Connect with us

IN-THE-NEWS

“Семей орманында” болған өртке қатысты тағы бір адам сотталып, 161,5 миллиард теңге төлеуге міндеттелді

Published

on

By

“Қазавиаорманқорғау” компаниясының бас директоры міндетін атқарушы Талғат Әлиевті ірі орман өртінің шығуына әкелген салғырттығы үшін екі жылға қауіпсіздік колониясына қамалды. Ол экология министрлігіне 161,5 миллиард теңге төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Әлиевтің кінәсі ретінде ол Бородулиха және Бөкебай авиациялық бөлімшелерінің қызметкерлеріне арқан құрылғысын пайдалану бойынша дайындық жүргізуді ұйымдастырмағаны анықталды. Сонымен қатар 2023 жылғы мамырда өрт қаупі жоғары маусым болды. Осы кезде ол Ми-8 орнына Ми-2 тікұшағын жалға алған. Бұл тікұшақ десантшыларды түсіруге арналмаған және су төгетін құрылғылары жоқ еді. Сол себепті өртті қиын жерлерде жедел сөндіру мүмкін болмаған.

Бұл олқылықтар 2023 жылдың 8 маусымында “Семей Орманы” Батпаев орман шаруашылығының 66-шы тоқсанында өрт шыққанда анықталды.

М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 2023 жылдың 28 желтоқсанындағы қорытындысына сәйкес өртті сөндіру үшін оны анықтаған сәтте екі десантшы-өрт сөндіруші мен қол құралдары жеткілікті еді. Алайда тікұшақтың талаптарға сәйкес келмеуі және десант түсіруге жарамсыздығы өртті уақытында сөндіруге кедергі жасап, оның кеңінен таралуына және ауыр зардаптарға әкелді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Салдарынан ерекше қорғалатын орман аймағында 63 мың гектардан астам орман жанып кетті. Бұл 161,5 миллиард теңге көлемінде зиян келтірді. Экология министрлігі бұл соманы мүліктік зиян ретінде талап етті және сот Әлиевті оны өтеуге міндеттеді. Сондай-ақ ол 4,8 миллиард теңге көлемінде мемлекеттік баж төлеуге де міндеттелді.

Еске салайық, бұған дейін Абай облыстық соты 2023 жылдың жазында аймақта болған ірі орман өртіне қатысты қылмыстық іс бойынша шешім шығарды. Абай ауданындағы ірі орман өртінен қаза тапқандар ісі бойынша сот шешім шығарды. Сотта екі айыпталушы болды: біреуі бұрын “Семей орманы” резерватының бастығы және қорықтың Новошульбі бөлімшесінің бастығы лауазымына жіберілген. Оларға Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі “Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бойынша айып тағылды. Істі қарау алты айдан астам уақытқа созылды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Жәмила Бақбергенова әлемнің ең үздік балуандарының көшін бастауға жақындады

Published

on

By

Әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте екі саты көтеріліп, ең үздік балуандарының көшін бастауға жақындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Жәмила Бақбергенова Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған әлемдік рейтингінде екі саты жоғарылап, позициясын жақсартты.Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының үздігі Жәмилә Бақбергенова 72 келі салмақ дәрежесінде өз позициясын жақсартып, төртінші орыннан екінші орынға көтерілді. Оның еншісінде 45 000 ұпай бар. Ал, рейтингтің көшін жапондық Ами Исии бастаса, үздік үштікті румыниялық Александра Николета Ангел аяқтайды. 

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетсек, жақында өткен әлем чемпионатында Бақбергенова финалға шығып, жоғарыда аталған Исииге есе жіберген еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Депутат Қазақстанда әйелдер үшін жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

Published

on

By

Мәжіліс отырысында депутат Қарақат Әбден премьер-министрге сауал жолдап, елде әйелдер үшін қысқартылған жұмыс күнін енгізу мәселесін ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Мәжіліс

Депутаттық сауалда “Ауыл” фракциясының депутаты соңғы жылдары аудан әкімі қызметіне тағайындалған әйелдер саны 8%-ға артқанын айтты. Дегенмен билікте әйелдердің санын көбейту үшін жүйелі өзгерістер керек дейді. 

