Connect with us

IN-THE-NEWS

Мәулен Әшімбаев елімізде тарифтерді өсіру керегін айтты

Published

on

By

Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев тарифтің жылдар бойы көтерілмеуінің салдарынан еліміздегі энергетика саласы қиын жағдайда екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/maulen_ashimbayev

“Тарифтер жылдар бойы көтерілген жоқ. Салдарынан біздің энергетикамыз, бүкіл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешеніміз біршама қиын жағдайда тұр”, – дейді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол мемлекет бюджетінің шығыны мен еліміздегі инфляцияны тежеу жолдарына тоқталды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қазір соңғы айлардың нәтижесін көріп отырмыз. 8,25%-ға дейін көтерілді емес пе? Меніңше, жылдық мәнде 8,5%-ға жетті. Біз бұған куә болды. Сол себепті инфляция өздігінен төмендей береді деген дұрыс емес. Ол өздігінен төмендемейді, оның өсуіне әсер ететін маңызды факторлар бар”, – дейді Парламент сенатының төрағасы.

Мәулен Әшімбаев бұл ретте Ұлттық банк пен үкіметтің қаржы блогы тез арада үйлесімді жұмыс істеп, елдің экономикалық өсімін қамтамасыз ету мақсатында келісілген бағытты ұстануы маңызды екенін атап өтті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Мәжіліс депутаты Баққожаев үй жануарларын стерильдеу әдісінің тиімділігіне күмәнданды

Published

on

By

Мәжілісте “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” заң жобасына арналған дөңгелек үстел барысында депутат Анас Баққожаев үй жануарларын стерильдеу әдісінің тиімділігіне күмән келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Бұл тақырыпты қозғаған кезде мәжілісмен Анас Баққожаев әріптестерін күлдіріп алды.

“Кез келген биологиялық тіршіліктің басты мақсаты – көбейіп, ұрпақ қалдыру. Мен де ұрпақ жалғастырғым келеді, бәрі көбейгісі келеді. Микробтар да көбейгісі келеді. Солай ма? Күлмеңіздер. Бірақ стерильдеу туралы айтқанда, біз жануарларды осы мүмкіндіктен айырамыз. Стерильдеуді талап етуді тиімді әдіс деп санайсыздар ма?” – деп сұрақ қойды депутат.

Бұл мәселеге жауап ретінде заңгер және жануарларды қорғаушы Ольга Ченцова жануарлардың көбеюін бақылаудың маңызын атап өтті.

“Бәрі әрқашан көбейгісі келе бермейді, бұл бір. Адамдар да әрайым ұрпақ сүйгісі келе бермейді. Ал иттер мен мысықтарға келсек, егер олардың көбеюіне үнемі рұқсат берсек, қаншама жануар пайда болады? Миллиардтар, миллиондар болатынын түсінесіз бе? (…) Сондықтан көбеюге рұқсат беру мүмкін емес”, – деді Ченцова.

Зооқорғаушының айтуынша, жануарлар кастрациядан зардап шекпейді, керісінше, өзін жақсы сезінеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Менің үйімде көшеден алынған үш ит бар, олардың бәрі кастрацияланған және өзін өте жақсы сезінеді. Олардың ешқайсысы көбейе алмайтынына қиналмайды, бұл – шындық. Сондықтан көбею туралы айтсақ, сандар геометриялық прогрессиямен өседі, бұл мүмкін емес нәрсе”, – деп түсіндірді ол.

Осы сәтте әңгімеге модератор, депутат Еділ Жаңбыршин араласты.

“Ер адамдардан басқасын стерильдеуге болады дегеніңіз бе сонда?” – деп сұрады мәжілісмен.

“Иә, дұрыс түсініп отырсыздар. Біз стерильдеу, кастрация және сүндеттеуді ажырата білуіміз керек. Бұл – әртүрлі нәрселер. Сүндеттеу – пайдалы процедура, кастрация – гормоналды функцияны тоқтату, ал стерильдеу – басқа. Кастрацияланған иттер мен мысықтар шамамен бір жарым жылға ұзақ өмір сүреді. Себебі онкологиялық аурулардың және басқа да қауіптердің алдын алады. Сондықтан олардың ешқайсысы зардап шекпейді”, – деп қорытындылады Ольга Ченцова.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында қаңғыбас иттер тұтас бір қаланы үрейде ұстап отырғанын жазған едік. Елордадан шалғайда орналасқан Қосшыда қаңғыбас иттер көпқабатты үйлердің ауласында, аялдамалар мен көшелерде қаптап жүр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жануарлардың мектеп оқушыларына да шабуыл жасауы ықтимал. Көпбалалы ана Гүлжанат Жұмашева балаларын үйден жалғыз қалдыруға қорқатынын айтты. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Телефондағы мемлекеттік жүйе арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады

Published

on

By

Қазақстанда телефондағы мемлекеттік жүйе арқылы азаматтардың несие тарихы қадағаланбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: pexels.com

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” акционерлік қоғамы eGov мобильді қосымшасында “Несие және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық” қызметі іске қосылғанын мәлімдеді.

