Connect with us

IN-THE-NEWS

Еліміздегі адал кәсіпкерлерді мүлікті қайта бөлуден қорғау керек – Депутат

Published

on

By

Мәжіліс отырысында депутат Азат Перуашев шенеуніктердің мүлікті қайта бөлу және бизнесті рейдерлік жолмен басып алуы күшейгенін жеткізді. Айтуынша, адал кәсіпкерлерді қайта бөлуден қорғау керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Азат Перуашев Telegram арнасынан

Депутаттың премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған сауалында қазір кәсіпкерлердің мүлкін заңсыз тартып алынып жатқаны айтылды.

“Сорақы мысалдың бірі – Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімдігі кәсіпкерлерден 2017 жылы Қаржы министрлігінің ашық аукционынан бірыңғай лотпен сатып алынған шипажай нысандарының бір бөлігін тартып алған. Бұл мәселені біз бұған дейін де көтергенбіз. Бірақ компания нысандарын Болат Назарбаевтың өзіне қайтарып берді. Алайда адал кәсіпкерлердің нысандары тәркіленген күйінде 2 миллиард теңге шығынға ұшырады.  

Сол сияқты “ҚТЖ” АҚ сот арқылы “АНГРЕНСОР Ltd.” ЖШС-ны 2011 жылы осы ЖШС салған құны 1,5 миллиард теңгеден астам Павлодар облысы Атығай станциясындағы ғимарат пен темір жолдарды тегін беруге міндеттеген.  

Осыған ұқсас жағдай Маңғыстау облысында да болды. Мұнда Көлік министрлігі тіпті сот арқылы емес, өз бұйрығымен 90-жылдардан бері “Каскор-Транссервис” АҚ-на тиесілі кірме теміржол жолдарын “ҚТЖ” АҚ-ның магистральдық желілері тізіміне енгізіп, олардың мемлекет меншігіне тегін өтуі туралы шешім қабылдаған”, – деді депутат.

Перуашев Жамбыл облысы, Меркі ауданында да аудан прокуратурасы 2007 жылдан бері ауыл шаруашылығы өнімдерін дамытып келе жатқан “Жеміс-Жидек” ЖШС-нің 200 гектар жерін тегін тартып алғанын алға тартты.

“Бұл тенденция қарқын алып, мемлекеттік органдар ғана емес, өзге монополистер де басқа кәсіпорындардың меншігіне “қол салуға” әрекет етіп жатыр. Мәселен, жақында Таразда “Жамбыл электр желілері” ЖШС жүн өңдеу фабрикасынан (“ПОШ-Тараз” ЖШС) осы фабрикаға тиесілі электр қосалқы станциясын монополистке арыздану құқығынсыз тегін беруді талап еткен. Әр түрлі аймақтардан келетін басқа да шағымдар бар. Қазірдің өзінде мүлікті қайта бөлудің тұтас тәжірибесі байқалып отыр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Бұл ретте заңда мемлекеттік және жеке меншік бірдей танылады және бірдей қорғалады деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Ешкімді жеке мүлкінен айыруға болмайды. Тәркілеу қылмыстық құқық бұзушылықтар болған кезде сот үкімі шеңберінде ғана жасалады. Бірақ біз көрсеткен жағдайлардың барлығында қылмыстық іс жоқ, тәркіленген мүлікті өтеу де жоқ”, – деп қосты ол.

Депутат рейдерлердің кейде ескі Қазақстан өкілдері мен олармен байланысы бар олигархтардың заңсыз активтерін қайтару әрекеттеріне де сілтеме жасайтынын жеткізді.

“Бүкіл өркениетті әлемде жеке меншікке қол сұғу – қылмыс болып саналады. Мысалы, АҚШ заңы бойынша мүлікті қару қолдану арқылы қорғауға да болады.

Президент жарлығында жеке меншікке қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етуді басты бағыттардың бірі ретінде белгіледі. Себебі меншік құқығы кез келген экономиканың инвестициялық ахуалына тікелей әсер етеді. Біздің жағдайда аталған үрдіс конституцияға да, заңдарға да, президент жарлығына да қайшы келеді.

Ал бұл отандық инвесторлардың да, шетелдік инвесторлардың да сеніміне селкеу түсірері анық. Дәл осы ПОШ-Тараз фабрикасы қазір шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізіп жатыр”, – деп қорытты ол.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Рыбакина WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Published

on

By

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турниріндегі соңғы кездесуінде әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен жолығып, үш сетте 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ қатарынан екі ойында жеңіліске ұшыраған Рыбакина жартылай финалға жолдама ала алмады. Осылайша, Рыбакина маусым нәтижелері бойынша іріктелген әлемнің ең мықты деген сегіз теннисшісі қатысқан турнирді сәтсіз аяқтады.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, Елена бірінші кездесуінде италиялық Ясмин Паолиниден (#4) ұтылса, сосын қытайлық Чжэн Циньвэньге 6:7, 6:3, 1:6 есебімен жол берген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда 2025 жылдан бастап жасөспірім қыздарда генетикалық аурудың бар-жоғы тексеріледі

Published

on

By

Қазақстанда 2025 жылдан бастап жасөспірім қыздарда генетикалық аурудың бар-жоғы тексерілетін болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Министрдің айтуынша, жыл сайын елімізде 4,5 миллионға жуық бала профилактикалық тексеруден өтеді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 9 айында 3,8 миллион бала тексерілді.

“Сонымен бірге, 2025 жылдан бастап 16-17 жас аралығындағы жасөспірім қыздарды жұлын бұлшықет атрофиясы тасымалдаушыларына скринингтік тексеру енгізіледі”, – деді ведомство басшысы Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, балалардағы мүгедектіктің алдын алу мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында 1500 бала дамыту кабинеті және босану ұйымдарында 50 бақылау кабинеті жұмыс істейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік: Бұл көрсеткіш бойынша қай аймақ көш бастады


“Соңғы 7 жылда біз санат бойынша мүгедектіктің азайғанын байқадық. Туа біткен ақаулар, деформациялар және хромосомалық ауытқулар 5,2 пайызға, жүйке жүйесі аурулары 1,7 пайызға, сонымен қатар жүйке-психикалық аурулар алдыңғы қатарға шықты. Бұл аутизмді ерте анықтау үшін диагностикалық скринингті енгізу, аутизм спектрінің бұзылуын диагностикалау және емдеу бойынша клиникалық хаттаманы бекітумен байланысты”, – деп толықтырды Әлназарова.

Еске салайық, қыркүйекте Қазақстанда адам папилломавирусына (HPV) қарсы қыздарды жаппай егу басталды.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда бала тууды жоспарлаған әрбір әйел тексеруден өтуге міндеттелетінін жазғанбыз. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

“Менің атым Қожа” кітабы француз тіліне аударылды

Published

on

By

Парижде Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы атап өтіліп, “Менің атым Қожа” кітабының француз тіліндегі аудармасы таныстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде белгілі жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті. Іс-шара аясында “Менің атым Қожа” кітабының француз тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Қатысушылар Бердібек Соқпақбаев кітабының аудармасы француз оқырмандарына қазақ мәдениетін танытып, Қазақстан халқының бай дәстүрлері мен құндылықтарын ашатынына сенім білдірді. Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығының ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне енгізілуі оның әлемдік мәдениетке қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазақстан тарабы ЮНЕСКО-ға іс-шараны ұйымдастырудағы қолдауы үшін алғыс білдіріп, қазақ халқының мұрасын халықаралық аренада насихаттайтын мәдени іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан мен Франция президенттері Елисей сарайының бағында бейресми әңгіме өткізіп, тазылармен серуендегенін жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!