Connect with us

IN-THE-NEWS

Түркістан облысындағы түзеу мекемесінің бұрынғы қызметкері әділдік сұрайды

Published

on

By

Түркістан облысындағы №55 түзеу мекемесінің бұрынғы қызметкері әділдік сұрайды. Оның айтуынша, майор Дархан Төлегенов түрме басшысы ұрып-соғып, жұмыстан мәжбүрлеп шығарды деп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Ішкі істер органында 15 жылдан аса тәжірибесі бар азамат өзге де заңсыздықтарды айтып берді. Жәбірленуші Дархан Төлегенов түзеу мекемесінде жарты жыл ғана жұмыс істеген. Ол түрменің үш бірдей басшысы кабинетке кіргізіп, соққыға жықты деп отыр. Оны орындықпен ұрып, негізсіз жала жапқанын айтады.

“Қызмет бөлмесіне кіргізіп алып, “Мекемеге есірткі кіргізбекші болдың, сотталғанға ұялы телефон кіргізбекші болдың” деп жалған айыптады. Сол жерде мені ұрып, мойнымнан қылқындырып, мәжбүрлі түрде баянат жаздырып алған”, – деді Дархан Төлегенов.

Ер адам полицейлерді шақырса да, олардың мүлдем шара қолданбағанын айтады. Дегенмен бұл жайттан кейін түзеу мекемесінде тексеріс жүргізілген екен.

Шымкент қаласы және түркістан облысы бойынша қаж департаментінің бөлім бастығы Қарлығаш Құралбаева мүлдем заңбұзушылық анықталмағанын айтады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“№55 түзеу мекемесінде сотталғандар мен заңсыз қарым-қатынасқа түскен дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, қорытындысына сәйкес теріс қылықтармен босатылды. Басшыларына қатысты прокуратура мен қызметтік тексеру жүргізіліп, қорытындысына сай дәлелін таппауына байланысты тексеріс тоқтатылды”, – деді Қарлығаш Құралбаева.

Ер адам енді  ішкі істер министрлігіне шағым түсірмек. Айтуынша, бейнебақылау камерасында барлық жайт жазылып қалған. 



Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысы Леңгір қаласындағы №55 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан балаларымызды азаптап жатыр деген ата-аналар шу шығарды. Ата-аналардың айтуынша, абақты басшылығы жазасын өтеушілерге күн көрсетпейді екен. Сондықтан түрмедегі жазасын өтеушілер арасында өзіне қол салу жағдайлары жиілеген. Түзеу мекемесіндегі сотталушылар туыстарына видеоүндеу жолдап, көмек сұраған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Ішкі істер министрлігі желіде тараған ақпаратқа жауап берді

Published

on

By

Желіде бір топ адам пәтерлерді аралап, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып жүргені туралы ақпарат тарады. Аталған мәліметке Ішкі істер министрлігі пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, өзін полиция қызметкерімін деген адамның жеке куәлігі барын тексеру керек. Егер ол құжатын ұсынса Ішкі істер министрлігінің белгісі бар жоғын анықтаңыз дейді. 



“Пәтерлерді аралап, өзін ішкі істер министрлігінің қызметкері ретінде таныстыратын бір топ адам барын ескеруіңізді сұраймыз. Олар Ішкі істер министрлігінің белгісі бар құжаттар мен бланкілерді ұстап жүреді. Сондай-ақ “халық санағы” қарсаңында барлық тұрғында жарамды жеке куәліктерінің бар-жоғын тексеріп, биометрикадан өту керегін алға тартады. Сымбатты әрі Ішкі істер министрлігінің формасын киіп алған”, – делінген желіде тараған ақпаратта. 

Сонымен қатар,  жазбада осындай әрекеттерге қатысы бар деген бірнеше ер адамның видеосы бар.

“Ұрылар жүр, абай болыңдар. Кеше олар Толстой-Кутузовты нысанаға алған”, – деп жазылған видеода. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, бұл тұлғалардың ешқандай қылмысқа қатысы жоқ.

“Көрсетілген тұлғалардың ешқандай құқық бұзушылыққа қатысы жоқтығы расталды”, – делінген хабарламада. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінге, фото мен видеода көрсетілген азаматтар жалған ақпарат таратқаны үшін полицияға арызданған.

Айта кетейік, бұған дейін Желіде жолбарыстың қала ішінде жүргені туралы жалған ақпарат таратқан теміртаулық жауапқа тартылғаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтауда бұрынғы қызын ұрып-соққан ер адамға бір емес екі айып тағылды

Published

on

By

Маңғыстау облысы полиция департаменті Ақтауда көшеде бұрынғы қызын ұрып-соққан ер адам ұсталғанын мәлімдеді. Олардың сөзінше, ер адамға ұрлық жасау және дене жарақатын салу бойынша қылмыс жасады деген айтып тағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Полиция департаментінің дерегіне сенсек, бұл оқиға барысында әйел адамды ұрып-соғып, оның жеке мүлкін тартып алған. Оқиға туралы ақпарат полицияға хабарланғаннан кейін жедел-іздестіру шаралары басталып, ер адам бірден ұсталды.

“Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Ал тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тергеушілер қылмыстың мән-жайларын анықтап, қосымша құқық бұзушылықтарды тексеріп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.




READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, желіде бұл жағдай сотталған экс-министрдің қылмысымен ұқсастығына байланысты ер адамды “Бишімбаевтың ізбасары” деп атаған.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда бір ер адам әйелді жұрттың көзінше ұрып-соққанын жазған едік. Бұл оқиға сыртқы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан ер адамның қызды бетінен ұрып, құлатқаны көрінеді. 

Деректерге сүйенсек, жәбірленуші мен шабуылдаушы бұрын қарым-қатынаста болған. Бірақ ер адам үнемі сүйіктісіне қол көтере берген соң, онымен айырылысып кеткен. Жәбірленушінің достарының айтуынша, сонда да бұрынғы жігіті қызды үнемі соңынан аңдып, қорқытып, ұрып-соғады екен. Полиция бұл факт бойынша тергеу жүргізіп, оқиғаға қатысушыларды анықтап, сотқа дейінгі тергеу бастады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Мәулен Әшімбаев елімізде тарифтерді өсіру керегін айтты

Published

on

By

Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев тарифтің жылдар бойы көтерілмеуінің салдарынан еліміздегі энергетика саласы қиын жағдайда екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/maulen_ashimbayev

“Тарифтер жылдар бойы көтерілген жоқ. Салдарынан біздің энергетикамыз, бүкіл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешеніміз біршама қиын жағдайда тұр”, – дейді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол мемлекет бюджетінің шығыны мен еліміздегі инфляцияны тежеу жолдарына тоқталды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қазір соңғы айлардың нәтижесін көріп отырмыз. 8,25%-ға дейін көтерілді емес пе? Меніңше, жылдық мәнде 8,5%-ға жетті. Біз бұған куә болды. Сол себепті инфляция өздігінен төмендей береді деген дұрыс емес. Ол өздігінен төмендемейді, оның өсуіне әсер ететін маңызды факторлар бар”, – дейді Парламент сенатының төрағасы.

Мәулен Әшімбаев бұл ретте Ұлттық банк пен үкіметтің қаржы блогы тез арада үйлесімді жұмыс істеп, елдің экономикалық өсімін қамтамасыз ету мақсатында келісілген бағытты ұстануы маңызды екенін атап өтті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!