Connect with us

IN-THE-NEWS

Moment Davido Introduced His Wife, Chioma to Fuji Musician, K1 De Ultimate (Video)

Published

on

By


 

A video has surfaced online showing the moment Nigerian singer Davido introduced his wife, Chioma, to the popular Fuji musician K1 De Ultimate.

 

The video of the incident was posted on X.

 

In the video, the singer can be seen alongside his wife as they both engage in conversation with the Fuji musician.

 

This comes several days after the grand wedding of Davido and his wife, which was attended by notable individuals.

 

Although K1 De Ultimate was not seen at the event, a fresh video on social media shows the moment Davido introduced his wife to him. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 

They exchanged pleasantries, and Davido and K1 De Ultimate shook hands and hugged each other.

 

Watch video below:

 



READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

SpaceX Starship ғарыш кемесін алтыншы рет сынап ұшырды

Published

on

By

Миллиардер Илон Маскқа тиесілі америкалық SpaceX компаниясы Starship ғарыш кемесінің алтыншы сынағын жасап ұшырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: SpaceX

Ғарыш кемесі Техас штатындағы Бока Чика ғарыш айлағында сынақтан өтті. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

SpaceX алғаш рет адамдарды коммерциялық мақсатта ғарышқа ұшырды Илон Маск Tesla компаниясы жасаған жүргізушісіз таксиді таныстырды (видео)

SpaceX мәліметтері бойынша, Starship сынағы кеменің және Super Heavy күшейткішінің мүмкіндіктерін кеңейтуге, бүкіл жүйені онлайн қайта пайдалануға бағытталған. Негізгі міндеттерге күшейткішті ұшыру алаңына қайтару, көліктің Raptor қозғалтқышын ғарышта қайта жандыру және кеменің атмосфераға кіруі мен Үнді мұхитының үстінен түсуі үшін жылу қалқаны бойынша бірқатар эксперименттер мен маневрлік өзгерістерді сынау кіреді.

Еске салсақ, бұған дейін Space X алғаш рет тарихтағы ең қуатты зымыран тасығышты қондырды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Елімізде өте аз жалақы алатындар қай өңірде тұратыны белгілі болды

Published

on

By

Елімізде айлығы күнкөрісіне жетпейтіндердің көбі Түркістан, Жетісу мен Абай облыстарында тұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Түркістан облысында тұрғындар санының 8%-дан астамының еңбекақысы күнкөріс деңгейінен де төмен. Абай, Жетісу, Маңғыстау облыстарында халықтың 7%-дан астамы аз жалақы алады.

Ал Атырау мен Қарағанды облыстарында және Астана қаласында жағдай салыстырмалы түрде жақсы. Аталған аймақтар мен елордада елдің тек 3%-ы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз айлықпен өмір сүріп отыр. Бұл – соңғы жарты жылдың статистикасы. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Экономист Бекнұр Қисықов халықтың тұрмыстық әл-ауқатын арттыру үшін шағын кәсіпкерлікке қолдау керек деп отыр.

“Біріншіден, өңірлерде өндіріс орындарын көп ашу керек. Екіншіден шағын кәсіпкерлікті аймақтарда, ауылдарда дамыту керек. Қазір мысалы Астана мен Алматы осының арқасында дамып жатыр. Шағын кәсіпкерлердің арқасында әлеуметтік ахуал жақсарады. Әр отбасының жағдай жақсарады”, – деді экономист Бекнұр Қисықов.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Елімізде баспана бағасы 15 пайызға қымбаттайды

Published

on

By

Сарапшыларың елімізде келесі жылы пәтер құны 10-нан 15 пайызға дейін көтеріледі деген болжам айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Баспананың қымбаттауының себебі құрылыс саласына 12 пайыздық қосылған құн салығы қайта енгізілмек. Ал құрылыс компаниялары сол салықты қалтадан шығармас үшін шаршы метр құнына қосады дейді мамандар. Су жаңа үйлердің құны шарықтаса, ескі пәтерлер де қымбаттайды деген сөз.

12 пайыздық құн салығы дегеніміз жаңалық емес. Елдегі құрылыс компаниялары сонау 2001 жылы осы салықтан босатылған. Осылайша үкімет үйдің бағасын арзандатпақ болды. Енді сол салық келер жылдан бастап қайта енгізілгелі отыр. Бұл бағаға кері әсер етеді дейді сарапшылар.

Құрылыс компанияларына жеңілдік берілген 2001 жылдан бастап су жаңа баспананың құны 21 есе қымбаттапты. Қайтарда бұл сан тағы өскелі тұр.

“Қазір құрылыс компаниясы үй салып, орта есеппен 15 пайыз пайда табады. Егер 12 пайыздық салық енгізілетін болса, құрылыс компаниясы нөлге жұмыс істейді деген сөз. Сондықтан оларда екі-ақ бағыт бар: пайдасыз істейді немесе шаршы метр бағасын көтереді”, – дейді Қазақстан құрылысшылар одағы Астана филиалының директоры Вячеслав Лазарев. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Әрине, екінші нұсқаны таңдайтыны белгілі. Осылайша түбінде зардабын тартатын — қарапайым тұтынушы. Өйткені келесі жылы жаңа салынған үйлер аспандайтын болса, сәйкесінше, ескі үйлердің құны да қатарласып қымбаттайтынына риелторлар сенімді.

“Өйткені, бірінші санаттағы тұрғын үй бағасы тым қымбат болады. Сәйкесінше, екінші санаттағы үйдің иесі екінші санатты сатып, бірінші санаттағы пәтер алғысы келеді ғой. Сәйкесінше, екінші санаттағы үй бағасы сол бірінші санаттағы үйдің бағасына қарай өзгереді. Бағасы өссе, сатып алу мүмкіндігі азаяды. Бұл жалпы жылжымайтын мүлік нарығына тікелей әсер етеді”, – дейді риелтор Шахрух Асқаров.

Тұрғын үй нарығының қандай өзгеріске ұшырайтынын уақыт көрсетеді. Бірақ дәл қазір пәтер бағасы айтарлықтай тұрақталып қалды дейді риелторлар. Алматыда 40 шаршы метр бір бөлмелі пәтердің құны шамамен 25-30 миллион теңгенің төңірегінде. Енді 12 пайыздық салық енгізілсе, дәл сол үйдің құны қаншаға шығатынын келесі жылы салыстырып көреміз.

Еске салсақ, осыған дейін елімізде баспананы сақтандыру міндеттелетіні туралы жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!