Connect with us

IN-THE-NEWS

Жақында президенттен сөгіс алған Қарағанды облысының әкімі бұл қызметке келгелі мүлде сыйақы алмағанын айтты

Published

on

By

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев президенттің сөгісіне қатысты пікір білдіріп, бұған дейін бірде-бір рет сыйақы алмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Тілшіміз орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында әкімнен президент жариялаған сөгіс жайлы сұраған еді. Сондай-ақ сөгіске байланысты қандай да бір сыйақыдан қағылуы мүмкін екенін білген.

“Қазір үлкен жұмыстар (жылу мәселесіне қатысты – ред.) жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайды деп сенеміз. Қолдан келген жұмыстың барлығын істеп жатырмыз”, – деді ол. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ әкім аймақты басқарған 2 жылдың ішінде мүлде сыйақы мен бонустар алмағанын атап өтті. 

“Бұған дейін ешқандай сыйақы алмағанмын”, – деп қосты ол.

Еске салайық, 1 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берген еді. Бұған жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны себеп болған. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Жәния Бекмұхамбетова Венгриядағы турнирдің чемпионы атанды

Published

on

By

Қазақстандық теннисші Жәния Бекмұхамбетова Венгрияда үстел теннисінен өткен чемпионатта алтыннан алқа тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender Szombathely 2024 турнирінде U13 жас санатында қола жүлде иеленген 11 жастағы қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова қатарынан екінші медалін жеңіп алды. Бұл жолы ол 11 жасқа дейінгі санатта алтын медаль иеленді. Турнир барысында Жәния Венгриядан келген Сара Сондиды 3:0, испаниялық Лора Урияны 3:0, украиналық Александра Бецті 3:0 есебімен сондай-ақ, испаниялық Джулия Фернандесті 3:1, Кармен Гоместі 3:0 және румыниялық Бьянка Томуды 3:0 есебімен жеңді.

Айта кетсек, бұған дейін Сомбатхейде Бекмұхамбетова U13 жасқа дейінгі спортшылар арасында үшінші орынды иеленген еді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Альбина Шардарова қытай қазақтарының тойын көрсетті

Published

on

By

Белгілі әнші Альбина Шардарова қытай қазақтарының тойына қатысып, елдегі тоймен салыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі қытай қазақтарының той жасаудағы ерекшеліктерін атап өтті. 

“Мұнда бәрі басқаша екен. Қытай қазақтарына ғашық болдым. Сондай қарапайым, жарысу деген жоқ, бәрі шынайы. Басында не той екенін түсінбедім. Сөйтсем, “сырға салу” той екен. Құлағын тесіп, сырға таққанда солай той жасайды екен. Мүмкін біз жақта да бар шығар, бірақ мен бірінші рет көрдім. Тойхана келсек, кәдімгі қытайша, айналдыратын стол, бір реттік ыдыстар қояды екен. Той біткен соң жуып жүрмейді, қоқысқа тастай саласың. Біздегі сияқты той басталғанда үстелді толтырып тастамайды.  Біртіндеп алып келеді екен. Сонда ысырап болмайды дейді. Той бастала салып пакет қойып қояды екен. Сосын сөз сөйлемейді, ойын ойнатпайды, тек тамақ ішіп, билейді. Сосын тағы бір байқағаным, бәрі биязы, біздегідей жұлқынып тұрған ешкім жоқ. Баяу әнге де, ырғақты әнге де бірдей билейді екен. Басында таңғалып отырсам, бір апам биге шақырды, ырғақты әнге вальс биледік әлгі жерде”, – деп жазды әнші.  



Еске салайық, “Егіз-лебіз” жобасынан жеңіліп қалған Альбина Шардарова сахнада жылап қалған еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

2021 жылы Хасан Қасымбаев қолынан жәбір көрді деген жігіттің анасы оқиға туралы айтып берді

Published

on

By

“Хутор” бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаев ұсталған соң, оның қолынан жәбір көрді деген жігіттің анасы оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. Айтуынша 2021 жылы дүкен иесі камера жазбаларын алдын ала өздеріне бермегенде барлық дәлелді полицейлер жоятын еді. Олар тіпті сол кезде жәбір көрген Арман Әлиев жатқан жансақтау бөліміне келіп, жақындарын арызды қайтарып алуға қорқытқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Аiran” YouToube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото желі кадрларынан

Арман Әлиевтың анасы жақында Хасанды ұстағанын естігенде таңғалғанын тіпті қуаныштан төбесі көкке жеткенін жеткізді. Себебі ол әділдік іздеп үш жыл бойы жүгірген. Үміті үзілген кезінде осындай оқиға орын алған.  

