Connect with us

IN-THE-NEWS

Tinubu Committed To North East’s Economic Revival

Published

on

By


Kashim Shettima

Vice President, Sen Kashim Shettima, has assured the North east region of President Tinubu’s commitment to foster economic growth and progress to make their lives better.

Shettima made this declaration on Wednesday, June 19, during the inauguration ceremony for the new North East Development Commission (NEDC) headquarters in Maiduguri.

Shettima highlighted the critical role of togetherness in rebuilding and influencing the story of the North-East area.

He pointed out that the ceremony showcased President Bola Ahmed Tinubu‘s pledge and dedication to the region, emphasizing its importance to the country.



“This institution embodies our collective resolve to transform the narrative of this region-from one marred by despair and devastation, to one defined by renewal and triumph,
” he said. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

The Vice President said the ceremony of laying the foundation was seen as a stride towards carrying out President Tinubu’s pledge to focus on projects that protect the needs of the North East.

In his remark, the Governor of Gombe State, Muhammad Inuwa Yahaya, who also leads the Northern States Governors Forum, commended Vice President Shettima for rallying backing for the effective functioning of the NEDC.

Yahaya urged leaders of states and other parties from the North East to collaborate on meeting the objectives of the NEDC.

He expressed sorrow over the severe impacts of the Boko Haram insurgency, noting that it had erased 50 years of progress in the North East.

“We need to work hard to recover the lost ground, and with Vice President Shettima’s motivation and support, we can achieve that,” he added.

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Семейлік тұрғындар 30 жыл бойы жөнделмеген апатты жеделсатыға наразылық білдірді

Published

on

By

Семейде көпқабатты үй тұрғындары апатты жағдайда тұрған жеделсатыны жөндеудің орнына, үйдің сыртын бояғанына наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Мәліметтерге сенсек, қаланың орталығында орналасқан 16 қабатты бұл үй жақында әкімдіктің көмегімен түрлі түстерге боялып, ғимаратқа жарықтандыру орнатылған. Алайда тұрғындар үшін үйдің сыртқы көрінісінен гөрі істен шыққан жеделсатыны жөндеу маңыздырақ екенін айтады. Лифттің жарамсыз екенін мамандар да растаған.

11 қабатта тұратын зейнеткер Айгүл Бекішева үшін көшеге шығып, қайта пәтеріне көтерілу – нағыз сынақ. 

Тұрғындардың сөзінше, жеделсатының жұмыс істеп тұрғанына 30 жылдан асқан. Тозығы жеткен ол жиі істен шығып тұрады екен. 

Айгүл Бекішеваның айтуынша, оның жасында қабаттап жоғары көтерілу қиын. Ал лифтпен жүру жүйкеге салмақ түсіреді: көтерілу барысында дірілдеп, қорқынышты дыбыстар шығады. 

“Бізде лифт гүрілдеп, дірілдеп жұмыс істейді. Адамдардың салмағы да әсер етеді. Кейде көп адам мінгенде, жеделсаты тоқтап қалады. Оны үнемі жөндеп жатады”, – деді Айгүл Бекішева.

Тұрғындардың бірі Мерует Сытықова балаларды жалғыз лифтке жіберуге жұрт қорқатынын айтады. Олар лифт маманының телефон нөмірін жаттап алған. Себебі аптасына бірнеше рет оны шақыруға мәжбүр. Жаңа лифт орнатуға қажет қаржы, тіпті мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алса да, тұрғындарға ауыр тиеді. Олар биліктің үйдің сыртқы келбетін жөндеуге көңіл бөліп, ал қауіпсіздік мәселесін тұрғындардың мойнына жүктегеніне реніш білдірді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Көп тұрғын жазда үйдің сыртын бояғанына, кейін қазан-қараша айларында тұрғындардың келісімінсіз жарық орнатқанына наразы. Мұның бәрі мемлекет қаржысына жасалды, әрі бұл жұмыстарға қызмет көрсету де мемлекеттік бюджеттен төленеді. Біздің наразылығымыз – бұл тек сұлулық үшін ғана жасалып отыр. Ал бізге, тұрғындарға, бұдан еш пайда жоқ. Бізде жеделсатымен жүру өте қауіпті”, – деп ашуланды Мерует Сытықова.

