Connect with us

IN-THE-NEWS

Алматыдағы “Нұркент” тұрғындары саябақ орнына тағы бір кешен салынатынына наразылық білдірді

Published

on

By

Алматыдағы “Нұркент” ықшамауданының тұрғындары дәл үйінің жанына жаңа кешеннің салынуына қарсы шықты. Айтуларынша, құрылыс компаниясы кезінде балабақша немесе саябақ болуға тиіс орынға алты қабатты баспаналар тұрғызбақшы екен.Нысан бой көтерсе, тынысамыз тарылып, жүрерге жол қалмайды дейді. Тіпті жер сілкінсе, халық жиналатын орын қалмаған деп, әкімдіктен көмек сұрап отыр. Ал шенділер аталған жер телімі әу бастан тұрғын үй кешеніне арналған дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

“Нұркент” ықшамауданын салған құрылыс компаниясының әуелгі жоспары бойынша мұнда бір балабақша, бір мектеп және халық бой жазатын саябақ болуға тиіс болған. Бірақ бүгінде оның бірі жоқ. Тұрғын үйлер арасындағы алақандай аумаққа тағы көпқабатты баспана салынбақшы. Онсыз да үйлері тығыз орналасқан аудан жұрты бұған үзілді-кесілді қарсы. 

“Халық шығып, сәл демалып, бой жазып жүретін жер жоқ. Жан-жақтың бәрінде көлік. Мына қоршау тұрған жердің негізгі мақсаты саябақ салу болған. Қазір бұл жерге үй саламын дейді”, – деді тұрғын Нұрмахан Керімбеков. 

“Жер сілкінген кезде эвакуацияланатын аймақ жоқ. Міне, салынып жатыр. Ешқандай да тұрақ жоқ. Ешқандай да отыратын, демалатын жер жоқ. Әйел адамдар арбасын сүйретіп, машинаның шаңын жұтпау үшін “Алматы Аренаға” кетеді”, – деп қосты Қайрат Бұрғанбаев. 

Ықшамаудандағы 40 үйде екі жарым мың пәтер бар. Сәйкесінше жақын маңдағы балабақшалар мен мектептерде бала санының көптігінен орын да жоқ. Жұрт соның салдарынан балаларымызды жан-жаққа тасимыз дейді.

“Балаларымыз қалаға балабақшаға жіберемін. Мына жақта орын жоқ. Екі баланы таңертең бір жарым сағат кептелісте тұрып апарамыз. Бас жоспар бойынша бізге осы жердің суреті болды, мына жерде балабақша сияқты бір ғимарат болды. Ал мына бетте саябақ. Ол сол күйі түскен жоқ”, – дейді тұрғын Алма Қаражігітова.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ал жер телімін сатып алған компания өкілі мұнда құрылыс жүргізуге мекеменің рұқсаты бар дейді. Учаске компанияға былтыр сәуір айында сатылған. Растайтын құжаты да бар екен.

“Бүкіл растайтын құжаттар қолымызда бар. Үйлер салып жатырмыз “Бута Феномен” деген. ҚР құрылысқа құжат алудың бір ғана тәртібі бар, сол тәртіпке сәйкес бүкіл құжат алынғаннан кейін құрылыс жүргізіліп жатыр. Кешен орнына саябақ болу керек деп айтып жатыр. Бірақ ол ақпаратты біз бірінші рет естіп тұрмыз”, – деп мәлімдеді Аlma city construction ЖШС өкілі Ибрагим Нефталиев.

Компанияның сөзін атқамінерлер де растады. Аталған жер теліміне тұрғын үй кешені салынады деген шешім әу бастан-ақ қабылданған дейді.

“Айтылған мекенжайда жер телімінінің мақсаты — қызмет көрсету объектілері мен жерасты паркингтері бар көп пәтерлі тұрғын үйлерді салу және пайдалану. Осыған байланысты басқарманың мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде жер телімінің нысаналау мақсатына сәйкес, жер телімінің иесінің өтініші бойынша жобалау алдындағы құжаттамалар, яғни сәулет жоспарлау тапсырмасы және эскиз жобасы келісілген”, – деп түсіндірді Алатау ауданы бойынша жоспарлау және аумақтың дамуын үйлестіру бөлімінің басшысы Дәурен Алмасбеков. 

Көпқабатты үйлердің құрылысын тоқтатамыз деген тұрғындар райынан қайтар емес. Сотқа жүгініп, арыз қалдырған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Жойғыш ұшақтар Астана аспанында ұшады – Қорғаныс министрлігінің ескертуі

Published

on

By

Қорғаныс министрлігі 23 және 24 қарашада Астанада қарулы күштер авиациясының жоспарлы ұшулары өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Министрлік мәліметінше аталған іс-шара кезінде арнайы түтін қолданылады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Іс-шара Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды. Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ”, – дейді министрлік өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шараларын қабылдауды тапсырған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Тоқаев тұрғын үй саясатын реформалау туралы заңға қол қойды

Published

on

By

Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Elements.envato.com

Ақорда дерегіне сәйкес заң азаматтардың, қандастардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қатысты мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

“Түзетулердің бірінші блогы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Отбасы банкінің негізінде тұрғын үй кезегіне қоюды, есепке алуды және бөлуді бір орталықтан жүзеге асыратын кешенді даму және қолдау институтын құруды көздейді. Сонымен қатар Отбасы банкі жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауды, жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруді жалғастырады”, – делінген хабарламада. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бұдан бөлек Отбасы банк тұрғын үйді бөлу кезінде баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою күні мен табыс деңгейін ескереді. Бұл, бірінші кезекте, тұрғын үй кезегінде ұзақ уақыттан бері тұрған адамдарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.

“Түзетулердің екінші блогында тұрғын үйге мұқтаж адамдар үшін қосымша кепілдіктер енгізу қарастырылған. Түзетулердің үшінші блогы мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілген тұрғын үйді иелену және пайдалану тетігін регламенттейтін ережелерді толықтырып, нақтылайды. Түзетулердің төртінші блогы жер заңнамасының жекелеген ережелерін, құрылыс, жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған”, – деп қосты Ақорда өкілдері. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Конор Макгрегор қыз зорлау ісіне қатысты кінәлі деп танылды

Published

on

By

Ирландиялық файтер, спортшы Конор Макгрегор Дублин жоғарғы сотның шешімімен 2018 жылы орын алған зорлау дерегіне қатысты кінәлі деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: © Chris Unger / Contributor / UFC / Gettyimages.ru

Макгрегор мен оның досы Джеймс Лоуренске таныстары Никита Ли Лаймхинді зорлады деген айып тағылған. Спортшы жыныстық қатынасқа түскенін мойындағанымен, мұның екіжақты келісіммен болғанын айтқан.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Спортшы моральдық өтемақы ретінде 250 мың еуро төлеуге міндеттелді. 

Бұған дейін де Макгрегор сексуалды зорлық көрсетті деп айыпталған еді. 2023 жылы спортшыны Ұлттық баскетбол қауымдастығы (НБА) финалдық ойнынан соң Макгрегорға зорлық көрсетті деген айып тағылған. Матч аяқталған соң Денвер полициясына жүгінген бойжеткен өзінің зорланғанын айтқан. Кейін ирландиялық спортшының командасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!