Connect with us

IN-THE-NEWS

1 желтоқсаннан бастап қазақстандықтар үшін Ресейге кіру ережесі өзгереді

Published

on

By

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі отандастарға төлқұжаттық бақылаудың жаңа ережелерін ескеру керегін айтты. Енді қазақстандықтар Ресейге Мәскеуге кірерде биометриялық сәйкестендіруден өтуі керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

1 желтоқсаннан бастап Қазақстан азаматтары Мәскеуге және Орынбор облысына келген соң биометриялық сәйкестендіруден өтуге міндетті болады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Яғни, биыл 1 желтоқсанынан бастап Ресейде шетелдіктерден биометриялық деректерді жинаудың эксперименттік кезеңі басталады. Басқа мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар қосымша тексеруден өтуі керек. Мәскеу әуежайларында және Орынбор облысындағы автомобиль өткізу пункттерінде азаматтар бет-әлпетінің суреті мен саусақ іздерін қалдыру қажет.

Десе де бұл жаңашылдықтың алты жасқа толмаған балаларға және дипломатиялық миссияның өкілдеріне еш қатысы жоқ.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Published

on

By

Париж олимпиадасының қатысушысы Айдос Сұлтанғали Арменияда өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

. Фото: UWW

Грек-рим күресінен әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Айдос Сұлтанғали Армения астанасы Ереванда әскерилер арасындағы әлем біріншілігінде үздік үштіктен көрінді. 60 келіде белдескен балуанымыз жартылай финалға дейін еркін жеткен. Бірақ ақтық сынға жолдама беретін белдесуде қарсыласына есе жіберіп, алтын үшін белдесу мүмкіндігінен айырылды. Дегенмен кіші финалда колумбиялық балуанды айқын басымдықпен жеңіп, “классиктер” қоржынына алғашқы жүлдені салды. 

. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен Мейіржан Әшіровтің 70 келіде алтыннан алқа таққанын жазған едік. 

.

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Талғарда уақытша ұстау изоляторының басшысы күдіктінің қашуына байланысты қызметінен босатылды

Published

on

By

Талғардағы уақытша ұстау изоляторының басшысы мен қызметкері полиция қызметінен босатылды. Олар туыс қарындағыс зорлады деген күдікке ілінген Бекарыс Қалмырзаевтың қашуына жол бергені үшін жазаланды. Алматы облысының полициясы күдіктіні бірнеше күн бойы іздестірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы облысы полиция департаменті

Мәліметтерге сенсек, Талғар аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК 371-бабы (“Мемлекеттік немесе құқық қорғау органының басшысының қызметтегі әрекетсіздігі”) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

“Бұл қылмыстық іс аясында қызметкерлердің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, қызметтік тексеру нәтижесінде 12 қызметкер қатаң тәртіптік жауапқа тартылды. Оның ішінде уақытша ұстау изоляторының басшысы мен жауапты қызметкер ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан босатылды”, – делінген ішкі министрлігінің жауабында.

Бұдан бөлек, күдікті Бекарыс Қалмырзаевтың қашу фактісі бойынша да Қылмыстық кодекстің 426-бабы “Қамаудан, тұтқыннан немесе күзеттен қашу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Фото: Алматы облысы полиция департаменті



Еске салайық, бұған дейін Талғарда 26 жастағы жігіт өз жиен қарындасын зорлағаны үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қашқын күдікті Тереңқара ауылында тұрып, оның қашып кетуі 17:00-де тіркелген. Күдікті қашу кезінде қара киім мен аяқ киім киген. Оған қатысты қызметтік тергеу басталды. Бұрын да осындай жағдайлар болған, бірақ полиция қашу мән-жайын түсіндіре алмай отыр.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сенат алдағы үш арналған бюджет жобасын мәжіліске қайтарып, Ұлттық қордан трансферт алу жөніндегі заңды қабылдады

Published

on

By

21 қарашада сенаттың жалпы отырысында депутаттар 2025-2027 жылдарға арналған бюджет туралы заңын мәжіліске қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.соm

Құжатқа сәйкес 2025 жылы республикалық бюджеттің кірісі 15,6 триллион теңге, 2026 жылы 16,7 триллион теңге, 2027 жылы 18,2 триллион теңге болады деп болжанған. 2025 жылғы республикалық бюджет кірістерінде ең үлкен үлесті салмақ (97,2 %) салық түсімдеріне тиесілі.

Сонымен қатар алдағы үш жыл Ұлттық қордан жыл сайын 2 триллион теңге көлемінде трансферт алу жоспарланған. Сонымен қатар мұнай секторындағы кәсіпорындар есебінен Ұлттық қорға 2025 жылы 4,8 триллион теңге түседі деп жоспарланып отыр. Үш жылдық бюджет шеңберінде мемлекеттік шығындар көлемі 8,2 триллион теңге болады делінген. 

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов заңды талқылау барысында Сенат комитеттері мен депутаттарының ұсыныстарын ескере отырып, 2025 жылы шығыстарды 60 миллиард теңге сомаға ұлғайту қолдау тапқанын атап өтті. 

“Шығыстарды ұлғайтуды қаржыландыру Үкімет резерві есебінен жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдар арасында қаражат қайта бөлінді, сондай-ақ депутаттардың басқа да ұсыныстары қолдау тапты. Сенат комитеттері мен депутаттарының барлық ескертулері мен ұсыныстары салыстырма кестеге жинақталды”, – деді ол өз баяндамасында.  

Заңға сәйкес алдағы үш жылда келесі бағыттар бойынша қаржы жұмсалады деп көзделген:  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

  • сумен жабдықтауға және су бұруға жалпы сомасы 137,0 млрд. теңге, оның ішінде 2025 жылға – 110,0 млрд. теңге, бұл сумен жабдықтау қызметтеріне халықтың қолжетімділігін қалаларда 99,6%-ға, ауылдарда 98%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді; 
  • газ тасымалдау жүйесін дамытуға жалпы сомасы 93 млрд теңгеге, оның ішінде 2025 жылға – 66 млрд теңге, бұл газдандыру деңгейін 62%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді;
  • жылу, электр энергетикасын дамытуға жалпы сомасы 82,0 млрд. теңге, оның ішінде 2025 жылға – 70 млрд. теңге;
  • инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жалпы сомасы 234,0 млрд. теңге, оның ішінде 2025 жылға – 168,0 млрд. теңге;
  • көлік инфрақұрылымын дамытуға жалпы сомасы 1,7 трлн. теңге, оның ішінде 2025 жылға – 1,1 трлн. теңге. 

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар бюджет жайлы заңды мәжіліске қайтарды. Дегенмен Ұлттық қордан трансферт алу жөніндегі заңды президенттің қол қоюына жіберді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!