Connect with us

IN-THE-NEWS

Франция президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты сән-салтанатпен қарсы алды

Published

on

By

Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барды. Президент Эмманюэль Макрон мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: Ақорда

Салтанатты рәсімнен кейін Қазақстан мен Францияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. 

Президенттер республикалық гвардия, әуе-ғарыш, құрлық және теңіз әскерлерінен жасақталған Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтті. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Құрмет қарауылының салтанатты шеруін тамашалады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон бір-біріне ресми делегация мүшелерін және құрметті қонақтарды таныстырды.

Тоқаев мемлекеттік сапармен Францияға барды Тоқаев Қазақстан мен Microsoft серіктестігін талқылады

Бұған дейін Тоқаев француз басылымында мақала жариялаған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Танымал қазақстандық спортшының отбасы жас жігітті құлдықта ұстады деген күдікке ілінді

Published

on

By

СҚО-да танымал қазақстандық спортшы, әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері Айша Уәлишанның отбасы жас жігітті құлдықта ұстады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті ақпаратты растап, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

Таратылған ақпаратқа сәйкес, күрестен Азия ойындарының қола жүлдегері Айша Уәлишан отбасымен жас жігітті үйінде ұзақ уақыт құлдықта ұстаған. 

Алматы облысының 23 жастағы Мұқан есімді тұрғыны Солтүстік Қазақстандағы ауылда 10 айдан астам уақыт құлдықта болғанын айтып, шағымданған. Оның айтуынша, спортшы мен күйеуі екеуі оны ауылға алдап шақырып, тегін жұмыс істеуге мәжбүрлеп, өз үйінде күштеп ұстаған. 

“Мұқан А-мен (спортшының күйеуімен) танысып, олар сөйлесе бастаған, ол Мұқанға қоңырау шалып, олар бір жылдай телефонмен сөйлесіп, байланысып жүрген. Кейін ол Мұқанды шаруа қожалығында жұмыс істеуге шақырып, 500-600 мың теңге жалақы ұсынған. Алғашында Мұқаң екі-үш ай жұмыс істеп, үйіне қайтуға келіскен. Ол келісіп, жұмысқа барған”, — дейді Мұқанның қорғаушысы Нұрболат Ибраев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында. 

Заңгердің айтуынша, спортшының отбасы Мұқанның телефоны мен құжаттарын тартып алған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Ешқандай айлық алмайсың деп тіке айтқан. Мұқанды үйінде күштеп ұстап, біраз уақыт өткен соң жүйелі түрде ұрып-соға бастаған. Спортшының күйеуі Мұқанды әкесімен және көршісімен бірге ұрып-соққан. Мұқанның басы мен денесінде көптеген жарақаттар бар, олардың барлығы анықталды. Ол қашып кетпек болған, алайда оны ұстап алып, тағы да қатты соққыға жыққан, құлағын кесіп тастаған”, – дейді адвокат Нұрболат Ибраев.

Оның айтуынша, Мұқан моншада тұрған және дұрыс тамақтанбаған.

“Мұқан көршінің баласымен сөйлесіп, телефонмен ағасына хабарласқан. Ағасы баланың нөміріне ақша жіберіп, ол ақшаны Мұқанға шешіп берген. Ол екі күн қамыстың арасына тығылып, далада жаңбыр астында жүрген. Одан кейін аудан орталығына жетіп, ол жерден Көкшетауға баратын көлік жалдаған. Сол жерде ағасымен хабарласып, ақыры үйіне қайтты”, – дейді Нұрболат Ибраев.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, істің барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстан мен Франция президенттері бірлескен декларация қабылдады

Published

on

By

Қазақстан мен Франция президенттері стратегиялық серіктестікті одан әрі жандандыруға бағытталған бірлескен декларация қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: akorda.kz

Декларациядан кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен келесі құжаттарға қол қойылды:

– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссиялау туралы келісім;

– Аса маңызды материалдар мен ресурстар бойынша Қазақстан мен Францияның стратегиялық ынтымақтастығының жол картасы;

– “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” акционерлік қоғамы мен Société Generale S.A. компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім; READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

– “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы мен “Alstom Transport SA” компаниясы арасындағы 6 осьті электровоздар бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;

– Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Ұлттық превентивті археологиялық зерттеулер институты (INRAP) арасындағы археология саласындағы ынтымақтастық туралы келісім хаттамасы.

Жалпы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парижге мемлекеттік сапары аясында екі ел делегациясының мүшелері 36 құжатқа қол қойды. Оның ішінде жалпы сомасы 2,2 миллиард долларды құрайтын 1 үкіметаралық, 21 ведомствоаралық және 14 коммерциялық құжат бар.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мен Франция президенттері Елисей сарайының бағында бейресми әңгіме өткізіп, қазақ тазыларымен серуендегені туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде жұдырықтасқысы келетінін айтты

Published

on

By

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Шавкат Рахмоновтың (18-0) UFC 310 турнирінде уақытша чемпиондық белбеуді сарапқа салғысы келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: UFC

Белал Мухаммадқа қарсы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 8 желтоқсан күні Лас-Вегаста жекпе-жекке шығу керек болған отандасымыз сол турнирде өнер көрсету көздеп, уақытша чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді. 

“Белалдың қашан оралатыны беймәлім. Сондықтан UFC 310 турнирінде кез келген қарсыласпен уақытша чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға дайынмын. Кімді берсе де бәрібір, бастысы титулдық жекпе-жек болса болды. Өйткені Белалдың қашан оралатыны белгісіз. Мен дайынмын және титулға лайықпын!” – деді Рахмонов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік,  чемпион Белал Мухаммад (24-3-0-1) саусағынан жарақат алуына байланысты UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмоновқа қарсы кездесуден бас тартқан еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!