Шенеуніктердің айтуынша, заң бойынша үйдің сыртын жаңартуға болады, өйткені бұл – архитектуралық келбетке қатысты мәселе. Ал лифт – тұрғындардың ортақ меншігі, оны ауыстыру тек тұрғындардың қаржысына жасалуы керек. 

Семей қаласы әкімдігі тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың есебі бойынша бір лифтті ауыстыру үшін шамамен 15-16 миллион теңге қажет.

“Жергілікті атқарушы орган пәтер иелеріне 7-15 жылға 0,01% мөлшерлемемен бюджеттен несие береді. Бұл тұрғын үй саясаты бағдарламасында қарастырылған. Бұл сомаға монтаж, демонтаж және жеделсатының өзі кіреді. Әр пәтердің шаршы метріне қарай төлем кестесі жасалады”, – деді Диана Шаяхметова.



Еске салайық, бұған дейін Қарағандыдағы тұрғын үй кешенінде лифт үзіліп, бір адам көз жұмғанын жазған едік. Салынып жатқан тұрғын үй кешені нысандарының бірінде болған оқиға бойынша “Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бірқатар сараптамалар тағайындалды. Мән-жай анықталып жатыр

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Еуроодақ еуробондтардың көмегімен Ресейдің империялық амбициясын тоқтатуға ниетті

Published

on

By

Еуроодақ пен Ұлыбританияның бес үкіметінің өкілдері Варшавада кездесіп, Украинаны қолдау мен НАТО-ның болашағы туралы сөйлесті. Олар Ресейдің империялық амбициясын тоқтатуға ниетті екендерін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Еuronews.com” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Marcin Obara/PAP/dpa/picture allianceф

ЕО-ның бес ірі елі әскери өнеркәсіптік кешен блогын нығайту үшін бірлескен қорғаныс облигацияларын шығару туралы ұсынысты қолдады.

Поляк дипломатиясының жетекшісі Радослав Сикорский, Франция, Германия, Италия және Испанияның Сыртқы істер министрлерін қабылдады. Оған Ұлыбритания өкілі де қосылып, мұны “үлкен мәміле” деп атады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Сикорскийдің айтуынша, жаңа еуробондтар Ресейдің империялық амбицияларына үзілді-кесілді қарсы тұруға қауқарлы.

“Путин басқарған Ресей тек Еуропа үшін ғана емес, сонымен қатар әлемдік тәртіп үшін де қауіпсіздікке қауіптердің бірі болып қала береді. Мәскеудің мақсаты  – Еуропалық қауіпсіздік архитектурасын түпкілікті жою”, – деді Польшаның сыртқы істер министрі Радослав Сикорский.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Риддерде олигархтардан қайтарылған 28 миллиард теңгеге аурухана салынады

Published

on

By

Үкімет Шығыс Қазақстан облысындағы Риддерде олигархтардан қайтарылған 28 миллиард теңгеге аурухана салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Мәліметтерге сенсек, жаңа көпсалалы кешеннің жалпы ауданы – 40 мың м2. Аурухана сараптамалық кластағы медициналық жабдықтармен жабдықталады. Онда 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

Енді жобаны аяқтау үшін Қазақстан олигархтарынан қайтарылған активтер салынады. Үкіметтің дерегіне сенсек, жобаның құны – 34,8 миллиард теңге.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған кезінде нысанды қарап шықты. Онда оған қаржыландыру қажеттілігі туралы айтылды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Аурухана кешенін ашу моноқала үшін аса маңызды. Себебі тұрғындар саны өте көп. Риддерде 55 мың адам тұрады, оның ішінде 22,7%-ы 60 жастан жоғары. Жалғыз аурухана кешені 80 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Ғимарат ескірген және заманауи талаптарға сай келмейді”, – деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметі.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қайтарылған 8 миллиард теңгеге ерекше балаларға арналған балабақша салынатынын жаздық. Үкіметтің мәліметінше, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға шамамен 7,8 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Балабақшаның ашылуы 300 ерекше баланы тәрбиемен және түзету көмегімен қамтамасыз етеді. Мекеме мектеп жасына дейінгі балаларға жайлы болу, дамыту және оқыту үшін барлық қажет затпен жабдықталады. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!