Connect with us

IN-THE-NEWS

Көшбасшылық, корпоративтік мәдениет, ашықтық” кітабының тұсаукесері өтті

Published

on

By

20 қарашада Астана қаласында Huawei компаниясы туралы “Huawei: Көшбасшылық, корпоративтік мәдениет, ашықтық” атты кітабы көпшіліктің назарына ұсынылды. Халықаралық Huawei компаниясының даму кезеңдерін сипаттайтын бұл кітап қазақ тіліне аударылып, Steppe&World баспасында басылып шыққан. Сондай-ақ кітаптың таныстырылымында техника мен ақпараттық технологиялар саласында қазақ тілінің дамуына қатысты ашық ойталқы өтті. 

Фото: Huawei баспасөз қызметінен

“Huawei: Көшбасшылық, корпоративтік мәдениет, ашықтық” кітабында Huawei компаниясының ақпараттық технологиялар саласында әлемдік көшбасшыға айналуына түрткі болған маңызды шешімдер, компаниядағы ұжымдық мәдениет пен басқару стратегиялары жайлы сөз қозғалады. 

хуавей

Фото: Huawei баспасөз қызметінен

Steppe&World Publishing баспасының негізін қалаушы Раиса Кадер кітапты қазақ тіліне аудару үшін 6 ай қажет болғанын айтады. 

“Жоба оңай болған жоқ, себебі кітаптың сапасы мен оқырмандарға беретін ақпараты өте құнды. Аудару кезінде аса қиындықтар туындамады, тек терминдермен жұмыс кезінде аздап күрделі болды. Бұл кітап құрғақ жазылған бизнес кітап емес. Бұл – сторителлинг, ішінде компанияның құрылу кезінде жасалған әр қадамын түсіндіреді. Философиясы мен құндылықтарын баяндайды, басшылар қалай шешім шығарды, соның барлығы баяндалады. Сондай-ақ кітапта қытай халқының еңбекке деген көзқарасы жатыр. Терминдерді аудару кезінде командамен талқылаймыз, қазақ тіліне бейімдеуге келсе, мағынасына қарай аударамыз. Егер келмесе, фонетикасына сәйкес қалдырып кетеміз. Кітап арқылы Huawei-дің қандай үлкен, ауқымды компания екенін, Huawei арқылы Қытайдың қалай дамып жатқанын білесіз”, – деп сөз бастады Раиса Кадер. 

Спикер ретінде ойталқыға қатысқан мәдениет қайраткері және автор, “Тіл қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай технология жайлы кітаптардың қазақ тіліне аударылуы тілдің әлеуетін арттыруға ықпал ететінін айтады.

“Қазақ тілі технологияның тіліне өте жақын. “Huawei: Көшбасшылық, корпоративтік мәдениет, ашықтық” кітабының аударылуы осыны көрсетеді. Тіпті жасанды интеллект те қазақ тілінде жауап бере алады қазіргі таңда. Қазақстанда қазақ тілінің әлеуетін сенетін жандар жетерлік. Солардың арқасында тіліміз жаңа кезеңге аяқ басты. Енді біз осыған бейінделуіміз керек. Қазақ тілі сәнде, қазақ тілі уақыттың ағымында, қазақ тілінің қолынан бәрі келеді. Осындай ұғымды біз өзіміз мойындап, балалардың бойына сіңіру керек. Қазақстан – өзінің тіл моделін жасап жатқан аз мемлекеттің бірі”, – деп түсіндірді Мақпал Жұмабай.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Кітаптың тұсаукесеріне Huawei Technologies Kazakhstan қоғаммен байланыс департаментінің директоры Ша На қатысып, осы тектес жобаларды жүзеге асырудың мән-маңызы жайында сөз етті. 

хуавей

Фото: Huawei баспасөз қызметінен, Ша На

“Huawei: Көшбасшылық, корпоративтік мәдениет, ашықтық” кітабын аударудағы басты мақсат – қазақ тілінің технология саласындағы қолданысын кеңейту. Кітап әзірге сатылымға шықпайды, біз оны жоғарғы оқу орындарына таратып беруді көздеп отырмыз. Бұл – коммерциялық дүние емес. Сонымен қатар біз Huawei компаниясының жасанды интеллект жөнінде үш курсын қазақ тіліне аудардық. Осы жөнінде әлі де талай айта жатармыз”, – деді Ша На.

Іс-шараға ғылым және жоғарғы білім министрлігінің өкілі Нұрсұлтан Махатов та қатысып, кітапжайлы ойын бөлісті. 

