Connect with us

IN-THE-NEWS

Трамп өзін екінші рет АҚШ президенті деп жариялады

Published

on

By

АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан үміткер Дональд Трамп Флоридадағы жақтастары алдында жеңіске жеткені туралы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Фото: Getty Images

Трамп барлық соғыстарды, соның ішінде Украинадағы соғысты да тоқтататынын айтты.

“Менің қызметім кезінде соғыс болмайды. Мен соғысты тоқтатамын. Мен осыған дейін президент болған 4 жыл ішінде соғыс болған жоқ. Сонымен қатар, біз ДАИШ-ті жеңдік. Соғыс бастамаймын, мен соғысты тоқтатамын”, – деді Трамп.

Трамп заңсыз көші-қонмен күресіп, шекараларды нығайтуды көздеп отыр.

“Біздің ел шұғыл көмекке мұқтаж. Біз шекараларды түзейміз, барлығын реттейміз. Біз тарихымызда көптеген кедергілерден өттік, ешкім мұның мүмкін екеніне сенбеді. Мен уәделерімді орындап, Американы әрбір америкалық үшін қауіпсіз, бай және мықты ел ету үшін тырысамын”, – деді АҚШ-тың бұрынғы президенті. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Трамп АҚШ бағыты 180 градусқа өзгеретінін мәлімдеді.

“Біз барлық жерде, барлық салаларда өзгеріс енгіземіз. Американдықтар қайтадан өз елдерінде бақылау орнататын болады. Елімізде Сауд Арабиясы мен Ресейден гөрі көбірек мұнай бар”, – деп атап өтті саясаткер.

Бүгін АҚШ-та 47-президентін тағайындау үшін сайлау өтті. Трамп Флорида, Оңтүстік Каролина, Алабама, Миссисипи, Индиана, Теннесси, Оклахома, Арканзас, Оңтүстік Дакота, Луизиана, Кентукки, Батыс Вирджиния, Вайоминг, Огайо, Солтүстік Дакота, Небраска, Флорида және Техас штаттарында көп дауыс жинап, жеңіске жеткен.

Еске салсақ, осыған дейін әлем көшбасшылары Трампты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтағанын жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Рыбакина WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Published

on

By

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турниріндегі соңғы кездесуінде әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен жолығып, үш сетте 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ қатарынан екі ойында жеңіліске ұшыраған Рыбакина жартылай финалға жолдама ала алмады. Осылайша, Рыбакина маусым нәтижелері бойынша іріктелген әлемнің ең мықты деген сегіз теннисшісі қатысқан турнирді сәтсіз аяқтады.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, Елена бірінші кездесуінде италиялық Ясмин Паолиниден (#4) ұтылса, сосын қытайлық Чжэн Циньвэньге 6:7, 6:3, 1:6 есебімен жол берген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда 2025 жылдан бастап жасөспірім қыздарда генетикалық аурудың бар-жоғы тексеріледі

Published

on

By

Қазақстанда 2025 жылдан бастап жасөспірім қыздарда генетикалық аурудың бар-жоғы тексерілетін болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Министрдің айтуынша, жыл сайын елімізде 4,5 миллионға жуық бала профилактикалық тексеруден өтеді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 9 айында 3,8 миллион бала тексерілді.

“Сонымен бірге, 2025 жылдан бастап 16-17 жас аралығындағы жасөспірім қыздарды жұлын бұлшықет атрофиясы тасымалдаушыларына скринингтік тексеру енгізіледі”, – деді ведомство басшысы Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, балалардағы мүгедектіктің алдын алу мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында 1500 бала дамыту кабинеті және босану ұйымдарында 50 бақылау кабинеті жұмыс істейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік: Бұл көрсеткіш бойынша қай аймақ көш бастады


“Соңғы 7 жылда біз санат бойынша мүгедектіктің азайғанын байқадық. Туа біткен ақаулар, деформациялар және хромосомалық ауытқулар 5,2 пайызға, жүйке жүйесі аурулары 1,7 пайызға, сонымен қатар жүйке-психикалық аурулар алдыңғы қатарға шықты. Бұл аутизмді ерте анықтау үшін диагностикалық скринингті енгізу, аутизм спектрінің бұзылуын диагностикалау және емдеу бойынша клиникалық хаттаманы бекітумен байланысты”, – деп толықтырды Әлназарова.

Еске салайық, қыркүйекте Қазақстанда адам папилломавирусына (HPV) қарсы қыздарды жаппай егу басталды.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда бала тууды жоспарлаған әрбір әйел тексеруден өтуге міндеттелетінін жазғанбыз. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

“Менің атым Қожа” кітабы француз тіліне аударылды

Published

on

By

Парижде Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы атап өтіліп, “Менің атым Қожа” кітабының француз тіліндегі аудармасы таныстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде белгілі жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті. Іс-шара аясында “Менің атым Қожа” кітабының француз тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Қатысушылар Бердібек Соқпақбаев кітабының аудармасы француз оқырмандарына қазақ мәдениетін танытып, Қазақстан халқының бай дәстүрлері мен құндылықтарын ашатынына сенім білдірді. Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығының ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне енгізілуі оның әлемдік мәдениетке қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазақстан тарабы ЮНЕСКО-ға іс-шараны ұйымдастырудағы қолдауы үшін алғыс білдіріп, қазақ халқының мұрасын халықаралық аренада насихаттайтын мәдени іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан мен Франция президенттері Елисей сарайының бағында бейресми әңгіме өткізіп, тазылармен серуендегенін жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!