“Хасанды ұстар алдында бізді Қонаев қаласындағы полиция департаментіне тергеуге шақыртты. Сөйтсек, олар біздің ескі ісімізді көтеріпті. Ол кезде біз Қасымбаев Хасанды басты тапсырыс берген адам ретінде арызданған едік. Сенесіздер ме, бұдан соң ол үш көлікпен өз адамдарымен полицияға келді. Олардың өздерін қалай ұстағанын көрсеңіздер! Барлығы ақылынан адасқан адамша ашуланып, жындана жүгірді. Себебі ол біздің іс бойынша қамайтынын күтпеген еді ғой. Ол өзінің арты таза екеніне сенімді болып келген. Ал бірге келгендер мен адвокаттары оны ұстағанын түсінгенде қобалжып, қорыққандарынан қайта-қайта темекі шегіп, әрі-бері жүрді. Біреулерге хабарласа бастады. Олар мұны күтпеді”, – деді ол.

Жәбірленушінің анасының айтуынша оқиға өзі үйде жоқ кезде болған. Үлкен ұлы Арман сол күні інісіне хабарласып, дүкенде велосипеді қалып қойғанын, соны алып кетуін өтініп хабарласқан.

“Кіші ұлым дүкенге барып велосипедтті алып бара жатқанда сатушы шығып, кім екенін сұрап, тоқтатқан. Содан соң дүкенде болған оқиғаны айтып, кіші ұлыма видеосын жіберейін деген. Сол кезде кіші ұлым сол видеоны өзінің Whatss’up желісіне жіберіп алмағанда, қазір ешқандай дәлел болмас еді. Полицейлер барлық дәлелдің көзін құртар еді. Кейін біз үлкен ұлымды іздеп дер кезінде таптық. Сәл уақыт өтсе бәлкім жағдай бұдан да ауыр болар ма еді? Ол жерде құзырлы органдар бәрі қарауылдап тұрды. Ұлымызды ауруханаға апарғанымызда тіпті жансақтау бөліміне дейін келіп, бізге арызымызды қайтып алуға үгіттеді. Қысым жасап, өмір сүргілерің келсе арызданбаңдар деді. Кіші ұлым ашуланып, тергеудің орнына олардың осылай айтқанына күйінді. Кейін ол қорыққанынан ағасын алып облыстық ауруханаға ауыстырды. Себебі біз оның қауіпсіздігі үшін қорықтық. 

Кейін тіпті іс дұрыс тергелмеді. Үш адамды жеңіл жарақат келтірді деген айыппен жауапқа тартты. Ал екеуі қашып жүрді. Ешкім оларды ұстауға тырыспады. Осы сәтте іздеуде жүрген адамның бірі қашып жүріп, одан да сұмдық қылмыс жасаған. Ол бір жігітті өлтіріп, біреуінің денсаулығына зиян келтірген. Салдарынан сот амалсыздан оны қамауға алды”, – деп қосты анасы. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Әйелдің айтуынша осы үш жылда барлық дәлелдерді өзі жинап келген. Осы кезеңде Хасан жалған көлік номерімен қала ішінде емін-еркін қозғалып жүрген. 

“Бізге жаңа облыс әкімі сайланғанда тұрғындармен кездесу кезінде микрофонға жүгірдім. Сол кезде оның ағасы Аслан Қасымбаев мені итеріп микрофонға жолатпауға тырысты. Амалдың жоқтығынан әкім отырған трибунаға көтеріліп мені қабылдауын сұрадым. Ол қабылдап барлық істі бақылауына алатынын айтқанымен еш нәтиже болмады. Мен бұл қылмыстық топтың көзін құртуды сұрадым. Бірақ еш әрекет жасалмады.

Оның байланысы мен тірегі мықты болды. Прокуратурада, әкімдікте туыстары, ағасы болды. Тіпті сот кезінде де оның ағасы  Асылан Қасымбаев ешкімге кіруге болмайтын судья бөлмесіне біздің көзімізше еркін кіріп-шығып жүрді. Неге тал түсте олар бассыздықтар жасайды? Себебі осындай қорғаушыларына сеніп тұр. Тіпті дүкен иесі шығып “жігіттер бұларың не, камера тұр ғой” деген кезінде де олар ештеңеден қорықпайтындарын айтқан”,-деп қосты ол.

Әйел қазір Хасанның ұсталғанына тек өзі емес, бүкіл Талғар қаласының  қуанып жатқанын жеткізді.

“Үш жыл бойы құзырлы органдардың табалдырығын тоздырып жүріп, үмітіміз үзілген болатын. Алматыда бармаған жерім қалмады. Ал оның ұсталғанын білгенде қуандым. Әділдіктің бар екеніне көзім жетті. Шынымды айтсам оның ұсталғанына Талғар тұрғындарының өздері де қатты қуануда. “Әйтеуір қамалды-ау, жазасын алады” деп айтуда. Меніңше енді Қасымбаевқа қатысты сотқа жетпей жабылып қалған істердің бәрінің беті ашыла бастайды. Олар күш көрсетіп, кей жерде ақшамен барлығын реттеп жүрді”, – деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін “Хутор” бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың туыстары “оның ешқандай кінәсі жоқ” деп президентке үндеу жасаған болатын. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!