хуавей

Фото: Huawei баспасөз қызметінен, Нұрсұлтан Махатов

“Бүгінде қазақ тілінде деректерді қалыптастыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, жасанды интеллект қазақ тілінде сөйлеуі үшін үлкен деректер қорын қалыптастыру керек. Ал бүгін таныстырылып отырған Huawei секілді компанияның тарихын баяндайтын кітаптардың көбеюі оқырманның қызығушылығын арттырады. Келешекте осы тектес жобалар көптеп жүзеге асырылады деп сенеміз”, – дейді Нұрсұлтан Махатов. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Ақтауда бұрынғы қызын ұрып-соққан ер адамға бір емес екі айып тағылды

Published

on

By

Маңғыстау облысы полиция департаменті Ақтауда көшеде бұрынғы қызын ұрып-соққан ер адам ұсталғанын мәлімдеді. Олардың сөзінше, ер адамға ұрлық жасау және дене жарақатын салу бойынша қылмыс жасады деген айтып тағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Полиция департаментінің дерегіне сенсек, бұл оқиға барысында әйел адамды ұрып-соғып, оның жеке мүлкін тартып алған. Оқиға туралы ақпарат полицияға хабарланғаннан кейін жедел-іздестіру шаралары басталып, ер адам бірден ұсталды.

“Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Ал тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тергеушілер қылмыстың мән-жайларын анықтап, қосымша құқық бұзушылықтарды тексеріп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.




READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, желіде бұл жағдай сотталған экс-министрдің қылмысымен ұқсастығына байланысты ер адамды “Бишімбаевтың ізбасары” деп атаған.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда бір ер адам әйелді жұрттың көзінше ұрып-соққанын жазған едік. Бұл оқиға сыртқы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан ер адамның қызды бетінен ұрып, құлатқаны көрінеді. 

Деректерге сүйенсек, жәбірленуші мен шабуылдаушы бұрын қарым-қатынаста болған. Бірақ ер адам үнемі сүйіктісіне қол көтере берген соң, онымен айырылысып кеткен. Жәбірленушінің достарының айтуынша, сонда да бұрынғы жігіті қызды үнемі соңынан аңдып, қорқытып, ұрып-соғады екен. Полиция бұл факт бойынша тергеу жүргізіп, оқиғаға қатысушыларды анықтап, сотқа дейінгі тергеу бастады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Мәулен Әшімбаев елімізде тарифтерді өсіру керегін айтты

Published

on

By

Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев тарифтің жылдар бойы көтерілмеуінің салдарынан еліміздегі энергетика саласы қиын жағдайда екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/maulen_ashimbayev

“Тарифтер жылдар бойы көтерілген жоқ. Салдарынан біздің энергетикамыз, бүкіл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешеніміз біршама қиын жағдайда тұр”, – дейді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол мемлекет бюджетінің шығыны мен еліміздегі инфляцияны тежеу жолдарына тоқталды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қазір соңғы айлардың нәтижесін көріп отырмыз. 8,25%-ға дейін көтерілді емес пе? Меніңше, жылдық мәнде 8,5%-ға жетті. Біз бұған куә болды. Сол себепті инфляция өздігінен төмендей береді деген дұрыс емес. Ол өздігінен төмендемейді, оның өсуіне әсер ететін маңызды факторлар бар”, – дейді Парламент сенатының төрағасы.

Мәулен Әшімбаев бұл ретте Ұлттық банк пен үкіметтің қаржы блогы тез арада үйлесімді жұмыс істеп, елдің экономикалық өсімін қамтамасыз ету мақсатында келісілген бағытты ұстануы маңызды екенін атап өтті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Жалғас Жұмағұлов өзі чемпион болған тұжырыммен қайта келісімшартқа отырды

Published

on

By

Фото: Oktagon

UFC тұжырымының экс-спортшысы Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon тұжырымындағы дебютті жекпе-жегінде жарқын жеңіске жеткеннен кейін чемпиондық белбеуге бірден-бір үміткер атанған еді. Бірақ қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Fight Night лигасымен 4 жекпе-жекке келісімшартқа отырған. Келісімшарт бойынша отандасымыз 2025 жылға дейін ММА мен бокс ережелері бойынша бірнеше жекпе-жек өткізеді. Ол бұған дейін 2018 жылы Fight Night чемпионы атанып, кейін UFC-ге ауысқан еді.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегін Жалғас Жұмағұлов еуропалық Оktagon тұжырымында Уэльс спортшысы Аарон Эйбиге (16-9-1) қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!