Connect with us

IN-THE-NEWS

Ақтөбе облысында жолдарды қыста күтіп ұстауға 43 мердігер ұйым міндеттелді

Published

on

By

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдегі автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындық шаралары қаралды.

Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр жергілікті жолдарды күтіп ұстау үшін 2025 жылға 2,7 млрд. теңге қарастырылғанын хабарлады. Бұл сома облыстық мәслихаттың таяудағы сессиясында бекітіледі.

Облыстағы жолдардың жалпы ұзындығы – 4 440 шақырым, оның ішінде облыстық маңызы бары – 1 265 шақырым және аудандық маңызы бары – 3 175 шақырым. Бұл жолдарды қыста күтіп ұстауға 43 мердігер ұйым жауапты. 401 бірлік техника, бес мың тонна инертті материал, 965 тонна дизель отыны әзірленді. Айбек Қайыр атап өткендей, жылу пункттерін дайындау және оларды қажетті азық-түлік қорымен қамтамасыз ету, сондай-ақ жол бойындағы су өткізу құбырларын тазалау жұмыстары аяқталып қалды.

“ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ облыстық филиалының директоры Айбол Данағұлдың айтуынша, компания республикалық маңызы бар 1869 шақырым жолға қызмет көрсетеді. Оның 117 шақырымы қазір жөнделуде. Жұмысты аяқтау процесін жеделдету үшін қосымша техника тартылды. 

“Жолдарда 101 қарлы учаске бар. Оның 28 учаскесінде 86 шақырым темірбетон қоршаулар орнатылды. Қалған учаскелерге уақытша ағаш қалқандар қойылады. Сондай-ақ, қар құрсауында қалған жүргізушілер мен жолаушылар үшін 15 жылыту пункті дайындалды. 28 арнайы техника жұмылдырылды. Жетіспейтін техника жалға алынады. Қазір инертті материалдар дайындалуда. Жалпы 9400 тонна құм мен 2020 тонна тұз дайындау жоспарлануда”, – деді Айбол Данағұл.

Қыста көлік кептелісін болдырмас үшін “Самара-Шымкент” республикалық маңызы бар автожолының “Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ” бағытындағы учаскелерде айналма жолдар жасалды. Сонымен қатар, қарлы боран болған жағдайда көлік үшін қосалқы тұрақтар дайындалады. Олардың бірі – Хромтау ауданы Ақжар ауылының тұсында ашылған.   READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қала әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бисембин өз кезегінде облыс орталығындағы жолдарды күтіп ұстау мәселесі туралы баяндады. Қала 24 учаскеге бөлінген, олардың әрқайсысын қыста күтіп ұстауға жауапты мердігер ұйым бекітілген. Қыста көшелерді тазалауға 350 бірлік техника шығады. Қаланы қардан тазарту үшін күндізгі ауысымда 30 бригада (40 тиегіш, 150 жүк көлігі) және түнде 20 бригада (20 тиегіш, 60 жүк көлігі) жұмылдырылады. Мердігерлер қазірдің өзінде 1250 тонна тұз, 1830 тонна құм-тұз қоспасы және 2000 тоннадан астам құм жинаған.

Дайындық шаралары туралы айта келе, қала әкімінің орынбасары ел бойынша ең төмен саналатын жолдарды қысқы күтіп ұстау тарифтерін қайта қарау қажеттігін атап өтті. 

Асхат Шахаров облыста жолдарды қысқы күтіп ұстауға дайындық туралы баяндамаларды тыңдап болған соң, толық дайындықты, ауа райы жағдайларына уақытылы ден қоюды және қозғалыстың барлық қатысушылары үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды.

“Жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қыс мезгілінде жүргізушілер үшін тәуекелдерді азайту қажет. Жолдарды жөндеуді уақытылы аяқтауға және қолайсыз ауа-райына жедел ден қоюға ерекше назар аудару маңызды. Барлық жұмыс ауа райы жағдайлары мен халықтың қажеттіліктерін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Қардың салдарын тез арада жою ғана емес, сонымен қатар алдын-ала дайындалу – жылу пункттерін, құм мен тұз қорын ұйымдастыру, қоршаулар мен арнайы техниканың болуын қамтамасыз ету керекпіз. Жолдарда қауіпсіз жүру үшін жағдайлар барлық негізгі учаскелерде қамтамасыз етілуі тиіс”, – деп атап өтті әкім.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Димаш Құдайберген жанкүйеріне автограф беруден бас тартты

Published

on

By

ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген автограф сұраған жанкүйерінің өтінішін орындаудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://dimashnews.com/

Өнер иесі Прагада жанкүйерлерімен кездескен болатын. Жанкүйерлерінің бірі оған елінің туына қолтаңба жазып беруін өтінген. Әнші бас тартып, не үшін қол қоймағанын түсіндірді.  

