Connect with us

IN-THE-NEWS

Қарағанды облысының экономикасына жыл басынан бері 680 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылды

Published

on

By

Қарағанды облысының экономикасы тұрақты дамып келеді. Өнеркәсіптік өндіріс пен инвестиция көлемі  өсуде. Екі жаңа кәсіпорын жұмыс істей бастады. Бұл полиэтилен құбырларын өндіретін және  болат су жылытатын газ қазандықтарын шығаратын кәсіпорындар.  

Тағы сегіз жоба іске қосылады деп күтілуде. Қарметке жаңа инвестордың келуімен тоқтап тұрған кеніштер қалпына келтірілді. Жаңа инвестордың келуімен Qarmet компаниясында жұмыс істемеген шахталар қалпына келтірілді.

Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Аймақ басшысы  халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі мемлекет басшысының  тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады.

“Жыл басынан бері облыстың экономикасына 679,1 млрд теңге инвестиция құйылды. Бұл өткен жылдағы осы  кезеңімен салыстырғанда 14,6 %-ға артық. Облыс картасында екі жаңа кәсіпорын пайда болды. Жыл соңына 200 млрд теңгеден астам  инвестиция тартылған  тағы 8 жобаны іске қосамыз. Бұл  2600 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.  Ірі жобалардың қатарында мыс және ферросилиций өндіретін зауыттар бар”, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Оның айтуынша, жыл басынан бері экономиканың өсуі 13,1 % құрады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8 трлн теңгеден асты. Негізгі бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Бұл 2,2 трлн теңге.

Облыс әкімі Qarmet компаниясының қызметіне жеке тоқталды.

“Өздеріңіз білетіндей, былтыр  Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірдегі ең ірі Qarmet кәсіпорнында инвестор ауысып, алып кәсіпорында қайта жаңғыру басталды. Металлургиялық комбинатта шойын, болат және жалпақ прокат өндірісі артты .Жаңа инвесторға ауысқан кезде сегіз шахтаның үшеуі ғана жұмыс істеп тұрған еді.  Қазір  жеті шахта жұмыс істеп тұр. Ұңғыма кенжарларының саны 11-ден 45-ке дейін ұлғайтылды. Бұл болашаққа арналған негіз, ол шахталардың көп жылдар бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді”, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Кеншілердің қауіпсіздігі үшін іздеу және позициялау жүйесі енгізілді. Қазір бұл жүйе “Қазақстан” және “Күзембаев” атындағы екі шахтада жұмыс істейді.  Келесі жылы барлық шахталар қамтылмақшы.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан әлем чемпионы атанды

Published

on

By

Париж олимпиадасының ширек финалында жарыс жолынан шығып қалған Әлімхан Сыздықов Армениядағы әлем чемпионатында топ жарды.  Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде кезекті қазақ балуаны жарыс жеңімпазы атанды. Париж олимпиадасының қатысушысы Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен аса ауыр салмақта бақ сынап, қарсылас шақ келтірмеді. Отандасымыз финалда ирандық балуанға қарсы белдесіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Сыздықов Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын жүлдені салды. 

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық еркін күрес шебері Мейіржан Әшіровтің әскерилер арасында әлем чемпионы атанғанын және грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғалидың қола жүлдегер атанғанын жазған едік.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Каратэден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Published

on

By

Испанияның Памплона қаласындағы каратэден өтетін әлем чемпионатында бақ сынайтын спортшыларымыз анықталды. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Испанияның Памплона қаласындағы каратэден WKF ережелері бойынша командалық әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа әлемнің ең үздік 20 командасы қатысады. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Ұлттық құрамана сапындағы 8 каратэші ел намысын қорғайды. Олар: Қайсар Алтынбай, Жоламан Биғабыл, Нұрқанат Ажиканов, Әбілмансұр Батырғали, Данияр Юлдашев, Никита Тарнакин, Ғалым Асылхан және Диас Улбек.

Қазақстан құрамасы C тобында АҚШ, Франция, Косово және Грекия құрамаларымен бірге жарысқа түседі. Топтан тек екі команда ғана ширек финалға жолдама алады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, 2021 жылғы әлем чемпионатында ерлер құрамасы тарихи қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Саясаттанушылар Украинадағы жағдайдың Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты

Published

on

By

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шараларын қабылдауды тапсырған еді. Саясаттанушылар Украинадағы жағдайдың Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: АА

Саясаттанушы Әділ Кәукенов жағдайдың ушыққанын алға тартты.

“Ұзын қашықтыққа ұшатын зымырандар мен баллистикалық қарулар қолданыла бастаған украиндық қақтығыс қатты алаңдатады. Осылайша, қақтығыс жаңа деңгейге өтті. Мұның салдары ауыр болуы мүмкін. Әзірге жағдай ушығып тұр. Сондықтан президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, президент әкімшілігінің басшысына, барлық құқық қорғау органдарының басшыларына және әкімдерге негізгі әскерилердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды”, – дейді Кәукенов.

Кәукенов билік кез келген төтенше жағдайға дайын болуы керектігін айтты.

“Бұл бұйрық мемлекеттік аппараттың күтпеген жағдайларға дайын болуын қамтамасыз ету үшін беріліп отыр. Біз сөзбен айтқанда, төтенше жағдай бола қалса, барлығы алақанын жайып, мұндайды болжамадық деп жауапкершіліктен қашпау үшін қажет. Өйткені бұл азаматтардың экономикалық әл-ауқаты мен инфрақұрылымның қауіпсіздігіне қатысты дүние”, – дейді Кәукенов.


Путин Украинаға жаңа баллистикалық “Орешник” ракетасымен соққы жасағанын мәлімдеді: Зымыранның артықшылығы туралы айтылды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Сонымен қатар саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұйрықты ең нашар сценарийге дайындық деп атады.

“Қазіргі жағдайды ескерсек, бұл ең нашар сценарийге дайындық. Егер Украина Қазақстан шекарасына жақын немесе Каспий теңізі маңындағы ресейлік әскери нысандарға шабуыл жасаса не істейміз? Құрбандарды азайту үшін шаралар қабылдау қажет. Бұл бізге де әсер етуі мүмкін. Дайындық жасаған жөн. Жауапты саясаткерлер бұл туралы ойлануға және өз мүмкіндіктерін қарастыруға міндетті”, – дейді Әбішев.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев радиациядан қорғау шаралары да қаралуы мүмкін екенін айтты.

“Қазіргі шиеленіс АҚШ әкімшілігінің және оның одақтастарының Ресейге қарсы ұзақ қашықтықтағы қару қолдану шешімдерінен туындап отыр. Вашингтон қақтығысты күшейтіп жатқандықтан, алдағы апталарда әскери арсенал кеңейіп, зымырандар алыс қашықтыққа ұшуы мүмкін. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, елдегі жағдай Тоқаевтың жеке бақылауында. Қазақстанда таңдау аз, бірақ негізгі міндеттер: әуе шабуылына қарсы қорғанысты нығайту, төтенше жағдайлар жүйелерін тексеру, қауіпсіздік шараларын күшейту және арандатушылықтарға дайын болу. Ең нашар сценарийде радиациядан қорғау шаралары да қаралуы мүмкін”, – дейді Данияр Әшімбаев.

Бұған дейін Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шараларын қабылдауды тапсырған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!