Connect with us

IN-THE-NEWS

Ақтөбеде ерлі-зайыптыны қағып өлтірген полиция жәбірленушілерге талап қойды

Published

on

By

34 жастағы полиция қызметкеріне екі баппен айып тағылды. Ол мас күйде түнде велосипедпен үйге қайтып бара жатқан ерлі-зайыптыны қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші тарап пікір білдіруге қорқып отыр. Айыпталушы тарап материалдық көмек берген кезде “журналистерге айтпа” деген талап қойған. 25 жастағы ерлі-зайыптының артында екі бала жетім қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Коллаж/Stan.kz

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі адамның өлтірді деп айыпталған полиция қызметкеріне қатысты соттың алғашқы тыңдалымы өтті.

Сотталушы полиция қызметкері 34 жастағы Азамат Симанов соңғы рет №4 қалалық полиция бөлімінде жедел кезекші болып жұмыс істеген. Отбасылы оның кәмелет жасқа толмаған екі баласы бар.

“Ол қылмыстық кодексiнің 345-1-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша айыпталады”, – делінген хабарламада.

Велосипедпен жол шетінде кетіп бара жатқан ерлі-зайыптыны полиция қызметкері көлікпен қаққан. Жол апаты кезінде 25 және 26 жастағы ерлі-зайыпты оқиға орнында мерт болды. Айыптау актісінде полиция қызметкерінің көлікті мас күйінде жүргізгені айтылды.

“Сағат шамамен 00:10-да Азамат Симанов жеңіл дәрежедегі мас күйінде көлікке отырып, Ақжар-2 тұрғын алабы маңында жол ережесін сақтамай, сағатына 121 шақырым жылдамдықпен жүрген. Ол жылдамдықты асырып, жолдағы көру мүмкіндігін ескермеген. Жылдамдықты түсірмеді. Оқиға болған жерде сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүру тиіс. Сол күні Ақжар-2 тұрғын алабында велосипедке мінген 1998 жылы туған ер адам мен 1999 жылы туған әйелді қағыт кетті. Кейін Симанов жол-көлік оқиғасынан кейін қылмыстық іс-әрекетін жалғастырып, оқиға орнынан кетіп қалды. Жәбірленушілерге жедел жәрдем де шақырмады. Сот-медициналық сараптама қорытындысында Симановтың жеңіл дәрежеде масаң күйде болғаны анықталды”, – деді прокурор Сәкен Бертілеуов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Фото: Stan.kz

Жәбірленуші Кенжебаев бас-ми жарақатынан, көп қан жоғалтқаннан, көптеген дене жарақатынан қайтыс болды. Әйелі де түрлі дене жарақанынан оқиға орнында көз жұмған. Сот отырысы кезінде жәбірленуші тараптан қайтыс болған ерлі-зайыптының аналары отырды. Марқұмдардың 4 және 3 жастағы балалары ата-әжесімен тұрады.

“Немерем мен келінім екеуі сол күні біздің үйге келді. Түнгі  сағат 12:00-де басқа немеремді туған күнімен құттықтап кеткен. Біз Ақжар ауданында тұрамыз. Олар Есет батыр ауданында тұрады. Оқиға қайтар жолда болып тұр. Ол туралы біз тек таңертең естідік. Қазір айыпталушы бізге үш бөлмелі үй алып берді, материалдық көмек көрсетті. Ол жақ бізге үй алып бергенде талап қойды. Құжат дайындау кезінде медиатор әкелді. Шарттарға қосқан. “Журналистерге, телевидениеге ештеңе айтпайсыңдар, айтсаңдар келісім шартты бұзып, үйді алып кетеміз” деген. Қазір олардың алып берген үйде әке-шешесі солардың балаларымен тұрып жатыр. Олар осыған дейін пәтер жалдап тұрды”, – деді марқұмдардың әжесі Рая Имашева.

Қария соттан ештеңе талап етпейтінін, кешірім беретінін айтты. Сондай-ақ айыпталушыға сот қандай жаза тағайындаса да келісеміз деп отыр.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Полиметаллическое рудопроявление Чинасыл-Сай: Стартовали разведочные работы

Published

on

By

Рудопроявление Чинасыл-Сай, расположенное в Жамбылском районе Алматинской области, является одним из наиболее перспективных месторождений полиметаллов (свинец, цинк, кадмий) и драгоценных металлов (золото, серебро) в Казахстане. Проект, лицензия на который была выдана ТОО “Block One Company” в 2019 году, обладает большим экономическим потенциалом, но при этом сопряжён с рядом социальных и экологических вызовов.

В настоящее время выдано разрешение на проведение разведочных работ, которые планируется завершить к концу 2025 года. Если результаты подтвердят наличие необходимых ресурсов, будет рассмотрен вопрос о начале добычи и последующей переработки.

Согласно заявлению Самата Даулетовича, руководителя отдела недропользования управления предпринимательства и индустриально-инновационного развития Алматинской области, ключевые параметры проекта включают:

• Инвестиции: $12–15 млн, включая затраты на социально-экономическое развитие региона.

• Рабочие места: создание 150–200 новых рабочих мест.

• Налоговые поступления: ожидается около $56 млн от корпоративного подоходного налога и $102 млн от налога на добычу полезных ископаемых за 25 лет. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Эти показатели подчеркивают значимость проекта для развития региона, повышения уровня занятости и пополнения государственного бюджета.

