Ақтөбедегі 700 орындық №8 түрмедегі сотталушылардың саны 900-ге жеткен. Десе де колония басшылары бәріне бірдейжағдай жасап отырғандарын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегілер тілшілерге жабық мекеменің жай-күйімен танысуға рұқсат берді. Мекеменің ішінде телефон қолдануға болмайды. Тілшімен тілдескен сотталушылардың айтуынша, олардың ешқандай шағымы жоқ.
“Мекемеде үш мезгіл тамақтандырады. Аптасына бір рет моншаға түсіреді. Аптасына төсек жабдығын ауыстырғызады, өздері береді. Мекемеге прокуратура, КУИС, ДУИС-тан келіп, осында тексеріс жүргізеді. Ешқандай арыз-шағымымыз жоқ”, – дейді сотталушы.
№8 мекеме ел арасында “алтынша түрме” деп аталып кеткен. 1957 жылы салынған түрме 700 жадамға арналғн. Бірақ соңғы жылдары сотталғандар саны көбейіп, бүгінде екі жүз адам артық орналасқан. Бірақ барлығының қарны тоқ, тұрмыс жағдайы жақсы дейді түрме басшылары. Ал шағымданғандар, ауыр қылмыс жасап, ережеге бағынудан бас тартқандар және қосымша жаза арқалағандар арнайы камераға оқшауланған екен. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
“Шағым берушілер, негізі қатаң түрдегі жасақтағы сотталғандар біздегі қатаң түрдегі оқшаулаған соң, шағымдану болған. Тұрмыстық қажеттілік қарастырылған, жасақ ішінде. Қазір ештеңе қажет етпейді”, – дейді Ақтөбе облысы ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Қанат Алпысбаев.
Мекемедегі 300-ге тарта жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған. Киім тігеді, ағаштан түрлі бұйым жасап жалақы алады. Енді қалған 600 адам қамауда бос отырмау үшін кәсіпкерлерді түрмеден кәсіп ашуға шақырып жүр.
“Арнайы киімдер тігеміз. Біреулер пішілген матаны көктеп жатса, біреуі астарын тігеді. Әркімге жүктелген тапсырма бар. Айлығыма керек-жарағымды аламын. Негізінен темекі, шай, азық-түлік сатып аламын”, – дейді сотталушы Валерий Шатраво.
Түрмеде жазасын өтеушілер сауда жасайтын дүкен де бар екен. Алайда басшылар ондағы тауарлар мен мекемедегі асхананы көрсетуден бас тартты.
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков сүрілген Мәдениет үйінің орнына Жастар үйі салынатынын мәлімдеді. Құрылыс жұмыстары ақпанда басталмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Шымкент әкімдігі
Әкімнің сөзінше, ғимарат сейсмикалық және техникалық талаптарға сай келмегендіктен сүрілген.
“Біз уәде етілгеннің барлығын орындаймыз. Үш рет сейсмоберіктік пен техникалық тексеріс жүргіздік. Бұрынғы ғимараттың орны толық тазаланды, ақпанда құрылыс басталады. Жоба демеушілік қаржы есебінен салынады”, – деді әкім. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
“Фосфорник” мәдениет үйі соңғы бір жыл бойына бос тұрған. 2023 жылдың қарашсында ғимараттың Жастар сарайы болып қайта құрылатыны белгілі болды.
Еске салайық, ғимарат “Дархан групп” ЖШС жеке меншігінде болған. Оның құрылтайшыларының бірі – “сыра патшасы” атанған Тоқтар Төлешов. 2016 жылға дейін мұнда балалар клубтары жұмыс істеді. Бірақ Төлешовке қатысты үкім шыққаннан кейін ғимарат пен оның маңындағы аумақ тәркіленді, бірақ әкімдік мүлікті өз балансына қабылдамады.
“Дархан групп” мәдениет үйі сыра зауытына бес жыл ішінде 1,8 миллиард теңге қарыз болғанын мәлімдеді. Содан бері ғимарат қараусыз қалған.
Жынмен келісімшартқа отыру бір-ақ сағат! Алматылық емші Айнұр Бекеттің айтуынша, қара магия мен жындар әлемі бары рас. Ол Stan.kz тілшісіне тылсым күштің құпиясын ашып айтты.
Фото: Stan.kz/Медет Исапанов
– Емші деген кім?
– Емші – адамды емдейтін адамдарды айтады. Дәрігерлерден айырмашылығымыз, бізде қасиет болады. Адамның бойындағы ауырып тұрған жерлерін энергия арқылы байқап емдейміз.
– Сіз қара дуамен айналысасыз ба?
– Айналысып көрген емеспін, айналысқым да келмейді. Көп адам маған мынау сүйікті қызым немесе жігітім басын айналдырып беріңізші деп келеді. Енелер балам мен келінімді ажыратып бер, маған келінім ұнамайды деп суретін әкеліп отырады. Мен ондай жандарға есік әне деймін, олар кетпей милиондап ақша ұсынады. Біздің күшті сатып аламын деп ойлайды. Иә, сатып алуға болады. Жынмен келісімшартқа отыру бір-ақ сағат. Егер сол әрекетті жасасақ, таза әлемге енді келмейміз. Құдайдан кешірім сұрап, қайта бастауға болады, бірақ бойымыздағы қасиетті жоғалтып аламыз. Аллаға қарсы жұмыс істеп кетесің. Қазіргі заманда қара дуамен айналысатындар өте көп.
– Адам өзінің бойын дуадан қалай сақтайды?
– Тұзбен жуынып, тазаланып жүру керек. Ол сырттағы энергияны тазартады. Бірақ шынымды айтсам, одан ешкім қорғана алмайды. Мешітте намаз оқып жатқан кісілердің жындары қозып, айқайлап құлап жатады. Одан кейін не айтам, ол күнде құран оқитын кісі ғой. Соның ішіне жын кіргенде, қарапайым адамға кірмейді дейсіз ба? Тылсым әлем қорғайды. Сен құран оқығаның кішкене көмек болады, дегенмен бойыңды жан жағыңды таза ұстау керек. Ниетің түзу болып, санаға жаман ойды жібермеу керек. Дуаны бойыңа кіргізуің санаңа байланысты.
Неге қара дуамен айналысатындар, өз өмірі үшін неге қорықпайды?
Қара дуамен айналысатындар жын әлемімен келісімшартта отырады. Олар ешнәрседен қорықпайды. Себебі қорғаушылары мықты. Базар – магияның ордасы. Алтын көрсе періште жолдан таяды дейді ғой. Біз пендеміз қателесеміз. Бәсекелестер бір -біріне дуа жасап жатады. Дуадан арылу үшін маған келіп жатады. Мен келген адамның басын ұстап қазіргі жағдайын анықтаймын. Егер дуада, тіл көз тиген болса адам артқа қарай қимылдап өзін ұстай алмай қалады. Ал жолы ашық болса, бір қадам алға жылжып кетеді. Адамның басын, арқасын ұстағаннан кішкентай кезінде қайда өмір сүрді, әке-шешесі, бауыры туралы ақпаратты көріп аламын. Сосын қазіргі жағдайында қандай мәселе болып жатқанын қарап, ата-бабасының әруағымен тілдесемін. Кейде әр адамның тотемі келеді, жануарлар әлемінен. Жалғыздықты жақсы көретіндерге қасқыр, ұзақ өмір сүретіндерге тасбақа немесе жылан кейпінде келеді. Солай дуаны шешемін. Менің қасиетіме сақалдылар сенбейді, олар маған орамал таққыза алмай әлек. Бірақ армандары орындалмайды. Дін мен қасиетті байланыстыруға болмайды. Екеуі де Алладан, бірақ бағыты бөлек. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
– Адам ұйықтағанда неге бастырылып қалады?
– Әрине, бұл тылсым күш. Адам өз денесіне ие бола алмай, үстінде біреу отырғанын сезеді. Менің өмірімде ондай жағдай кездесті. Үйге жөндей жұмыстарын жасап, абыр -сабыр шығып жатқан кезде ұйықтап қалғанмын. Бірақ ояу сияқтымын себебі жан-жағымның бәрін сезіп жатырмын. Үстіме дәу, қара нәрсе келіп отырды да, екі қолымен мойныма жабысты. Оянып кетіп алыстым. Бұл нәрсе көбінесе адамның бойы, жатқан жері, энергетикасы таза болмағанда болады.
– Сіз болашақты болжайсыз ба?
– Жастардың көбі қашан тұрмысқа шығып, неше баласы болатынын білгісі келеді. Болашақты көретін кезде денем өзі сезеді. Мұздайды, жел өтеді бәрін көріп отырамын. Бірақ біліп тұрсам да ешкімнің болашағын айтпаймын. Болмайды. Менің ол кезде дуа жасайтындардан айырмашылығым болмайды.
– Емшінің алаяқ екенін қалай білеміз?
– Жұмысының нәтижесі арқылы ғана айыруға болады. Басқа жолы жоқ.
Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріңіздер
БҚО-дағы Ақсай қаласында 22 қарашада 10-шағын ауданы, №19 үйде өрт болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Батыс Қазақстан төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төртінші қабаттағы пәтерде 60 шаршы метр жиһаз бен жеке заттар жанып кеткен.
Өрт үлкейіп жатқандықтан, екі бүлдіршін төртінші қабаттың терезесінен секіреді, ал төменде оларды керілген шүберекпен ер адамдар ұстап алады. Өкініштісі, екінші бала құлағаннан кейін шүберектің шеті үзіліп кетті.
“Қазіргі уақытта 4 және 8 жастағы екі бала, сондай-ақ 43 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Оларға қажетті ем қабылданады”, – деп түсіндірді БҚо денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ақсай қалалық әкімдігі жағдай өз бақылауында екенін, отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.