Connect with us

IN-THE-NEWS

Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде жұдырықтасқысы келетінін айтты

Published

on

By

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Шавкат Рахмоновтың (18-0) UFC 310 турнирінде уақытша чемпиондық белбеуді сарапқа салғысы келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: UFC

Белал Мухаммадқа қарсы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 8 желтоқсан күні Лас-Вегаста жекпе-жекке шығу керек болған отандасымыз сол турнирде өнер көрсету көздеп, уақытша чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді. 

“Белалдың қашан оралатыны беймәлім. Сондықтан UFC 310 турнирінде кез келген қарсыласпен уақытша чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға дайынмын. Кімді берсе де бәрібір, бастысы титулдық жекпе-жек болса болды. Өйткені Белалдың қашан оралатыны белгісіз. Мен дайынмын және титулға лайықпын!” – деді Рахмонов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік,  чемпион Белал Мухаммад (24-3-0-1) саусағынан жарақат алуына байланысты UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмоновқа қарсы кездесуден бас тартқан еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Дархан Жолшыбеков тұрып жатқан зәулім үйін тегін бермек

Published

on

By

Белгілі блогер Дархан Жолшыбеков өзі тұрып жатқан баспанасын бір оқырманына сыйлауға қарсы емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Желі жұлдызы жақында ғана көпбалалы анаға баспана сыйлаған еді. 

“Ешқандай интригасыз бірден айтайын: үйімді біреуге сыйлағым келеді. Осы күнге дейін ешқандай дүние мүлікті сатқан емеспін. Достарыма үйімді сыйлап жіберген кезім болды. Көліктерімді оқырмандарыма тегін тараттым. Мына үйді алғанда да қаншама адам негатив жазды. Сол кезде сатып, басқа жаққа көшкім келді. Енді Дари да келіспей отыр. Отбасылы адам болғасын өзім ғана шешім қабылдамаймын. Үйдің құны – 300 миллион теңге. Қазір бағасы тіпті өсіп кетті. Сату – менің ісім емес. Сол үшін тегін бергім келіп тұр. Гив немесе лоторея ойнатпаймын. Бұрын да ойлап қойып едім. Ол кезде осы үйге жаңадан көшіп келіп жатқасын қызығы басылмады. Одан кейін басқа баратын жеріміз болмады. Болашақта осы үйімді біреуге тегін сыйлап, масштаб тұрғысында контент жасағым келеді”, – деді Дархан. 



Еске салайық, блогер айына қанша теңге табатынын жасырмаған еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бір айда 150 миллион теңге табыс табамын. Командамда 48 адам жұмыс істейді. Олардың ай сайын еңбекақысын беремін. Онлайн дүкенім бар. Кәсіпті енді бастап жатырмын. Тауар айналымы болғасын шығынға да баттық. Қытайдағы киім зауытымен келісім-шартқа отырып, кәсіп бастағанбыз, фотода басқа ұстап көргенде мүлдем басқа болды. Сол кезде 70 миллион теңге шығынға баттық. Офисім – өзімнің үйім. Қалған жұмысшылар да онлайн істейді”, – деген еді Дархан.  

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматылық ер адам электромобиль сатып алған соң ақау шығып, салоннан 48 миллион теңге өндіріп алды

Published

on

By

Алматылық ер адам қаладағы автосалондардың бірінен электрокар сатып алып, кейін оның батареясынан ақау шыққан. Бастапқыда ол ақауды жоюды сұрағанымен орталық келіспей, ақшаны қайтармай қойған. Соңында тұрғын тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне жүгінуге мәжбүр болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos

Жәбірленуші автосалонға бірнеше рет барып, келісімшартты бұзып, ақшасын қайтаруды талап еткен. Бірақ оған орталық бас тартқан. Тек мемлекеттік органдардың араласуынан кейін мәселе шешімін тапқан. Осылайша ол Алматыдағы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгініп, 48 миллион теңге өндіріп алады.

Алынған өтемақының мөлшеріне қарағанда, алматылық тұрғын люкс санатындағы электромобиль сатып алған деп болжауға болады.

Алматы автосалондарынан алуға болатын бірнеше электрокарлар бұл критерийлерге сәйкес келеді:

  • Kia EV9 – 42 000 000 теңге
  • Audi Q8 e-tron – 47 430 000 теңге
  • Tesla Model X – 49 000 000 теңге
  • Hongqi E-HS9 – 50 000 000 теңге

Stan.kz тілшісі комитетке хабарласып, істің жай-жапсарын сұрап білді. Өкінішке қарай, олар ер адамның аты-жөнін және қай автосалон екенін атаудан бас тартты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Биыл тамыз айында Алматыдағы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне е-өтініш платформасы арқылы автосалонға қатысты өтініш түсті. Өтініш автосалонда сатып алынған көліктің кепілдік қызмет көрсету шарттарының бұзылуына байланысты болды. Тұтынушы кепілдік мерзімі ішінде бірнеше рет жоғары вольтты батареядан ақау шыққанына байланысты көлігі істен шыққандықтан, автосалонға бірнеше рет жүгінген. Тұтынушының өтініші бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша автосалонға аталған автомобильге қатысты бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді. Сөйтіп автосалон тұтынушыға автомобильдің толық құнын қайтарып берді”, – деп жауап берді комитет.

