Connect with us

IN-THE-NEWS

Елдос Сметов Тоқаевпен бірге Франция президентінің қабылдауда болды

Published

on

By

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірге Францияға мемлекеттік сапары аясында арнайы шараларға қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Франция президентінің атынан ұйымдастырылған Мемлекеттік қабылдауға Францияның Үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, іскерлік топ, ғылым және дипломатия өкілдері, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды. Оның ішінде Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов, Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтяров, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров бар. 

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік,  биыл Парижде өткен олимпиада ойындарында Елдос Сметов финалда француз дзюдошысы Лука Мхидземен күресіп, олардың өнерін Эммануэль Макронның өзі келіп тамашалаған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Еңбек министрі жұмыс істейтін зейнеткерлерді әзірге зейнетақыдан айырмайтынын айтты

Published

on

By

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетке шығып, бірақ жұмыс істеп жүрген азаматтарға зейнетақы әрі қарай төлене беретінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Үкімет отырысынан кейінгі брифинг барысында Светлана Жақыпова әзірге жұмыс істеп жүрген зейнеткерлерге зейнетақының толық төленетінін мәлімдеді. 

“Өткен жұмада Еңбек ресурстарын дамыту орталығында БАҚ өкілдерімен бейресми кездесу өткіздім. Бұл сауал сол кездесуде қойылды, бірақ менің жауабымнан контексті жұлып алған. Мен зейнетке шығудың 2 тәсілі барын яғни ерте және кеш шығу және бұл әзірге ұсыныс екенін айттым. Бұл ұсыныс қазір зейнетақы алып отырған азаматтарға ешқандай кедергі келтірмейді. Олар қалай зейнетақысын алды, қалай жұмыс істеп отыр, солай әрі қарай жалғаса береді”, – деді Светлана Жақыпова.

Министрдің айтуынша, бұл ұсыныс Үкіметтің қарауына әлі енгізілмеген. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қазір болжам жасап, еңбек нарығын қарастырып отырмыз. Биыл еңбек нарығына 300 мың жас келді. Оларға жұмыс орындары да керек. Сондықтан сарапшылар осындай ұсыныс беріп отыр”, дейді министр. 

Еске салайық, бұған дейін депутат Асхат Аймағамбетов еңбек министрін жұмыс істейтін зейнеткерлерді зейнетақыдан айыруы туралы ұсынысынан кейін сынға алған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Мақпал Жүнісова домбыраны бордқа кіргізбеген әуе компаниясына шүйлікті

Published

on

By

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова ұшақта домбырасы үшін жеке орын сатып алуға мәжбүрлеген әуе компаниясына ренжіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Өнер иесі мемлекет басшысына үндеу жасады. 

Құрметті, Қасым-Жомарт аға Тоқаев! Аэропортты сатсаңыздар сатқан боларсыздар, бірақ қазақтың домбырасын сонша қорлауға жол бермеңіз! Мүмкін сіз хабардар емес шығарсыз, біздің өтінішімізге құлақ асыңыз! Жүк салғышқа өткіз дейді. Ана жолы Тоқтар Серіктің домбырасын сындырған. Сол кезде де ешкім жауап берген жоқ. 59 мыңға қасымнан орын алып, бордқа домбырамды кіргіздім. Абай жеріне келіп алып, ұлттық аспапты қорлауға тап болдық. Семейдің әкімін танымаймын, бір ауыз сөз айтайын деп ойлаған едім”, – деп жазды халық әртісі. 



Еске салайық, әнші наурыз айында Қостанайға гастролддік сапар кезінде домбырасын жеке көлікпен жібермекші болып еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Домбырамды өткізбеді. Бір домбыра үшін Қостанайға көлік жалдап отырмыз. Айтарға сөзім жоқ. Төрт қыз әуе компаниясының заңы солай деп көнбей қойды. Өмір бойы домбырамен ұшып жүрдік. Жүксалғыштың жоғарғы жағына сыятын. Таң атпай жүйкемді құртып отыр. Ақшамды да алмай тұр. Қостанайға өзіміз барып алып, 5 сағат бойы домбыраның келгенін күтеміз”, – деген болатын әнші. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қай жастағы азаматтар бала асырай алады

Published

on

By

Мәжіліс отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ата-ананың қарауынсыз, тұрмыстық қиын жағдайда қалған балаларды қабылдаушы отбасы институтын заңға енгізу мәселесін түсіндіріп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Мәжіліс отырысының бірінші оқылымында депутаттар білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Оқу-ағарту министрлігі бастамашы болған түзетулер кәсіби қабылдаушы отбасы тұжырымдамасын заңнамалық тұрғыдан бекітеді. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына орналастырудың балама нысанын белгілеу арқылы жетілдіруге бағытталған құқықтық нормалар қарастырылады. Баламалы нысан төрт санатқа қатысты болады: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, панасыз және көшедегі балалар, сондай-ақ олардың отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандары.

Министр Ғани Бейсембаев заң жобасында кәсіби қабылдаушы тәрбиешілерге қойылатын талаптар белгіленеді деп айтты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Олар балаларға қолайлы жағдай жасай алатын, тұрғын үйі бар 30 бен 53 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Кәсіби қабылдаушы отбасы мәртебесін алуға ниетті отбасылар қорғаншылық және қамқоршылық органдарында психологиялық дайындықтан және аккредиттеуден өтуге тиіс. Олар алты айдан аспайтын уақыт ішінде бір мезгілде 4 балаға дейін қабылдай алады. Бұл ретте отбасылар қорғаншы немесе қамқоршы органмен жасалған шарт негізінде балаларды кез келген уақытта таңдау құқығынсыз қабылдауға міндетті”, – делінген заң жобасында.

Тәрбиешілердің қызметіне ай сайын 70 АЕК көлемінде ақы төленетін болады. Сонымен қатар мемлекет әр баланы асырауға 10 АЕК бөледі. Кәсіби қабылдаушы тәрбиешілер тоқсан сайын қорғаншылық және қамқоршылық органдарына балалардың денсаулық жағдайы, тәрбиелеу барысы, балаларды күтіп-бағуға бөлінген қаражаттың жұмсалуы, сондай-ақ олардың мүлкін басқару туралы есеп беруге міндетті болады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!