Connect with us

IN-THE-NEWS

4,4 миллион теңге пара алған: Антикор ауыл шаруашылығы министрлігі комитетіндегі тергеудің мән-жайын айтты

Published

on

By

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

.

Фото: Stan.kz

Экс-шенеунік шегірткеге қарсы пестицидтерді жеткізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты құнының 5% көлемінде, яғни 4,4 миллион теңге пара алды деп айыпталды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Соттың санкциясымен лауазымды тұлға мен кәсіпкер үйқамаққа алынды. Биыл 31 қазанда Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Astana LRT директоры Арданов пен “Астана банкінің” акционері Тоқтаров тергеуге сол күйі келмеді – Антикор Астанада Damumed қызметіне қатысты тергеу аяқталды

Бұған дейін шенеуніктер ArtSport жобасы мен Азиадаға бөлінген 746 миллион теңгені жымқырды деп айыпталған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде жеңілістің дәмін татпаған ирландиялық спортшымен жұдырықтасады

Published

on

By

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Шавкат Рахмонов(18-0) UFC 310 турнирінде жеңілмеген спортшыға қарсы жұдырықтасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Instagram.com/darteam.kazakhstan/

Қазақстандық ММА жауынгері Шавкат Рахмоновқа жеңілмеген жаңа қарсылас табылды. Шавкат Рахмонов 7 желтоқсан  UFC 310 турнирі аясында ирландтық Иэн Гарримен жартылай орта салмақтағы уақытша чемпион атағы үшін төбелеседі. 26-жасар Иэн Мачадо Гарридің рекорды15-0. Өзінің соңғы жекпе-жегінде ол Майкл Пейджді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді. Бұған дейін UFC 310 аясында Шавкаттың қарсыласы Белал Мұхаммад болуы керек еді, бірақ UFC-дің қазіргі чемпионы инфекция жұқтырып, октагонға шығудан бас тартты.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық жауынгермен Камару Усман мен Колби Ковингтон төбелесуден бас тартқан еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Жігер Ауыпбаев алғаш рет жеке өміріне қатысты шындықты айтты

Published

on

By

“Меломен” тобының экс әншісі, шоу-бизнес жұлдызы Жігер Ауыпбаев алғаш рет отбасына қатысты шындықты айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/jiger_auypbaev_official/

Өнер иесі отбасылы болып, кейіннен ажырасқанын “1001 түн” бағдарламасында айтып берді. 

“Менің басымнан не өтпеді. Біраз нәрсе өтті. Негізі отбасылы болғанмын. Бірақ уақыт өте келе мінезіміз, мүмкін көңіліміз де жараспай, екі жаққа кеткен болатынбыз. Қазір басым бос. Жүрегіңнің бос болғаны қандай жақсы деп жүрміз. Бірақ кейін көңілді де алдау үшін адам іздейсің ғой. “Адамға да адам керек” демекші, қасыңнан табылатын, ішкі жан дүниеңді түсінетін, сөзімен қуаттап отыратын адам керек. Күйзеліске түсіп кетпеудің жолын іздеп, сондай кезеңдерде танысып, табысып, сөйлесіп жүрдім. Ол кісімен қарым-қатынасымыз әлі де жалғасып жатыр. Арты жақсы болсын”, – деді әнші. 



Сондай-ақ өнер иесі атышулы әнінің тарихын да айтып берді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Әлеуметтік желіде “Сүймесең, жоғал әрі” деген әнім қатты таралды. Видеоға қар лақтырып, жеке парақшама жүктей қойғаным сол еді. Халық деген іліп әкетті. Мен тек орындаушымын. Авторлары бөлек. Байқағаным, ерлі-зайыптылар ұрысып қалғанда сол әнді қойып, видео жасады. Сол кезде ыңғайсызданып қалғаным бар”, – деп ағынан жарылды әнші. 

Еске салайық, Жігер Ауыпбаев бейнебаян түсіріп жүргенде ерекше құбылысқа куә болғанын жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Жамбыл облысында мектеп директоры мен дәрігерлер сотталды

Published

on

By

Жамбыл облыстық сотында 12 жастағы қызды зорлау және заңсыз аборт жасату бойынша қылмыстық іс қаралды. Болған жағдайға мектеп директоры, мектеп әкімшілігі мен мектеп дәрігерлері кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Кінәлілер сотталғанымен, аппеляциялық олардың бірінің жазасын жеңілдеткен көрінеді. 

Жантүршігерлік жағдай 2023 жылы қараша айында Саудакент ауылында болды. 12 жастағы мектеп-интернат оқушысы аудандық мәслихат депутаты Галина Мороздың күйеуінен жүкті болып қалған. Жаңатас қаласында жүргізілген УДЗ қыздың жүкті екенін растады.Кейін жасөспірім қыз түсік жасатқан. Ол өзіне ота жасаған дәрігердің бет-әлпетін көрмеген. Кейін депутат Галина Мороз күйеуімен ажырасуға ниетті екенін айтты.

Жарты жыл бұрын қызды зорлаған 55 жастағы қылмыскер 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек бірнеше бап бойынша мектеп директоры мен мектеп дәрігерлері сотталды. Олар аса ауыр қылмыс туралы хабарламау, заңсыз түсік жасату, ұйымдасқан және қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу баптары бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен:

  • Мектеп-интернат директоры Лаура Нұрмаханова екі жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Мектеп директорының орынбасары, мектеп психологы мен медбикенің әрқайсысына үш жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, кәсіптік қызметпен айналысуға тыйым салынды;
  • Акушер-гинеколог Еркебұлан Қожабеков бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот отырысы жабық режимде өтті.

 

Павлодардағы балалар үйінде жасөспірім қыз жүкті болып қалды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 

 

 

 

Жасөспірімге заңсыз аборт жасаған дәрігердің адвокаты сот үкімімен келіспей, аппеляциялық сотқа шағым түсірді. Нәтижесінде Еркебұлан Қожабеков тек бас бостандығынан шектелді.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында депутаттың күйеуі 12 жастағы оқушыны жүкті етті деп айыпталғаны туралы жазған едік. Бұл факті бойынша үш қылмыстық іс қозғалған: қылмыс туралы хабарламау, заңсыз түсік жасату және зорлау. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!