Комитеттің дерегінше, қазақстандықтардың көп жүгінетін мәселесі автомобиль саласы. Жыл басынан бері резонанстық істер бойынша 50-ден аса қазақстандық 756 000 000 теңге көлемінде өтемақы алған. 

Сонымен қатар биыл 43 мыңнан аса азамат арызданған. Бұл былтырға қарағанда 10 мыңға көп екен. 

Осы тұста сатып алған электромобильдің зақымдалған жағдайда не істеу керегін қазақстандық адвокат Әбдіғани Нұрлат айтып берді. 

“Қазақстанда көлік сатып алғанда және ақау анықталған жағдайда азамат “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” заңына және Азаматтық кодекске сәйкес арыздана алады. Тұтынушы тиісті емес сападағы тауарды сатып алмас бұрын сатып алу бағасын азайтуды талап ету қажет. Осы кезде тауардың ақауларын тегін жөндетіп, сапасыз тауарды қайтарып, ақшаны толығымен қайтаруды сұраңыз. Кепілдік мерзіміне қарап, басқа тауарға ауыстыруды талап етіңіз. Егер ақау кепілдік мерзімінде анықталса, сатушы (немесе өндіруші) жөндеуді өз қаражатына жүргізуге міндетті. Мұнда сатып алушы дереу сатып алу шартын, түбіртектерді, техникалық құжаттарды және ақауды дәлелдейтін материалдарды дайындау жинап, шағындануы керек”, – деді адвокат.

Сонымен қатар адвокат шағымды тіркеу кітабына енгізуге талап қою қажет екенін айтады.

“Егер сатушы ақауды мойындамаса, тәуелсіз сараптама жасатып, нәтижесін пайдаланыңыз. Уәкілетті органдарға, соның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе “Атамекен” ұлттық палатасына арыз түсіріп, хабарласыңыз. Мәселе бейбіт жолмен шешілмесе, сотқа жүгініп, материалдық және моральдық шығынды өтеуді талап етіңіз. Қазақстан азаматы “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” заңының 15-бабына сәйкес тиісті емес сападағы тауар жағдайында тұтынушы тауарды жөндеу, ауыстыру немесе ақшаны қайтаруды талап ете алады. 24-бап (Сатушының (дайындаушының, орындаушының) міндеттері) негізінде сатушы сапалы тауар беруге және ақау анықталса, оны жоюға міндетті”, – деді адвокат.

Адвокаттың сөзінше, кез келген адам Азаматтық кодекстегі 406-бапқа сәйкес (Сатып алу-сату шарты) сапасыз тауар жағдайында шартты бұзу немесе бағасын азайтуды талап ете алады. Бұдан бөлек 427 бап (Тауар сапасын тексеру) және 428-бап (Тиiстi сапасы жоқ тауар берудiң зардаптары) негізінде көліктің жарамдылық мерзімі ішінде ақауды тегін жою немесе ауыстыруға мүмкіндіктері бар. 9 (Азаматтық құқықтарды қорғау) және 921-баптарда (Заңды тұлғаның немесе азаматтың өз қызметкерi келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiгi) көрсетілгендей, қазақстандықтар сатып алушыдан материалдық және моральдық шығынды өтеуге міндеттей алады. Соңғы кезең сотқа жүгініп, өз талабын енгізе алады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Шымкентте Тоқтар Төлешовке тиесілі болған Мәдениет үйінің орнына келер жылы Жастар сарайы салынбақ

Published

on

By

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков сүрілген Мәдениет үйінің орнына Жастар үйі салынатынын мәлімдеді. Құрылыс жұмыстары ақпанда басталмақ. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Шымкент әкімдігі

Әкімнің сөзінше, ғимарат сейсмикалық және техникалық талаптарға сай келмегендіктен сүрілген. 

“Біз уәде етілгеннің барлығын орындаймыз. Үш рет сейсмоберіктік пен техникалық тексеріс жүргіздік. Бұрынғы ғимараттың орны толық тазаланды, ақпанда құрылыс басталады. Жоба демеушілік қаржы есебінен салынады”, – деді әкім.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Фосфорник” мәдениет үйі соңғы бір жыл бойына бос тұрған. 2023 жылдың қарашсында ғимараттың Жастар сарайы болып қайта құрылатыны белгілі болды. 

Еске салайық, ғимарат “Дархан групп” ЖШС жеке меншігінде болған. Оның құрылтайшыларының бірі – “сыра патшасы” атанған Тоқтар Төлешов. 2016 жылға дейін мұнда балалар клубтары жұмыс істеді. Бірақ Төлешовке қатысты үкім шыққаннан кейін ғимарат пен оның маңындағы аумақ тәркіленді, бірақ әкімдік мүлікті өз балансына қабылдамады.

“Дархан групп” мәдениет үйі сыра зауытына бес жыл ішінде 1,8 миллиард теңге қарыз болғанын мәлімдеді. Содан бері ғимарат қараусыз қалған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!