Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазақстанда колледждер онлайн оқытуға ауыса алады – Министр Ғани Бейсембаев

Published

on

By

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәжіліс отырысында елімізде колледж студенттері онлайн оқуы мүмкін екенін атап өтті. Алайда бұл өзгеріс барлық мамандыққа қатысты емес деді ол. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Министрдің сөзінше,  онлайн оқыту форматын енгізудің негізгі мақсаты – колледждерге білім беру бағдарламаларын икемді бейімдеу, ал студенттерге жұмысты үзбей-ақ нақты жағдайларда практикалық дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасау. Экономиканы цифрландыру жағдайында ерекше сұранысқа ие IT-мамандықтарға басты назар аударылмақ.

Ведомство басшысы мұндай тәжірибе АҚШ, Канада, Қытай, Австралия және Ұлыбританияда оң нәтиже бергенін айтты. Бұл елдердегі онлайн оқыту білім беру процестерінің тиімділігін арттырған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бүгінде еңбек нарығының талаптарына жауап беретін мамандарды сапалы даярлауды іске асыру үшін колледждер жүйесіне онлайн-оқытуды енгізу ұсынылады. Бұл өзгеріс өндірістен қол үзбей кадрларды даярлау мәселесін шешуге бағытталған және студенттерге оқу мен еңбек қызметін үйлестіре отырып, жеке бағдарламалар бойынша оқуға мүмкіндік беру болып отыр”, – деді министр.

Еске салайық, бұған дейін депутат Асхат Аймағамбетов жоғары сынып оқушыларына мектеппен қатар колледжде білім алуға рұқсат беруді ұсынғанын жаздық. Оның айтуынша, 10 және 11-сынып оқушыларына өз таңдауы бойынша колледжде қатар білім алуға рұқсат берген. Ол мұл мектеп түлектеріне 11-сыныпты аяқтаған соң аттестат пен нақты мамандық бойынша диплом алуға жол ашатынын айтты. Сондай-ақ базалық пәндері қайта оқудың алдын алып, түлекті экономика қажеттіліктеріне бағыттауға мүмкіндік береді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Мемлекеттік аудит есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрестегі мәселелерді анықтады

Published

on

By

Жоғары аудиторлық палатада Әлихан Смайыловтың төрағалығымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды. Аудит 2 миллиард теңгеден аса қаражат тиімсіз жоспарланғанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

Аудиторлық іс-шаралар 2019 жылғы қаңтардан бастап 2024 жылғы маусымға дейінгі кезең аралығына жүргізілді. Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысында қаражатты ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды. Мысалы, 2023-2024 жылдары бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірі 2 миллиард теңге игерілмеген қаражатты бюджетке қайтарған.

“Жекелеген ұйымдарда арнайы техникалық құралдар мен тексеру жабдықтарын сатып алу шығындарын жоспарлауда кемшіліктер бар: жоспарланған қаражат кей жағдайларда ілеспе құжаттар немесе коммерциялық ұсыныс бойынша нақты құнынан 4-5 есе асып түседі. Бұл қаражатты тиімсіз жоспарлауға себеп болып отыр. Нашақорлықтың алдын алудың бірыңғай моделін әзірлеу бойынша бастама әлі іске асырылған жоқ. Сонымен қатар есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік оңалту медициналық қызмет болып саналмайды және Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан реттеуге жатпайды. Нәтижесінде бұл бағытта стандарттар мен бекітілген әдістемелер жоқ”, – делінген аудит мәлімдемесінде.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің дерегінше, бүгінде Tik-Tok, Telegram, OLX, VK және басқа да танымал платформалармен ынтымақтастық бойынша шаралар қабылданды. 

