Connect with us

IN-THE-NEWS

Қызылордалық 57 жастағы студент білім алудың ерте-кеші жоғын айтты

Published

on

By

Қызылорда қаласының 57 жастағы тұрғыны Қорқыт Ата атындағы университетте құрылыс мамандығы бойынша білім алып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Кендебай Ыдырысовтың жеке дерекқорынан 

Кендебай Ыдырысовтың сөзінше, білім алу қай кезде де кеш емес. 

“Мен 1967 жылы көрші Өзбекстанның Науаи облысында дүниеге келдім. Ол жақта салт-дәстүр сақталған, қазақтар тұратын Тамды ауданы бар. Қазақ халқының батыры Бауыржан Момышұлы сонда болған сапарында: “Нағыз қазақтарды Тамды ауылынан көрдім” деген екен. Ал, атақты сазгер Шәмші Қалдаяқов “Тамды аруы” әнін шығарып, туған жерімізді жоғары бағалады. Ал кешірек білім алуымның өз сыры  бар. Кішкентай кезімнен ізденімпаз болдым, әлі де солай. Біліктілігімді арттырып, білімімді көбейтуге тырысамын. Менің ойымша, жас ерекшелігіне қарамастан, жаңа білім алуға талпыну маңызды. Әр адам өз арманына ұмтылуы керек. Қазір заман басқа. Жас кезімізде оқығанымыз қазіргі уақытта өзекті бола бермейді”, – дейді ол. 

Білім алушы Кендебай Ыдырысов 1988–1991 жылдары Ташкент қаласындағы құрылыс техникумында оқыған екен. Ал 2006 жылы “Тау-кен ісі” мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіріпті. Өмірімнің 12 жылын білім ошағында ұстаздыққа арнадым дейді.

“2004 жылы Қызылорда қаласына көшіп келгеннен кейін құрылыс компанияларында жұмыс істедім. Бригадир қызметінен жоба директорына дейін көтерілдім. 2013 жылы жеке кәсіпорнын ашып, өз ісімді бастады. Алайда қиындықтар туындап, кәсіпті уақытша тоқтатуға тура келді. Содан біраз уақыт бұрын денсаулығым сыр беріп, жұмыстан кетуге мәжбүр болдым. Емделгеннен кейін құрылыс мамандарын іздейді деген хабарландыруды көрдім. Мен оған түйіндемемді жібердім. Менің жұмысымды көріп, бағалаған олар сол күні кешке жұмысқа шақырды”, – дейді ол.

Фото: Кендебай Ыдырысовтың жеке дерекқорынан  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Содан бері өнеркәсіптік құрылыспен айналысатын 57 жастағы білім алушы, “Ақмарал” ЖШС-де жұмыс істейді екен. 

“Осыған байланысты құрылыс саласындағы білімімді кеңейтуді жөн көрдім. Келесі жылы дипломымды аламын. Егер оқып жүрген болсаңыз, бұл білім сізге өмірлік сапарыңызда пайдалы болады. Құрылыс саласында мамандық таңдауыма осы себеп болды”, – дейді ол. 

Сондай-ақ ол ізденімпаз адам бір кәсіппен шектеліп қалмауы керегін айтты.

“Адам үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Әр адам өз мамандығын бағалай білсе, биік белестерді бағындырады. Үздіксіз білімге ұмтылу жоғары табыс әкеледі. Ол үшін уақытты дұрыс пайдалана білу керек”, – дейді ол.  

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Саяхатшыларға әуе билетін қалай арзан бағаға алуға болатыны айтылды

Published

on

By

Мамандар саяхатшылар үшін әуе билетін арзанға алудың жолын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: stock.adobe.com

Business Insider мамандары алдымен билет аларда VPN қолдану жайлы лайфхакты тексеріп көрген. Дегенмен бұл әдіс ешқандай нәтиже бермепті. Тіпті VPN қосқан кезде де билет бағасы өзгермеген.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Дегенмен билетті апта ортасында (сәрсенбі күні) брондау тиімді екені анықталған. Ал билет ең қымбат болатын күн жексенбі екен. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қайтарымсыз әуе билеттерін сатуға тыйым салу мәселесі қаралып жатқаны туралы хабарлаған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Таразда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Published

on

By

23 қарашада Таразда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Прокуратура дерегіне сәйкес күдікті Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде ұсталған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Сотқа дейінгі тергеп тексеру Бас прокуратураның арнайы прокурорымен жүргізілуде. Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жариялануға жатпайды”, – делінген бас прокуратура хабарламасында. 

Еске салайық, Алматы облысында арнайы прокурорлар мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері №14 түзеу мекемесі басшысының орынбасарын ұстаған еді. Оған бірнеше рет пара алды деген айып тағылған. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Маман тоңазытқышта тұрса тез бұзылып кететін өнімдерді атады

Published

on

By

Каталония ашық университеті медицина факультетінің профессоры, тамақтану бойынша сарапшы Ампаро Гамеро кей өнімдерді тоңазытқышта сақтамауға кеңес берді. Сөзінше, суықтың әсерінен өнімдердің дәмі бұзылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gloucestershire Live басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Гамероның сөзінше, сарымсақты тоңазытқышта сақтауға болмайды. Себебі суықта сарымсақ өніп кетеді. 

“Сақтау мерзімін ұзарту үшін тазартылған сарымсақты зәйтүн майына салып, шыны ыдыста сақтауға болады. Тіпті кесіп немесе бүтіндей қатырып тастаған жөн”, – дейді маман.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сонымен қатар ол нанды тоңазытқышқа салмауға кеңес берді. Өйткені суық жерде нанның құрылымы мен дәмі бұзылып кетеді. Дәл солай шоколадты да салқын жерге салуға болмайды екен. 

Гамеро тоңазытқышқа толық піспеген бананды салса, қатайып, дәмі бұзылатынын айтады. Бұдан бөлек кофені тоңазытқышқа салмаған жөн., себебі ылғалды сіңіріп, дәмі мен иісі жоғалады дейді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!