Connect with us

IN-THE-NEWS

Secondary School Teacher Commits Suicide, Leaves Note On How His Money Should Be Shared

Published

on

By


Panford Mweetwa, a 46-year-old teacher at Maguya Day Secondary School in Chipata District in Zambia has taken his own life.

The man allegedly committed suicide by taking unknown poisonous substances.

Panford Mweetwa, who was recently transferred from Nsanjika Day Secondary School to Maguya left behind a written note stating that “he had been working very hard but had nothing to show what he had achieved” and further indicated on how his money is to be shared.

The incident occurred on Wednesday, July 3, 2024, at Mwami turn off. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Eastern Province Police Deputy Commanding Officer Stephen Mayoko who confirmed the incident to the media on Friday, July 5, explained that the deceased told his wife that he was going into Chipata town, howeve, around 10pm, Mr. Mweetwa was found unconscious.

He was rushed to Katandala clinic for treatment but was later referred to another hospital where he was admitted.

Whilst being treated, the deceased who was able to talk revealed that he had taken unknown poisonous liquid to end his life. He died the same day. 

The body is still in the mortuary awaiting burial.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы сынға қалды

Published

on

By

Танымал продюсер, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы ел талқысына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Қайрат Нұртастың келіншегі көпшілікке еліміздегі танымал дизайнердің жаңа топтамасын таныстырды. Актриса подиумға жылан терісіне ұқсас матадан тігілген көйлекті киіп шығып, ел назарын өзіне аударды. Бірі мақтап, енді бірі даттап та үлгерді. Оған қоса сән көрсетілімінің соңында өнер иесі модельдердің шеруін бастап шықты. 



Алайда көпшілікке актрисаның киген көйлегі ұнамай қалды. Бірі жақтаса, енді бірі қазақ келіндеріне жараспайтын киім деп даттады. 

“Осындай да көйлек бола ма?!”, “Жартылай жалаңаш көйлекті ешкім кимейді”, “Қазақ келіндеріне жараспайтын киім”, “Өте сұлу да өзіне сенімді ару”, “Қадамдары нық деп осындайда айтады екен. Кәсіби модельден еш жері кем емес”, “Не деген фигура, 4 баланың анасы деп кім айтады”, “4 бала туған әйел де жас қыздай көрінетінін тағы да дәлелдедің”, “Мүсінінде бір мін жоқ”, “Жоғары деңгейде жүріп өтті. Не деген харизма, энергия”, “Сөз жоқ, сұлусыз. Қарай бергің келеді”, – деп жазды оқырман қауым.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, жақында актриса Түркияға кетіп, емделіп келген болатын. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтөбе облысында бұрынғы имам мен балдызы соттасуға бел буды

Published

on

By

Ақтөбе облысындағы бұрынғы ауыл имамының басы дауға қалды. Ер адамға балдызы әйелін үйде қамап ұстады, жындар мен тозақ туралы әңгіме айтып, ауру қылды деген айып тақты. Ақтөбелік теолог мұны жоққа шығарады. Екі тарап та сотқа арыз түсіретіндерін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының теолог қызметкері Әділет Маусымовтың үстінен әйелінің сіңілісі шағым түсірмек. Айтуынша, бұрын ауыл имамы болған жездесі жындар туралы әңгімелерімен апасын адам танымастай етіп өзгертіп жіберген.  Бұл туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарады. Қоғам назарын туғызды.

Дін қызметкерінің балдызы отбасылық зорлықтың құрбаны болған әйелдің күйзеліске түскенін баяндап берді. Қиын жағдайда қалған апасын күйеуінің үйінен алып кеткен.

“Мен Жанат Қалымбетованың туған сіңілісімін. Тәтемнің жағдайы қазір жақсы. Бүгінде Қызылорда қаласында, балаларымен бірге анам екеуміздің қасымызда тұрады. Ол бұрын ауырмады, тұрмысқа шыққанға дейін сап-сау адам болды. Тәтем жуас. Ондағы күйзеліс тұрмысқа шыққаннан кейін пайда болды. Күйеуі үнемі жындар туралы айта берген. “Қасыма жатпасаң періштелер қарғайды, үйде жын болады” деп бәрін жынмен байланыстырып айтқан.  Тәтем қорқып қалған. 2019 жылдан бері қолына ақша алып, өзі жұмсап көрмеген. Тәтемнің жеке куәлігі де өзінде жоқ. Жездем оны бізге бермеді, қайта жасатуға тура келді”, – деді бұрынғы имамның балдызы Гауһар Қалымбетова.

Балдызы бұрынғы имамның отбасындағы зорлық-зомбылық туралы әлеуметтік желіге жариялады, көпшіліктен көмек сұрады. Айтуынша, 32 жастағы келіншектің күйзеліке ұшарауына дін жолындағы күйеуі кінәлі.

