Connect with us

IN-THE-NEWS

Әскерге баруға жалтарғандар енді бір оқу орнында ғана білім ала алады – Қорғаныс министрлігі

Published

on

By

Мәжіліс депутаты Константин Авершин қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаевқа оқуға шақырудан бірнеше рет кейінге қалдыруды шектеу керек екенін айтып,  азаматтардың әскери даярлығын қамтамасыз ету жөнінде сауал жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Депутаттың сөзінше, қазір көптеген азамат әскерге барудан жалтарып, 27 жасқа дейін бірнеше оқудың дипломын алып алады.

“Қазір заңға сәйкес білімін жалғастыру мақсатында әскерге шақыруды кейінге қалдыру қарастырылған. Алайда көптеген азамат шақыру жасындағы кезеңде бір оқу орнын бітіріп, екіншісіне түсіп жатыр. Осылайша 27 жасқа дейін білім алуды жалғастырады. Олар автоматты түрде запастағы әскерилер тізіміне қосылады. Алайда оларда базалық әскери дайындық жоқ және қажет болған жағдайда тек өздерінің әскери міндеттерін орындап қана қоймай, өздерін қорғау да мүмкін болмайды. Осы ретте әскерге шақыруға кейінгі мерзімдерді беру тәртібін реттеу мәселесі қарастырылып жатыр ма?” – деп сұрақ қойды Константин Авершин.

Бұған Шайх-Хасан Жазықбаев әскерге кейін қайтарылу заң жобасы негізінде кешенді түрде қарастырылғанын айтты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Болашақта бұл заң жобасы қабылданғаннан кейін әр деңгейге бір ғана оқу орнында білім алуға рұқсат беріледі. Мәселен, бір магистратураны бітіріп, екінші магистратура түссе, ол кезде оған кейінге қалдырылуға рұқсат берілмейді”, – деп жауап берді қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев.



Еске салайық, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы техникалық мамандардың тапшылығын еңсерудің жолы ретінде оларды әскерден босатуды сұрады. Сонымен қатар ол еліміздің колледждерінде сержанттар дайындауға болатынын жеткізді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Рыбакина WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Published

on

By

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турниріндегі соңғы кездесуінде әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен жолығып, үш сетте 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ қатарынан екі ойында жеңіліске ұшыраған Рыбакина жартылай финалға жолдама ала алмады. Осылайша, Рыбакина маусым нәтижелері бойынша іріктелген әлемнің ең мықты деген сегіз теннисшісі қатысқан турнирді сәтсіз аяқтады.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, Елена бірінші кездесуінде италиялық Ясмин Паолиниден (#4) ұтылса, сосын қытайлық Чжэн Циньвэньге 6:7, 6:3, 1:6 есебімен жол берген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда 2025 жылдан бастап жасөспірім қыздарда генетикалық аурудың бар-жоғы тексеріледі

Published

on

By

Қазақстанда 2025 жылдан бастап жасөспірім қыздарда генетикалық аурудың бар-жоғы тексерілетін болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Министрдің айтуынша, жыл сайын елімізде 4,5 миллионға жуық бала профилактикалық тексеруден өтеді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 9 айында 3,8 миллион бала тексерілді.

“Сонымен бірге, 2025 жылдан бастап 16-17 жас аралығындағы жасөспірім қыздарды жұлын бұлшықет атрофиясы тасымалдаушыларына скринингтік тексеру енгізіледі”, – деді ведомство басшысы Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, балалардағы мүгедектіктің алдын алу мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында 1500 бала дамыту кабинеті және босану ұйымдарында 50 бақылау кабинеті жұмыс істейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік: Бұл көрсеткіш бойынша қай аймақ көш бастады


“Соңғы 7 жылда біз санат бойынша мүгедектіктің азайғанын байқадық. Туа біткен ақаулар, деформациялар және хромосомалық ауытқулар 5,2 пайызға, жүйке жүйесі аурулары 1,7 пайызға, сонымен қатар жүйке-психикалық аурулар алдыңғы қатарға шықты. Бұл аутизмді ерте анықтау үшін диагностикалық скринингті енгізу, аутизм спектрінің бұзылуын диагностикалау және емдеу бойынша клиникалық хаттаманы бекітумен байланысты”, – деп толықтырды Әлназарова.

Еске салайық, қыркүйекте Қазақстанда адам папилломавирусына (HPV) қарсы қыздарды жаппай егу басталды.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда бала тууды жоспарлаған әрбір әйел тексеруден өтуге міндеттелетінін жазғанбыз. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

“Менің атым Қожа” кітабы француз тіліне аударылды

Published

on

By

Парижде Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы атап өтіліп, “Менің атым Қожа” кітабының француз тіліндегі аудармасы таныстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде белгілі жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті. Іс-шара аясында “Менің атым Қожа” кітабының француз тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Қатысушылар Бердібек Соқпақбаев кітабының аудармасы француз оқырмандарына қазақ мәдениетін танытып, Қазақстан халқының бай дәстүрлері мен құндылықтарын ашатынына сенім білдірді. Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығының ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне енгізілуі оның әлемдік мәдениетке қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазақстан тарабы ЮНЕСКО-ға іс-шараны ұйымдастырудағы қолдауы үшін алғыс білдіріп, қазақ халқының мұрасын халықаралық аренада насихаттайтын мәдени іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан мен Франция президенттері Елисей сарайының бағында бейресми әңгіме өткізіп, тазылармен серуендегенін жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!