“Бұл – ту. Мен туға қол қоя алмаймын. Қазақстанның туы немесе басқа елдің туы болсын. Мен кіммін сонша? Мен туға деген құрметім үшін қол қоя алмаймын. Кешірім өтінем, – деді әнші жанкүйерлерінің ортасында.



Сондай-ақ эстрада жұлдызы жанкүйерлеріне алғыс айтып, концертіне шақырды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Маған деген сүйіспеншіліктеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз. Менің өнерімнің ары қарай шарықтауының негізгі себебі сіздердің маған деген махаббаттарыңыз. Сіздердің шынайы қолдауларыңыздың арқасында сіздерге деген махаббатымның белгісі ретінде ертең мен өнерімді жан-жақты танытуға дайынмын. Алла бәріңізге разы болсын. Осындай мүмкіндіктерді тудырып жаттқан Аллама сансыз шүкір айтамын! Сондай-ақ, сіздердің арқаларыңызда менің танымалдылығым бұрынғыдан да арта түскендей болды. Сіздерге көп рақмет! Ертең концертте кездескенше”, – деп жүрекжарды тілегін білдірді әнші.

Еске салайық, Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан Димаш Құдайбергенмен жолыққанын жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қарағанды облысында 30 жолаушысы бар автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: 1 адам қаза тапты

Published

on

By

22 қарашада Қарағанды облысындағы 15-ші магистралінде 30 жолаушысы бар автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

.

Фото: ekaraganda.kz

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 9:15-те “Лада Приора” автокөлігі мен “Ютонг” маршруттық автобусы соқтығысқан.

“Соқтығысу кезінде автобуста 30 жолаушы болған. Автобус жүргізушісі мен жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қажетті сараптамалар тағайындалды”, – делінген хабарламада.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Журналистерге айтсаңдар, үйді тартып аламыз”: Ақтөбеде ерлі-зайыптыны қағып өлтірген полиция жәбірленушілерге талап қойды

Ақтауда көлік дүкенге соғылып, салдарынан бойжеткен қысылып қалған

Оқиға салдарынан “Лада Приора” автокөлігінің жүргізушісі қаза тапты. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Гүлзира Айдарбекова күйеуінен қорлық көріп жүрген оқырманына кеңес берді

Published

on

By

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова күйеуін айтып шағымданған оқырманына кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/gulzira_aidarbekova

Медиа менеджер оқырмандарымен сырласып, тұрмыс тауқыметін көріп жатқан әйелдерге ақыл айтты. 

“Күйеуім тырнақ астынан кір іздеп, айқайлай береді. Жылы сөз естімегелі көп болды. Дастарханға қасық қойылмай қалса да, айқай шығарып жібереді. Жасым 42-де. Кейде бір жаққа қашып кеткім келеді. Тыныштықты қалаймын. Жылы сөз естімей өмірден өтіп кететін шығармын. Сіздерге қызығамын. Ел алдында еркелеп жүресіз”, – деп жазды бейтаныс әйел. 



Продюсер жан сырын ақтарып отырған әйелді жұбатып, ақыл-кеңесін бөлісті.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Не айтарымды да білмеймін. Ата-тек жайлы зерттеп көрсеңізші. “Күйеуім пәленшеге және оның тегіне ризамын. Жолдасым сабырлы, бақыттымыз, бай-қуаттымыз, ұрыс-керіссіз өмір сүріп жатырмыз. Қабылдадым ризамын” деп торкөз дәптердің шетінде қызыл жиегінен асырмай 500 рет жазып көріңізші. Күніне 5-6 не болмаса 15-20 реттен жазыңыз. Бәрі жақсы болады. Әйел ақылды болса алмайтын қамалы жоқ. Ренжімеңіз ол кісі қалай, тура солай қабылдаңыз, өзгереді. Ұрыспай жәймен айтып түсіндіріңіз не біреу жайлы айтқандай мысалмен айтып, өз ойыңызды қосып айтып өзгертіп алуға тырысыңыз. Реніш, нала жүрегіңізден кетпесе қиындай түседі. Жүрегіңізден жіберу керек. Әйел қылықты болуы керек, өзіңізге де мән беріңіз, сіз нәзік жан екеніңізді ұмытпаңыз. Бар айтарым осы. Ата-ана бақытты болмаса ұл-қыздары көргенін жасайды оныда ұмытпаңыз, ұрпағыңыз үшін үйренеріңіз көп болсын”, – деп жазды продюсер. 

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова күйеуінің қалай еркелететінін көрсеткен еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!