“Жағдайды әлеуметтік желіге салуымның себебі жездем тәтемде “психикалық ауытқуы бар” деп отыр. Тәтем зорлық-зомбылықтан қорқып қалған. Өзі әлеуметтік желіге айтып шыға алмайды. Ұзақ уақыт қоғаммен араласпаған. Жездем қазір теолог, бұрын имам болған. Қорғаушымыз бар, сотқа арыз түсіреміз. Бірінші алиментке арыз  жазамыз. Қазір тәтемнің денсаулығын қаратып жатырмын. Рас, тәтем 2018 жылы жүйке аурулар ауруханасында емделген. Қазір дәрі-дәрмек қабылдамайды. Қызылорда қаласындағы жүйке аурулар ауруханасына көрсеттім. Жағдайы жақсы, бойында қорқыныш барын айтып, дәрі жазып берді. Шизофрения белгілері жоқ. Бұл туралы да сотқа арыз түсіреміз. Экспертизадан өткізіп, тәтемді жүйке аурулар бойынша есептен шығартамын.  Оны “ауру” деп 2019 жылы есепке қойған. Бірақ ол кезде комиссия құрамы болғаны туралы мәліметтер жоқ. Сондықтан сот арқылы анықтаймыз. Тәтем тұрмысқа шыққанға дейін жүйке ауруымен ауырмаған. 2014 жылы тұрмысқа шықты. 2017 жылы екінші қызын босанады, 2018 жылы ауырады. Тәтем ауруханаға денесі көгеріп түскен кездер болды. Бүгінде төрт баланы өмірге әкелді. Ешқайсысына зияны тиген жоқ. Балалар да әкесінен қорқып қалған. Психолог көмегімен балалардан әкесінің қандай қысым көрсеткені туралы жауап алғанын қалаймын. Мұның бәрі сот арқылы шешіледі деп ойлаймын. Тәтемнің банк картасын иемденіп, балалардың жәрдемақысын да өзі алып келген. Үшінші баласынан кейін дәрігерлер бала тууға болмайды деп ескертті. Тәтеме жүктіліктен қорғану туралы айтқанымда “болмайды, күйеуім рұқсат етпейді” деді.  Бірақ жездем жоспарлы түрде көпбалалы болу үшін төртіншісін туғызды. Ол адам бұрын Жаңажол ауылында имам болды. Қазір теолог”, – деді Гауһар Қалымбетова. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ал дін қызметкерінің өзі мұны өзіне тағылған айып деп санайды. Сондықтан балдызы мен енесін сотқа бермек.

“Балдызым маған шабуыл жасап жатыр. Жұбайыммен ажырасу турасында қысым көрсетті. Ажыраспайтынымды айттым. Себебі қазір әйелімнің ауыратын уақыты. Көктем, күз айларында ауырады. Жүйке жүйесі ауруханасында емделді. Тағылған айыптың бәрі жалған. Еш дәлел жоқ. Әйелімнің ауырған кезін пайдаланып, қарсы қойып тұр. 29 қазан күні жақын қарындасымның басын қарайтуға Шымкентке кеттім. Әйелім “апа, ағаларға сәлем айт” деп далаға дейін шығарып салды. 31-ші қазанға дейін қыздарыммен сөйлестім, одан кейін байланыса алмадым. Сол күні учаскелік полиция хабарласып, үстімнен енемнің арыз жазғанын хабарлады. Ұрған деп көрсеткен. Бәрін тастап жеттім. Келгенде қыздарым, отбасым жоқ. Алып кеткен. Кейін

мектептен балалардың құжатын алуға келді. Мен “Е-өтінішпен” білім бөліміне арыз жазып тастадым. Әйелімнің жағдайына байланысты балаларымлы бере алмайтынымды айттым. Заңды әкесімін. Балаларымды басқа жаққа жібере алмаймын. Әлеуметтік желіде тараған видео мектепте түсірілген. Айқай шығарып жатқан соң қолхат жазып шығып кеттім. Мен ешкімді кінәламаймын. Маған да оңай емес. Жалған ақпарат үшін енем мен балдызымды сотқа бердім”, – деді Әділет Маусымов.

Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылардың төрт қызы анасының қасында. Мектеп жасындағы екі бала Қызылорда қаласындағы жеке мектепке барып жүр.

“Балардың әкесі Маусымов Әділет Маусымұлы Мұғалжар аудандық жастар арасындағы дін мәселесі және қоғам мен байланыс жөніндегі орталық басшысы. Анасы Жанат Қалымбетова үйде. Екі бала мектеп жасында. Бір бала шағын орталыққа барды. Кішісіне 11 ай. Қазіргі таңда балалар Қызылорда қаласындағы мектеп – интернатына орналас­ты. Мектеппен хабарластық, оқушылардың орналасқанын растап отыр. Қазіргі уақытта отбасы заңды түрде ажырасу мәселесі бойынша сотқа арыз түсірген”, – деді Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол.

 32 жастағы Жанат Қалымбетованың өміріне қатысты өзгерістерді алдағы уақытта да бақылауда ұстаймыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Халықаралық қылмыстық топ Израиль премьер-министрі қамауға алуға ордер берді

Published

on

By

Халықаралық қылмыстық сот (ХҚК) Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантты қамауға алуға ордер берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: NY Times

Израиль саясаткерлері Палестинада кем дегенде 2023 жылдың 8 қазаны мен 20 мамыры аралығында адамзатқа қарсы қылмыс жасады және әскери қылмыс жасады деп күдікке ілінді.

ХҚК сотқа дейінгі палатасы анықтағандай, Нетаньяху мен Галлантты аштықты соғыс және кісі өлтіру, қудалау және басқа да адамгершілікке жатпайтын әрекеттер әдісі ретінде қолданғаны үшін кінәлі деп санауға негізді негіздер бар. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Сондай-ақ олар “бейбіт тұрғындарды қасақана нысанаға алды” дейді ХКК. Әдейі Газа тұрғындарын азық-түлік, су, дәрі-дәрмек, отын және электр қуатынан айырды, бұл ересектер мен балалардың жаппай өліміне әкелді. 

ХКК Тель-Авивтің уәждерін қабылдамады, олар соттың ордер беру құзіретіне, сондай-ақ жалпы Палестинадағы жағдайға қатысты істерді қарауға дауласуға тырысты.

Айта кетейік, Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс 7 қазанда таңертең басталды. Осыдан кейін Түркия Израиль премьер-министрінің үстінен халықаралық сотқа шағым түсірді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!