Экологическая составляющая проекта находится под особым контролем. Старший государственный экологический инспектор по Алматинской области Баккельды Маратович отметил, что работы на месторождении относятся к IV категории объектов, которые оказывают минимальное воздействие на окружающую среду.

Месторождение расположено в 22 километрах от ближайшего села Кастек, что соответствует законодательным требованиям, согласно которым карьер должен находиться на расстоянии не менее одного километра от населённых пунктов. На текущий момент проводятся только геологоразведочные работы, которые находятся под контролем местных исполнительных органов.

Успешная реализация проекта требует конструктивного диалога между компанией, властями и местным населением. Несмотря на соблюдение экологических и юридических норм, важно учесть социальные ожидания жителей региона, особенно в вопросах защиты окружающей среды и обеспечения прозрачности операций.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Шымкент әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңге жұмсамақ

Published

on

By

Шымкент қаласының әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 80 миллион теңге жұмсамақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Былтыр қолданылған заттарды пайдаланған күннің өзінде жаңа жылдық безендіруге 80 миллион теңге жұмсамақ. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлім етті. Оның айтуынша, әр ауданға мерекелік безендіру үшін 16 млн қажет.

“Жаңа жылды безендіруге 80 млн теңге бөлінеді, бұл қаражат барлық аудандарға қарастырылған – әрқайсысына 16 млн теңгеден. Бізде былтырғы шыршалар мен әшекейлер бар, соларды да пайдаланамыз”, – деді Сыздықбеков.


“59 миллион теңге шығын әкелген”: Павлодарда құлаған жаңа жылдық шыршаға қатысты сот отырысы аяқталды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Сондай-ақ, ол демеушілердің ақшасын пайдаланғаны үшін қосымша мерекелік шаралар төленетінін атап өтті.

Өткен жылы Шымкенттің бес ауданында жаңа жылдық безендіруге 74 миллион теңге, мерекелік шараларға 36 миллион теңге бөлінген еді.

Еске салсақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтар 2025 жылдың 1-4 қаңтары аралығында демалатынын мәлімдеді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтөбеде полицейді Lexus көлігінің капотында сүйреген экс-депутаттың келіні сотталды

Published

on

By

Ақтөбеде полицейді  “Lexus” көлігінің капотында сүйреген экс-депутаттың келініне қатысты үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: dexpens.com

Ақтөбе соты танымал кәсіпкер әрі экс-депутат Мейіржан Өндіргеновтың келінінін екі жылға бас бостанлығынан шектеді.

Сотта потрульдік полицияны “бандит деп ойладым” деп алғашында өзіне тағылған айыппен келіспеген келіншек соңғы сөзінде әрекеті үшін өкінетінін айтты.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің “ Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері” бабымен айыпталды.

“Жаңагүл Өтепбергенова Қылмыстық кодекстің 380 бабы 3 бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалсын. Пробациялық бақылауға алынсын. Түнде дәмхана, мейрамханаға баруға шектеу қойылады. Пробациялық бақылау тәрбітін бұзса, бас бостандығынан айырылады”, – деді судья.


 


Сонымен қатар, судья басты дәлелдің оқиға түсірілген видео болғанын айтты. Себебі сотталушы алғашында өзіне тағылған айыппен келіспеген. Тоқтатуға тырысқан полиция қызметкерін “бандит деп ойладым” деді. Бірақ соңғы сөзінде өкінетінін айтып кешірім сұрады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сотталушының кінәсі сотталушының мойындауымен, жәбірленушінің жауабымен, бейнежазбалармен, автокөлікті тексеру хаттамасымен және қылмыстық іс бойынша басқа да дәлелдемелермен толық расталды.

Істе жәбірленуші Ақтөбе қалалық басқармасы патрульдік полициясында рота командирі Данияр Аймағамбетов. Үйленген, бір баласы бар. Жоғары білімді. Құқық қорғау саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар.

Естеріңізге салса, оқиға биыл қыркүйек айында болған. Әуелі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін мас күйіндегі ер адам ұсталған. Ер адам қолындағы ақшасын әйеліне беруі керек екенін айтып, полицияны көндірген. Оқиға орнына оның азаматтық некедегі әйелі басқа көлікпен келген кезде, ер адам қашып кету мақсатында әйелдің көлігіне мінген. Полицей көліктің капотына секіру арқылы құқық бұзушыларды тоқтатуға тырысқан. Бірнеше метр қозғалғаннан кейін көлікті  патрульдік полиция бөгеп тоқтатқан.

Сотталушы 1994 жылы туған. Ақтөбе облысының тумасы. Жоғары білімді, үш баланың анасы. Алайда келіншектің ресми некеге тұрмағаны анықталды.

Айта кетейік, осыған дейін полиция капитанын капотында сүйреген ерлі-зайыптылардың ұсталғанын хабарланған болатын.

Әлеуметтік желідегі пабликтерде құқық бұзушының “Автопарк” ЖШС-нің қожайыны, экс-депутат Мейіржан Өндіргеновтың ұлы екені айтылды. Қаладағы автопарктердің иесі Мейіржан Өндіргенов мемлекеттің 4 жарым миллиард теңгесін жымқырды деп айыпталған болатын.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!