“2023 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,7% болса, басшылық қызметтегілердің үлесі небәрі 20,3%. Тәуелсіздік алғалы саяси лауазымда отырған әйелдердің үлесі 15%-дан асқан емес. IPU Parline рейтингіне сүйенсек, Қазақстан саясаттағы әйелдердің үлесі бойынша 183 елдің ішінде 124-орында. Бұл көрсеткіш бойынша Өзбекстан алдыңғы орында. Бұл елде былтыр парламент сайлауы өтіп, парламенттің заң шығарушы палатасында әйелдердің үлесі 38% болған. Ал Қазақстанда аймақтардағы мәслихаттағы әйелдердің үлесі 21%. Бірақ аймақтарда көрсеткіш әртүрлі. Мысалы, Түркістан облысында 21% ғана. Ал квазимемлекеттік секторда негізгі лауазымдағы ерлер саны әлі де басым”, – деді Қарақат Әбден. 

Мәжілісмен облыстық әкімдіктерде басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі тек 10% екенін айтып, барлық облысты ерлер басқаратынын алға тартты. Әйелдер орынбасар қызметіне тағайындалып, негізгі “жұмыс күшіне” айналған екен.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, үкіметті әйелдердің көшбасшылығын дамытуға көмектесеті шаралар қабылдауға шақырамын. Алдымен, басшылық қызметке әйелдердің қатысуын арттыру мақсатында гендерлік теңдік мәселелері бойынша ұлттық бақылау және есеп жүйесін құру керек. Сөзсіз әйелдерді басшылық лауазымға тағайындау тек олардың біліктілігіне сүйене отырып жүзеге асуы керек. Екіншіден, мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың барлық деңгейінде әйелдер көшбасшылығы ұлттық бағдарламасын енгізу қажет. Үшіншіден, сквандинавия елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып әйелдер үшін қысқартылған жұмыс күнін енгізу мүмкіндігін қарастыру керек. Бұл отбасы институтын дамытуға көмектесіп, жұмыс істейтін әйелдер бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөле алады”, – деп ұсынды ол. 

Сондай-ақ депутат тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашып, жұмыс орындарында балалар бөлмесін жабдықтау керек дейді. 

“Ақылы декреттік демалыс мерзімін 2 жылға дейін ұзарту керек. Сонымен қатар жұмыс орнында әйелді қорғау және кемсітумен күрес мақсатындағы құқықтық жұмыстарды күшейткен жөн”, – деп түйіндеді ол. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қызметкерлер Талғар ауданындағы “Хутор” қылмыстық тобының бар-жоғын анықтап жатыр – Ішкі істер министрлігі

Published

on

By

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жақында қамауға алынған Хасан Қасымбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, тергеушілер Талғар ауданындағы “Хутор” қылмыстық тобының бар-жоғын анықтап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

“Қазір сол жерде біздің бір топ қызметкер жұмыс істеп жатыр. Мен бұл тақырыпты егжей-тегжейлі зерттемедім. Сондықтан оны тиісті басқармаға бағыттаған жөн. Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғаннан кейін, олар өзінің жауабын береді”, – деді Игорь Лепеха.

Игорь Лепеха бұл іске полиция қызметкерлерінің қатысы бар-жоғын айтты.

“Біздің қызметкерлерге қатысты мәселе қаралып жатқан жоқ. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты ол (Х.Қасымбаев) ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Барлық процессуалдық әрекетті біздің қызметкерлер бірінші кезеңде орындады”, – деді министрдің орынбасары. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырған. Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры лауазымынан босатылған еді. Шерзаттың ата-анасы әкімдік пен аудандағы құзырлы орган басшыларының қызметінен кетуін талап етті.

Осыдан соң Хутордың өкілі делінген Хасанның ағасы, Талғар ауданының әкім аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті. Кейіннен “Хутор” бандасының жетекшісі деген Хасан Қасымбаев ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Кейін оның Ережесіз жекпе-жек спортшысын аяусыз ұрып жатқан видеосы тарап, не үшін ұсталғаны белгілі болды. Сонымен қатар күні кеше, Хасан Қасымбаевтың анасы ұлының жазықсыз екенін айтып, президенттен көмек сұрады. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!