Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазақстандық теннисші Венгриядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді

Published

on

By

Қазақстандық теннисші Жәния Бекмұхамбетова Венгрияда үстел теннисінен өткен чемпионатта қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

11 жастағы қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender Szombathely 2024 турнирінде қола жүлде иеленді. Ол U13 жас санатында бақ сынап, Украина спортшысы Марина Дробованы (3:0), словениялық Клара Рахотинаны (3:0), словакиялықтар Вивьен Муркованы (3:1) және Доминика Девяткованы (3:0), сондай-ақ Венгрия өкілі Зофия Фегиверді 3:1 есебімен жеңді. Тек Тайбэйден келген Ли Джэн-Юэге ғана (0:3) есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты. 

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетованың Хорватиядағы WTT Youth Contender турнирінде алтыннан алқа таққанын жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Сыртқы істер министрлігі Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Published

on

By

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/pressmfakz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның Украинадағы елшілігі штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты. 

“Сыртқы істер министрлігінде әлемдегі жағдайға мониторинг жасайтын арнайы Ахуалдық орталық жұмыс істейді. Біздегі мәліметтер бойынша, шетелдік дипломатиялық корпус та Киевтегі жұмысын жалғастырып жатыр және азаматтарды эвакуациялап жатқан жоқ”, – деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, қазақстандықтардан эвакуациялау туралы өтініш түспеген. Сондай-ақ арнайы рейстер жоспарда жоқ. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Украинада соғыс қимылдары бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқаны бәріңізге белгілі. Біздің есептеуіміз бойынша, Украинада 300-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Алайда елдегі жағдайға байланысты нақты санды айту қиын”, – дейді Айбек Смадияров.



Сонымен қатар сыртқы істер министрлігі Украиндағы қазақстандықтарға елден кетуге кеңес берген.

“Біз жұмыс істеп жатырмыз, отандастар өтініш білдірген кезде қазақстандық дипломаттар барлық қажетті көмекті көрсетеді. Қалай болғанда да, жағдайдың одан әрі дамуына қарай әрекет етеміз”, – деді ол.

Бұған дейін премьер-министр Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Желтоқсан айында кейбір қазақстандықтар үшін ұялы байланыс пен интернет бағасы қымбаттайды

Published

on

By

Қазақстандық байланыс операторы кейбір тарифтер бойынша бағаны көтеріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: radimich-ru.livejournal.com

Facebook қолданушысы Юлия Минчик Kcell және Activ абоненттерінде тариф көтерілгенін хабарлап, жазба арнады. Оның сөзінше, байланыс операторлары тариф бағасын көтергенше, қызмет көрсету сапасын дұрыстағаны жөн.  



“Activ және Kcell компаниясы тариф бағасы көтерілгенін айтып хабарлама жолдады. Тарифті 13 желтоқсаннан бастап көтереді екен. Алдымен сапалы қызмет көрсеткендеріңіз жөн еді”, – деп жазды ол.

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Kcell (Activ брендінің иесі) компаниясына сауал жолдады. Компания мәліметінше, 13 желтоқсаннан бастап 18 Kcell және Activ тарифтік жоспарларының құнын реттеу жоспарланып отыр. 

Фото: Хабарламадан скрин

“Тариф құнының орташа өсуі ағымдағы тарифтік шарттарға байланысты 6-дан 25 пайызға дейін (орта есеппен 400 теңге) көтеріледі”, – деп хабарлады Kcell.

Компания Kcell мен Activ тарифтік саясаты нарық конъюнктурасына байланысты қалыптасатынын мәлімдеді.

“Біздің тарифтің құны жыл сайын өсіп келеді. Электр энергиясының қымбаттауы тарифтің құнына тікелей әсер етеді. Мәселен, бір базалық станция орташа есеппен 20 пәтердің электр қуатын тұтынады. Сонымен қатар, валюталық бағамның өзгеруі де көрсетілетін қызметтердің құнына әсер етеді. Өйткені желіні жаңарту және қолдау үшін қажетті жабдықтар шетелден сатып алынады”, – деді компания. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Фото: Хабарламадан скрин

Компания мәліметінше, тарифтік саясат нарықтық жағдайларға байланысты қалыптасады.

“Егер біз сапалы байланысты қамтамасыз еткіміз келсе, инфрақұрылымды дамытуға орасан зор ресурстар жұмсауға мәжбүрміз. Контент тұтынудың өсуіне байланысты интернет-трафикке деген сұраныс айтарлықтай артты. Соның арқасында желіге жүктеме түседі. Бұл өз кезегінде жылдамдық пен байланыс сапасының төмендеуіне әкеледі. Байланыстың жоғары сапасын сақтау үшін операторлар желіні дамытуға үнемі инвестиция салып отыруы қажет”, – делінген хабарламада. 

Фото: Хабарламадан скрин

Байланыс операторының хабарлауынша, тарифтердің өсуі инфрақұрылымды қолдау және дамыту қажеттілігімен тікелей байланысты. Бұл қаражат желіні кеңейтуге және жаңартуға жұмсалады. Бұл өз кезегінде байланыс сапасын жақсартуға әсер етеді. Осылайша, уақыт өте келе инвестициялардың арқасында байланыс сапасы жақсарады дейді.

Айта кетейік, бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов Kcell ұялы байланыс операторын жекенің қолына беруді ұсынғанын мәлімдеген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Шымкент әкімі жыл соңында “Ордабасы” клубына 1 миллиард теңгенің не үшін бөлінгенін түсіндірді 

Published

on

By

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте “Ордабасы” клубына не үшін 1 миллиард теңгенің бөлінгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/fc__ordabasy

Ғабит Сыздықбековтің сөзінше, 1 миллиард теңге жалақы бойынша міндеттемені өтеу үшін орындау үшін бөлінген. 

“Бізде жыл соңына дейін жалақыны толықтай жабуға міндетті болдық, сондықтан 1 миллиард теңге бөлінді. Әр қаржының өз орны бар. Заңды жолмен бөлінген қаражат”, – деп айтты әкім. 

Сонымен қатар қала басшысы “Ордабасы” клубындағы легионерлер мәселесі жайлы да түсіндірме берді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Клуб легионерлермен ұзақ мерзімге келісімге қол қойған. Келісімдер УЕФА-да тіркелген. Келісімшарт талабы бойынша көрсетілген жалақыны соңына дейін төлеуге міндеттелеміз. Төлемеген жағдайда тек “Ордабасы” клубы емес, еліміздің футбол федерациясына санкция қолдану қаупі болды. Қазір біраз легионерлер келісімшарт уақыты біткендіктен, жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ өз жастарымызды шетелге шығарып, ешқашан болмаған формамен жасақтадық. Келер жылы біз басқа өңірлер секілді көзделген қаржы бөлеміз, одан артық ақша бөлінбейді”, – дейді Ғабит Сыздықбеков.  

Айта кетейік, белгілі заңгер Айгүл Орынбек желідегі парақшасында Шымкент әкімдігі “Ордабасы” футбол клубының шетелдік ойыншыларына халық қаражатынан шамамен 1 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отырғанын жазған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!