Connect with us

IN-THE-NEWS

Ғылым министрі Саясат Нұрбек грантсыз қалғаны үшін өзін сотқа берген түлектер жөнінде айтты

Published

on

By

Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек грантсыз қалғаны үшін министрдің үстінен сотқа арызданған түлектер жөнінде пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Журналистер Саясат Нұрбектен сенат кулуарында түлектердің арызына қатысты өткелі жатқан сот отырысы жайында сұрады. 

“Сот отырысы келесі аптаға қалдырылды, офлайн режимінде өтеді. Сот шешімі келесі апта талқыланады. Топ болғанда бір адам ғана арызданған. Қалған адамдардың сұрақтары шешіліп жатыр. Толыққанды бұл шағымдар сот деңгейінде қаралып, кейбірі (арыздар – ред.) қайтарылды”, – деді ол. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Саясат Нұрбек өз сөзінде түлектердің арызымен келіспейтінін айтты. 

“Арызбен келіспеймін. 20 адам сотқа берді. Әр жағдай егжей-тегжейлі қарастырылды. 15 адам грантқа ие болған. Бірақ соттың өзі олардың не үшін арызданғанын түсінбеді”, – деп қосты ғылым министрі.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қытайлық компания кездесуге шығып, қарым-қатынас құрған қызметкерлерге 1000 юань төлеуге уәде етті

Published

on

By

Қытайда Insta360 компаниясы романтикаға арналған ынталандыру бағдарламасын енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay

Жаңа бағдарламаға сәйкес, компания жәй танысқандарға емес, табысты қарым-қатынас құрған жұптарға қомақты ақы төлейді.  

“Insta360 фотокомпаниясы жалғызбасты жұмысшылар өзіне серік табуы үшін ақшалай сыйақы тағайындайды. Ол үшін жұп болып ғана қоймай, сәтті қарым-қатынас құрған жөн”, – делінген басылым хабарламасында. 

Компания басшылығы өздерінің арнайы танысу платформасында екі түрлі компанияда жұмыс істемейтін жанмен жұп құрған адамға 66 юань (4 мың 514 теңге) төлеуге уәде берді. Дегенмен, сыйақы көлемі 66 юаньмен шектелмейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Таныстықтан соң тарифтер өседі. Егер қызметкер үш ай немесе одан да көп уақыт қарым-қатынасты сақтаса, онда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына 1000 юань (68 мың теңгеден аса) төленеді.

Бағдарлама басталғалы платформаға 500-ге жуық адам тіркелген. Бұл бастама күлкілі болып көрінуі мүмкін. Дегенмен соңғы жылдары Қытайда үйленетіндер саны азайып барады. Сонымен қатар туу көрсеткіші де төмендеп жатыр. Дегенмен, мұндай көрініс әлемнің басқа елдерінде де байқалады.

Қазақстанға әзірге мұндай соны шаралармен қауіп төніп тұрған жоқ. Себебі Қазақстан туу деңгейі ең жоғары елдердің бірі. Болжам бойынша, 2027 жылға қарай елімізде бала саны 8 миллионға дейін артады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

“Біз біргеміз” қорында жарияланған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты

Published

on

By

BizBirgemiz қоғамдық қорының сайтында жарияланған фотосуреттер Freepik арнайы сайтынан сатып алынған болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кaztag.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Кaztag.kz

Басылымның мәліметінше, қордың бас бетінде ақша жымқырды деп күдікке ілінген қордың құрылтайшысы Перизат Қайраттың суреті жарияланған.  Ол су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 1,5 миллиард теңге мен Палестина халқына көмек ретінде жиналған 200 миллион теңгені ұрлағаны үшін күдікке алынған.

Сайтта көрсетілген мәліметтерге сәйкес BizBirgemiz қоры Қазақстанның Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Абай, Ақмола және Ұлытау облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинауды ұйымдастырған. 

Қор өзі өткізген қайырымдылық акцияларын сипаттап, екі фотосуретпен біріктіріп жіберген. 

Фото: bizbirgemiz.kz

Біріншісінде бір топ адам, оның ішінде көбінесе шетелдік азаматтардың азық-түлік жинап жатқаны көрінеді. Екіншісінде жас қыз қолында қорап ұстап тұр. Бірақ Google Chrome браузерінің Google Lens функциясын пайдаланып, бұл фотосуреттердің түрлі сайттарда кездестірілетінін көруге болады. Ал суреттердің негізгі көзі Freepik болып шықты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Фото: kaztag.kz

Фото: kaztag.kz



Еске салайық, бұған дейін редакция Перизат Қайраттың 18 наурызда Газа секторына көмек көрсеткені туралы айтқандары шындыққа сәйкес келмейтінін жазған едік. Шынында, бұл сапарға Рано мен Марго есімді блогерлер қатысып, мұқтаж жандарға көмек көрсеткен. Өздерінің жеке парақшаларында бұл әрекеттерінің дәлелдері болғанына қарамастан, олар Перизаттың өз атынан ақпарат жариялап жатқанын айтып, наразылық білдірді. Олар бірнеше рет Перизаттан бұл посттарды алып тастауды сұрағанымен, блогер бұл әрекетін жалғастыра берген.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Миллиардер Гаутам Адани Үндістан шенеуніктеріне пара бергені үшін қамауға алынды

Published

on

By

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі, үнділік Adani Group конгломератының басшысы Гаутам Адани АҚШ-та бірнеше миллиард доллар пара берді және алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Прокурорлардың айтуынша, миллиардерді қамауға алу туралы ордер дайын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Reuters

Шетелдік БАҚ мәліметінше, Адани мен оның серіктері Үндістан үкіметіне пара беруге келіскен.

“Билік Адани мен тағы жеті айыпталушы, оның ішінде жиені Сагар Адани 20 жыл ішінде 2 миллиард доллар пайда әкелетін келісім-шарттарды жеңіп алу және Үндістандағы ең ірі күн энергиясы жобасын жүзеге асыру үшін Үндістан үкіметінің шенеуніктеріне шамамен 265 миллион доллар пара беруге келіскенін айтты”, – делінген хабарламадаү 

Тергеушілердің айтуынша, Aдани және Adani Green Energy компаниясының басшысы, бұрынғы бас директор Внит Джаайн өздерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін несие берушілер мен инвесторлардан жасырған. Осылайша олар 3 миллиард доллардан астам несие мен облигация жинаған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Forbes журналының мәліметінше, 62 жастағы Аданидің байлығы шамамен 69,8 миллиард доллар. Ол Америка Құрама Штаттарында ресми түрде қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған санаулы миллиардерлердің бірі.

Ол байлығының көлемі бойынша әлемде 22-орында. Ал Үндістанда 2-орын. 

Осы жылдың наурыз айында Adani Group қысқа мерзімді шабуылдан кейін алғаш рет долларлық облигациялар нарығына кірді. Adani Green Energy энергетикалық компаниясының және онымен байланысты кәсіпорындардың 18 жылдық облигацияларының шығарылымы шамамен 2,9 миллиард доллар сомаға өтінімдерді тартты. Бұл ұсынылған 409 миллион доллар көлемінен жеті есе жоғары. Bloomberg дереккөзінің хабарлауынша, эмитент бұл қаражатты желтоқсанда өтеу мерзімі 500 миллион долларлық вексельді өтеу үшін пайдаланады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!