“Бұл қызмет “Мемлекеттік несие бюросы” АҚ мәліметтері бойынша ақпарат беретін “Несие беру” және “Сақтандыру” деген екі бөлімнен тұрады. “Несие беру” бөлімінде пайдаланушыға кейінгі бес жылдағы несие тарихы туралы есеп, белсенді несиелік міндеттемелер туралы ақпарат және скорингтік балл (пайдаланушының несиелік қабілеттілік деңгейінің көрсеткіші) ұсынылады”, – делінген хабарламада. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Жоғарғы сот кейбір қазақстандықтардың несиесін кешіруді ұсынды Қазақстан алдағы уақытта несие берушіден қарыз алушы елге айналмақ – Қаржы сарапшылары

Деректерге сәйкес, “Сақтандыру” бөлімінен бұрын жасалған сақтандыру шарттары мен полистері туралы жалпы есеп, сондай-ақ бонус-малус класы туралы ақпарат табуға болады.

Бұған дейін қазақстандық банктердің онлайн несие беру кезінде SMS-пароль жіберуге міндеттелетіні туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Астанадағы бір көшеге бұрынғы премьер-министрдің есімі берілді

Published

on

By

Астанадағы көшенің біріне мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаевтың есімі берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Нұрлан Балғымбаев туралы “Жарқын өмір сүрдім” фильмінен скрин жасалған

Астана әкімдігінің дерегіне сенсек, қалада мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаев атындағы көше пайда болды. Аталған көше елорданың Есіл ауданында орналасқан. Ұзындығы – 1 100 метр. Түркістан көшесінен басталып, Ұлы дала даңғылында аяқталады.

Әкімдіктің хабарлауынша, бұған дейін мұнда екі көше болған: бірі жобалық атауы № 29/1 (Қабанбай батыр даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейін), екіншісі – аты жоқ көше (Түркістан көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін). Бұл екі көше біріктіріліп, бұрынғы үкімет басшысының атымен аталған.

Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің, энергетика министрлігінің өкілдері, мұнай-газ саласының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері және көрнекті тұлғаның отбасы мен туған туыстары қатысты.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі.

“Бүгін – шаһарымыздың қоғамдық-саяси өмірінде айтулы күн. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елорда көшесіне тарихи тұлға, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаевтың есімі беріліп отыр. Бұл көше қала тұрғындары мен қонақтары көп жүретін орталықта орналасқан. Нұрлан Өтепұлы Тәуелсіз Қазақстан тарихында қажырлы еңбек атқарған салиқалы саясаткер, мемлекетшіл тұлға еді. Әсіресе ел Үкіметін басқарған кезде көптеген игі реформаларды қолға алып, жұмысты жақсартуға көп үлес қосты”, – деді Есет Байкен. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Фото: Астана әкімдігі

Әкім орынбасары мұнай-газ саласына жетекшілік еткен жылдары елдің инвестициялық әлеуетін көтеріп, салаға тың серпін бергенін атап өтті. Оның айтуынша, қайраткер саналы ғұмырын ел игілігіне, мұнай-газ саласын дамытуға арнап, абыроймен ғұмыр кешті. 

“Өмірінің біраз бөлігін елордада өткізді. Осы қалада жүріп, маңызды шешімдер қабылдады. Атқарған көп ісі тәуелсіз ел тарихына алтын әріппен жазылғаны сөзсіз. Елге қызмет еткен қайраткерлерді ұлықтау, жас ұрпаққа насихаттау – қажет іс. Осы арқылы мықты азаматтар буынын тәрбиелей аламыз. Нұрлан Өтепұлының есімі ешқашан ұмытылмайды деп сеніммен айта аламын”, – деді әкім орынбасары.



Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында екі елді мекеннің атауы өзгертілгенін жаздық. Казцик ауылына қазақ театр педагогикасының негізін салушы Асқар Тоқпановтың есімі берілді. Осыған орай ауылда салтанатты шара өтті. Қызыл лентаны қию құқығы құрметті қонақтарға тапсырылды. Ашылу салтанатына қатысқан тұрғындар бұл шешімге риза болды. Олар мұны Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және танымал ету жолындағы маңызды қадам деп санайды. Сондай-ақ бұл күні Комсомол ауылының аты Жайнақ болып өзгертілді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!