“Бұл заңсыз контентті жедел жойып отыруға мүмкіндік береді. Мысалы, OLX платформасынан курьер кейпіндегі есірткіні жасырушыларды жалдау жөніндегі 4,3 мыңнан астам хабарлама жойылды. Қазір мұндай хабарламалар 5 минут ішінде жойылады. Министрлік осы сайт арқылы есірткі курьерлерін арбау мүмкін емес екенін айтады. Сонымен қатар есірткі қылмысына қарсы күрес үшін қажетті техника мен жабдықтарды сатып алу, қызметтік-іздестіру жұмыстары баяу жүргізіліп жатыр”, – деді мемлекеттік аудит.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша барлығы 2,2 миллиард теңгеге бұзушылықтар анықталды. Соның ішінде: 

    READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

  • қаржылық бұзушылықтар – 14,7 миллион теңге;
  • қаражатты тиімсіз жоспарлау – 2 миллиард теңгеден астам;
  • қаражатты тиімсіз пайдалану – 251,6 миллион теңге.
  • 9 жүйелік кемшілік анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 3 факт негізінде материалдар уәкілетті органдарға жіберілді.

Жоғары аудиторлық палата аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берді. Олар толық орындалғанға дейін бақыланады.



Еске салайық, бұған дейін индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев құрылыс кодексін әзірлеу жобасына жүргізілген аудит нәтижелерін айтып берді. Министр кодексті дайындау кезінде қаржылық заңбұзушылықтар болғаны анықталған жоқ деп сендірді. Бұған мәжілісмен Бақытжан Базарбек құны 382 миллионнан асатын жаңа Құрылыс кодексіне шағымын білдірген еді. Алайда шенеуніктер басқа да бірқатар маңызды заң жобаларын бір теңгесіз дайындап үлгерген. Кейіннен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев құрылыс кодексін дайындауға бөлінген 382,5 млн теңге нақты қайда жұмсалғанын айта алмаған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Айгүл Иманбаеваның денсаулығы сыр берді

Published

on

By

Танымал әнші Айгүл Иманбаева денсаулығы сыр беріп, ем қабылдап жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/

Өнер иесі жеке парақшасында процедуралық кабинетте отырғанын көрсетті. 

“Түсірілімнен шығып, дене қызуым көтеріліп, тамағым іріңдеп кеткен, сүйектерім қақсап, басым солқылдап кетті. Бірден медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгіндім. Қан қысымымды өлшеп, маған система қойғалы жатыр. Мүлдем ауырмаңыздаршы. Түсірілім ішінен осылай ауруханадан бір-ақ шықтым. Ертең Астанаға ұшу керек. Жазылу керек, амал жоқ”, – деді өнер иесі. 



Айта кетейік, актриса жақында тұрмысқа шығып, балалы болғысы келетінін жасырмаған еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Осындай бақытты сәттермен қауышу үшін ең алдымен толыққанды тексерістен өтіп алу қажет. Мен қазір Стамбұл қаласындамын. Анама да бұл жер ұнады. Бұл жаққа келуімнің себебі денсаулығымды толықтай тексеруден өткізу. Қазіргі тілмен айтқанда Check Up”, – деген еді әнші бейнежазбаға сәбидің дауысы мен суретін қойды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Жәния Бекмұхамбетова Венгриядағы турнирдің чемпионы атанды

Published

on

By

Қазақстандық теннисші Жәния Бекмұхамбетова Венгрияда үстел теннисінен өткен чемпионатта алтыннан алқа тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender Szombathely 2024 турнирінде U13 жас санатында қола жүлде иеленген 11 жастағы қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова қатарынан екінші медалін жеңіп алды. Бұл жолы ол 11 жасқа дейінгі санатта алтын медаль иеленді. Турнир барысында Жәния Венгриядан келген Сара Сондиды 3:0, испаниялық Лора Урияны 3:0, украиналық Александра Бецті 3:0 есебімен сондай-ақ, испаниялық Джулия Фернандесті 3:1, Кармен Гоместі 3:0 және румыниялық Бьянка Томуды 3:0 есебімен жеңді.

Айта кетсек, бұған дейін Сомбатхейде Бекмұхамбетова U13 жасқа дейінгі спортшылар арасында үшінші орынды иеленген еді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!