Connect with us

IN-THE-NEWS

Жетісу облысының тұрғындары 20 жыл бойы құдықтан тұзды су ішіп жүр

Published

on

By

Жетісу облысы Талдықорған іргесіндегі Қызылтас саяжайының тұрғындары 20 жылдан бері құдықтан тұзды су ішіп келеді. Халықтың сұрауымен елдімекенге су құбырын тартуға бюджеттен миллиондаған қаражат бөлінген екен. Алайда екі жыл бұрын басталған жұмыс әлі аяқталмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ауыл тұрғыны Райымбек Садырбаев 8 жылдан бері ауыз суды қаладан тасып ішіп отырғанын айтады. Күніне кемінде 10 литр су сатып алатын көрінеді. Ол тұрмысқа қажетті суды есік алдындағы құдықтан алып отыр. 

“Кемпір екеуміз ғана тұрамыз. Бір пластик бөтелке бір күнге бізге жетіп жатыр. Бірақ қиын. Кейде автобуспен, кейде таксимен барып келесің. Одан басқа амал жоқ. Мына суды іше алмаймыз, су өте тұзды”, – деді Райымбек Садырбаев.

Ауыз суды Талдықорғаннан тасығанға бәрінің бірдей мүмкіндігі жоқ. Сондықтан көбі амалсыздан тұзды суды ішуге мәжбүр. Негізі Қызылтасқа таза су былтыр берілуге тиіс болған. Алайда мердігер компания жұмысты әлі аяқтамаған.

Талдықорған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Алмас Барлыбеков мердігерді сотқа бергенін айтады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бөлім тарапынан мердігер мекемені сотқа бердік. Сотпен мекеме жұмысты толығымен аяқтап, халыққа беруге міндеттелді. Қазір бұл жұмыстар аяқталып жатыр. Қараша айының соңына дейін барлық құбырды жуып-шайып тазалап, халыққа су береміз”, – деді бөлім басшысы.

Тұрғындардың сөзінше, шенеунік бірнеше мәрте осылай уәде берген. Жұрт жарықтың мәселесі де ұзақ уақыт бойы шешілмей келеді деп күйінді. 

“Біресе көктемде, біресе қазанда қосамыз деп отыр. Сөйтіп ауыстырып отырады. Бірде 15 күннен кейін қосамыз деп кетті Алайда сол күйі су қалды. Жарық жөнінде ешкім ешнәрсе берген жоқ, тек орталық және тағы бір көшеге қойды”, – деді Айгүл Бекенқызы.



Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында тұрғындар ауыз суға зәру екенін айтып, шағымданып жатқанын жаздық. Мұнда осыдан үш жыл бұрын 200 миллион теңгеден астам бюджет ақысына басталған ауыз су жүйесінің құрылысы әлі аяқталмаған. Тұрғындар денсаулыққа зиян ащы суды амалсыз ішіп отырғандарын айтып, наразылық танытты.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшып өтті (видео)

Published

on

By

Астанада аспаннан жойғыш ұшақтар ұшып өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Куәгерлер ұшақты видеоға түсіріп алған. Желіде тараған кадрлардан ұшақтың соңынан түтінді байқауға болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі 23 және 24 қарашада Астанада қарулы күштер авиациясының жоспарлы ұшулары өтетінін мәлімдеген еді. Министрлік мәліметінше аталған іс-шара кезінде арнайы түтін қолданылады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Іс-шара Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды. Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ”, – дейді министрлік өкілдері. 

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шараларын қабылдауды тапсырған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ресейге соғысқа аттанған қазақстандық уәде етілген азаматтықты ала алмай жүргенін айтты (видео)

Published

on

By

Қазақстанның 50 жастағы тумасы Олег Соколов Украинаға соғысқа кетіп, уәде етілген Ресей азаматтығын алмағанына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ер адамның үндеуін журналист Лұқпан Ахмедьяров жариялады. Ресейге соғысуға кеткен қазақстандық бір жылдан бері уәде етілген Ресей төлқұжатын ала алмағанын айтты.



“Есімім Олег Георгиевич Соколов. 1974 жылы дүниеге келгенмін. Қазақстан азаматымын. Солтүстік әскери округте жүргеніме бір жыл болды. Әлі азаматтық ала алмай жүрмін”, – дейді ол.

Ер адам енді Қазақстанға орала алмайтынын, өйткені оған жалдамалылық бабы бойынша айып тағылатынын айтты.

“Ресей қауымдастығына өтініш білдіргім келеді. Өйткені мен Қазақстанға, өз үйіме орала алмаймын. Өйткені “Арнайы әскери операция” мүшесі ретінде жалдамалылығы үшін бірден түрмеге жабылады. Бірақ азаматтығым жоқ, Ресейде тұра алмаймын. 2023 жылы келісім шартқа отырғанымда, азаматтықты еш қиындықсыз алатынымды айтты. Біреуі үш айдан кейін аласың деді. Енді бірі мемлекеттік наградаларды алғаннан кейін беріледі деп айтты”, – деді ол.

Желіге ер адамның үндеуі жарияланған соң ол қатаң сынға ұшырады. Көпшілік бұған оның өзін жазғырды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қалай бермейді? Сен Ресейдің батырысың ғой”, “Елімізде біреуі болса да азайғаны жақсы!”, “Үйім Қазақстанда деп, өзі Ресей үшін соғысып жатыр ма? Болды досым, енді сенің үйің Ресей”, “Олар тарихи отанына кетсін. Бізге олардың қажеті жоқ!”, – деп жазды олар. 


Айта кетейік, бұған дейін Украина Ресейге ATACMS зымыранымен алғашқы шабуылын жасағаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сарапшылар Қазақстанда ең арзан пәтерлері бар қалаларды атады

Published

on

By

2024 жылдың қарашасында Қазақстанның төрт қаласында тұрғын үй құны еліміздің басқа елді мекендеріне қарағанда арзанырақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Танымал жылжымайтын мүлік сайтының мәліметінше, бұл тізімде Қызылорда көш бастап тұр. Сонымен қатар бұл барлық форматтағы пәтерлерге қатысты, яғни бір бөлмелі пәтерлерден үш бөлмелі пәтерлерге дейін.

  • 1 бөлмелі – 7,5 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 12 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 16 миллион теңге.

Сондай-ақ ең қолжетімді жылжымайтын мүліктер Тараз, Талдықорған және Жезқазған қалаларына тиесілі.

“Бұл өңірлерде бір бөлмелі пәтерлердің бағасы 9,5 миллионнан 10,5 миллионға дейін. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 21 миллионнан 23 миллионға дейін барады”, –делінген хабарламада.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сарапшылардың пікірінше, елде әртүрлі бөлмелі пәтерлердің бағасы 13-тен 25 миллионға дейін өзгереді.

  • 1 бөлмелі – 13 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 19 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 25 млиллион теңге.

Ал еліміздегі ең қымбат баспана Алматыға тиесілі. Онда бір бөлмелі пәтердің құны орта есеппен 24 миллион теңге. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 36 миллион және 44 миллион теңге. 

Тұрғын үй бағасының қымбаттығы бойынша Астана екінші орында. Ал Шымкент үшінші орында.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending