Connect with us

IN-THE-NEWS

Депутат Жаңбыршин жекеменшік балабақшаларды лицензиялау керек екенін айтты

Published

on

By

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жекеменшік балабақшаларды лицензиялау керек екенін айтып, балалапдың қауіпсіздігі басты назарда тұруы керек екенін айтты. Ол оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтан балабақшаларға бөлінетін 800 миллиард теңге қайда кеткенін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Депутаттың сөзінше, қазір кім көрінген балабақша ашып алған.  Ол психология мен педагогикадан хабары жоқ адам сабақ береді, тәрбие береді деп қынжылды.

“Сол себепті бірінші кезекте айтып жатқан мәселе – лицензиялау. Бизнесті қорғаймыз деп баланың қауіпсіздігін ысырып қоюға болмайды. Баланың тәрбиесі мен денсаулығы бизнес емес, оны қоюымыз керек. Үкімет жылына миллиардтаған қаржы бөліп жатыр. Оның нәтижесі – баласы таяқ жейді, дұрыс тамақтанбайды, балабақшадан ауырып келеді. Сондықтан лицензиялау мәселесін тездетіп енгізуіміз керек. Ешкімге қарамау керек, – деді Мәжіліс депутаты.

Ол мемлекеттік мүдде бірінші кезекте болу керектігін, содан кейін ғана кәсіпкерлік екенін алға тартты. 

“Адамның құқығы балабақшадан бастап қорғалуы керек. Лицензияны енгізу керек. Жекеменшік балабақшалар шулайды деп лицензияны кіргізбеуіміз керек пе? Олар кім соншама? Мемлекеттің барлық мүддесін ұстап отырған кәсіпкерлер ме? Олай емес”, – деді Еділ Жаңбыршин мәжілісте.

Депутаттың сөзінше, жаңалықтарда балаларға қатысты зорлық-зомбылықтар жиі көрсетіледі.

“Бұл тоқтайтын емес. Осыған орай мен және әріптестерім білім беру ұйымдарын лицензиялау дейтін мәселені ұсынған еді. Бірақ Үкімет біздің бастамамызды қолдамады. Олардың негізгі уәжі – бұл балаларды оқыту мен қамтудың төмендеуіне әкеледі. Өйткені біз лицензиялайтын болсақ, олар арнайы талаптарға сәйкес болуы керек. Енді біз балалардың құқығын былай ысырып қойып, бизнесті қолдауымыз керек пе? Білім беретін ұйымдарда кім сапалы білім мен тәрбие беріп жатыр? Олар не ішіп-жеп жатыр? Ата-аналарға балаларының қандай жағдайда тәрбиеленіп жатқаны маңызды деп ойлаймын. Сондықтан, Ғани Бектайұлы, неліктен Үкімет осы лицензиялау мәселесіне қолдау білдірмеді? Негізгі себептері қандай?” – деп сұрады Еділ Жаңбыршин.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев балалардың қауіпсіздігі маңызды екенін жасырмады. Ол бұл бағытта үлкен шаралар қабылданғанын айтты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бұған дейінгі талаптардың барлығында осы балабақшаларға қатысты тәртіп күшейтілді. Оның бәрі лицензияның тәртібіне дейін көтерілді. Бірақ бүгінде бұл мәселеге келу үшін балаларды балабақшамен қамту мәселесінде жекеменшік мекемелердің үлкен рөл атқарып отырғаны белгілі. Балаларды қамтуда да олардың үлесі бар екенін көріп отырмыз. Сіздің айтып отырған ұсынысыңызды біз де жалпы түсініктікпен қабылдаймыз және бұл мәселеге де қайтып келу керек екенін қоғаммен, сарапшылармен ақылдасып отырмыз. Сондықтан да жалпы лицензиялау мәселесін бүгін-ертең емес, бұған келу үшін тиісті нормамен 2026 немесе 2027 жылдарға қарай келгеніміз дұрыс болады. Өйткені оған үлкен дайындық керек. Кәсіпкерлердің де дайындығы қажет. Сапалы қызмет көрсетіп отырған балабақшалар да бар. Олардың да мүдделері бұзылмауы керек, сонымен қатар балалардың қауіпсіздігінің де қатаң сақталуы қажет”, – деді министр.

Алайда депутат Еділ Жаңбыршин министрдің жауабына қанағаттанбады.



“Бұл салаға 800 миллиардтай ақша бөлінеді екен. Оның қайда кетіп жатқаны белгісіз. Жекеменшік балалақшалардың ішінде дұрыс және бұрыс жасайтын кәсіпкерлер де кездеседі. Мұнда лицензиялаудан басқа қатаң бақылау болу керек. Ол да кенже қалып жатқан сияқты, – деді халық қалаулысы. Министр мырза, мұны көпке созуға болмайды. Лицензияны кіргізу керек және біз мына Кәсіпкерлік кодексті алып тастауымыз керек. Балаға білім беретін, тәрбие беретін нысандардың бәрін прокуратурасыз барып тексеруіміз керек. Мен өзі немеремді ондай жерге беруге қорқамын. Себебі ол ондай жерден қандай адам болып шығуы мүмкін? Ол жерге қандай адам кіріп, жұмыс істеп жатыр? Білмеймін ғой, оның басын қалай улап жатқанын”, – деді депутат.

Еділ Жаңбыршин министрге бұл мәселе бойынша көмектесуге әзір екенін айтты. 

“Сондықтан ешкімнен де қорықпау керек. Егер сізге депутаттар тарапынан қолдау керек болса, көмек керек болса, біз дайынбыз. Жекеменшік балабақшалар шулайды деп біз лицензияны кіргізбеуіміз керек пе? Олар кім сонша? Мемлекеттің барлық мүддесін ұстап отырған кәсіпкерлер ме? Олай емес. Министрлік мемлекеттік саясатты жүргізу керек”, – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Астана прокуратурасы мектепке дейінгі мекемелерге тексеріс жүргізіп, балабақша қызметкерлерінің ата-аналардан негізсіз ақша талап еткенін анықтады. Прокуратура мәліметіне сәйкес демалыс кезеңінде жекеменшік балабақшалардың қызметкерлері орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алған. Қадағалау органының араласуынан кейін шарттар қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді. Сондай-ақ балабақшада жалақысы заңсыз есептелген жалған қызметкерлер жұмысқа орналастырылғаны белгілі болды. Анықталған жымқыру фактілері  бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Айгүл Иманбаеваның денсаулығы сыр берді

Published

on

By

Танымал әнші Айгүл Иманбаева денсаулығы сыр беріп, ем қабылдап жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/

Өнер иесі жеке парақшасында процедуралық кабинетте отырғанын көрсетті. 

“Түсірілімнен шығып, дене қызуым көтеріліп, тамағым іріңдеп кеткен, сүйектерім қақсап, басым солқылдап кетті. Бірден медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгіндім. Қан қысымымды өлшеп, маған система қойғалы жатыр. Мүлдем ауырмаңыздаршы. Түсірілім ішінен осылай ауруханадан бір-ақ шықтым. Ертең Астанаға ұшу керек. Жазылу керек, амал жоқ”, – деді өнер иесі. 



Айта кетейік, актриса жақында тұрмысқа шығып, балалы болғысы келетінін жасырмаған еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Осындай бақытты сәттермен қауышу үшін ең алдымен толыққанды тексерістен өтіп алу қажет. Мен қазір Стамбұл қаласындамын. Анама да бұл жер ұнады. Бұл жаққа келуімнің себебі денсаулығымды толықтай тексеруден өткізу. Қазіргі тілмен айтқанда Check Up”, – деген еді әнші бейнежазбаға сәбидің дауысы мен суретін қойды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Жәния Бекмұхамбетова Венгриядағы турнирдің чемпионы атанды

Published

on

By

Қазақстандық теннисші Жәния Бекмұхамбетова Венгрияда үстел теннисінен өткен чемпионатта алтыннан алқа тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender Szombathely 2024 турнирінде U13 жас санатында қола жүлде иеленген 11 жастағы қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова қатарынан екінші медалін жеңіп алды. Бұл жолы ол 11 жасқа дейінгі санатта алтын медаль иеленді. Турнир барысында Жәния Венгриядан келген Сара Сондиды 3:0, испаниялық Лора Урияны 3:0, украиналық Александра Бецті 3:0 есебімен сондай-ақ, испаниялық Джулия Фернандесті 3:1, Кармен Гоместі 3:0 және румыниялық Бьянка Томуды 3:0 есебімен жеңді.

Айта кетсек, бұған дейін Сомбатхейде Бекмұхамбетова U13 жасқа дейінгі спортшылар арасында үшінші орынды иеленген еді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Альбина Шардарова қытай қазақтарының тойын көрсетті

Published

on

By

Белгілі әнші Альбина Шардарова қытай қазақтарының тойына қатысып, елдегі тоймен салыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі қытай қазақтарының той жасаудағы ерекшеліктерін атап өтті. 

“Мұнда бәрі басқаша екен. Қытай қазақтарына ғашық болдым. Сондай қарапайым, жарысу деген жоқ, бәрі шынайы. Басында не той екенін түсінбедім. Сөйтсем, “сырға салу” той екен. Құлағын тесіп, сырға таққанда солай той жасайды екен. Мүмкін біз жақта да бар шығар, бірақ мен бірінші рет көрдім. Тойхана келсек, кәдімгі қытайша, айналдыратын стол, бір реттік ыдыстар қояды екен. Той біткен соң жуып жүрмейді, қоқысқа тастай саласың. Біздегі сияқты той басталғанда үстелді толтырып тастамайды.  Біртіндеп алып келеді екен. Сонда ысырап болмайды дейді. Той бастала салып пакет қойып қояды екен. Сосын сөз сөйлемейді, ойын ойнатпайды, тек тамақ ішіп, билейді. Сосын тағы бір байқағаным, бәрі биязы, біздегідей жұлқынып тұрған ешкім жоқ. Баяу әнге де, ырғақты әнге де бірдей билейді екен. Басында таңғалып отырсам, бір апам биге шақырды, ырғақты әнге вальс биледік әлгі жерде”, – деп жазды әнші.  



Еске салайық, “Егіз-лебіз” жобасынан жеңіліп қалған Альбина Шардарова сахнада жылап қалған еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!