсанттардың деректерін өздері енгізе алмайды. Дегенмен олар соңғы 2 жылдағы барлық студенттердің жеке мәліметтерін 5 күн ішінде қағазға көшіруге міндеттелді.

“Неліктен бұл компанияға жеке деректерді жинау, сақтау, жазбаларды енгізу, 3.26 функциялары берілді? Неліктен олардың мемлекеттік органдардан рұқсаттары да, сертификаттары да жоқ? Неге бұл айла-шарғылар бәсекелестік ортада жүргізілмейді?”, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет волонтері Рүстем Танышбеков. 

21 қарашада Астанаға әр өңірден көлік жүргізушілерін дайындайтын кәсіби бірлестіктердің өкілдері барды. Әзірге халыққа қызмет көрсету орталықтарында курсанттардың құжаттары қағаз жүзінде қабылданады. Бірақ ертең қабылдай ма, қабылдамай ма, белгісіз. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматыда белгіленбеген жерде темекі шеккен ер адамға ескерту жасаған бақылаушыны пышақтап кетті (видео)

Published

on

By

Алматының Наурызбай ауданында автобус бақылаушысы белгіленбеген жерде темекі тартуға болмайтынын ескертемін деп пышақ жарақатын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Қайғылы жағдай Наурызбай ауданындағы соңғы аялдамалардың бірінде болған.

“Автобус бақылаушыларының бірі өтіп бара жатқан ер адамға белгіленбеген жерде темекі тартуға болмайтынын ескерткен. Оның соңы жанжалға ұласқан. Сөйтіп ер адам автобусқа кіріп бақылаушыны пышақпен екі жерден жарақаттап, қашып кеткен”, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Жәбірленуші жедел жәрдеммен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. 



“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Асүй пышағы қылмыстық қару ретінде тәркіленді”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін емтиханнан өте алмай қалған студент оқу орнында адамдарды пышақтап тастағаны туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Доллар 600 теңгеге дейін өсе ме – Ұлттық банк өкілі жауап берді

Published

on

By

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының көтерілуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Сенат кулуарында Виталий Тутушкин доллар бағамының болашағы жөнінде айтты. 

“Меніңше, біз сандарға көбірек мән береміз. Бірақ біз үшін валютаның серпіні маңызды”, – деді ол.

Өз кезегінде журналистер Ұлттық банк өкілінен доллардың 600 теңгеге дейін қымбаттау мүмкіндігін сұраған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Біз болжам жасамаймыз. Бізде айырбас курсы еркін режимде. Номиналды курс бағамы бойынша болжам жасамаймыз”, – деді ол.

Сондай-ақ Тутушкин доллар бағамының көтерілуіне әсер ететін факторларды да атап өтті. 

“Ең басты фактор – әлемде доллардың нығаюы. Доллар дамушы және дамыған елдердегі барлық валютаға қатысты қымбаттап келеді. Егер біз теңге мен еуроның қатынасын алып қарасақ, ол берік және тұрақтырақ. Ал долларға қатысты тұрақсыз. Себебі америкалық валюта әлемде нығайып келеді”, – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!