Connect with us

IN-THE-NEWS

Алматыда V Өңірлік жарнама форумы (RAF) өтеді

Published

on

By

Алматыда 6 қарашада V Өңірлік жарнама форумы (RAF) өтеді. Форумның негізгі тақырыбы – “Коммуникация стратегиясы 4.0”.

Қазіргі таңда қоғамдағы көріністерге қарап, тұтынушының таңдауларының түбегейлі өзгергенін көруге болады. Бүгінде маркетингтік коммуникацияға көбірек мүмкіндіктер берілгенімен маркетологтар мен жарнама мамандарына кейбір қиындықтар тудыратын мынадай сұрақтар бар:

  • тұтынушы үшін не маңызды және оның таңдауын қандай үлгілер ынталандырады;
  • қолданыстағы байланыс арналары қазіргі уақыттағы талаптарға жауап бере ала ма және болашақта қалай өзгереді;
  • User Experience және Data-driven маркетингін қалай тиімді біріктіруге болады? Қандай маркетинг ережелер өзгереді және қайсысы мықты болып қалады;
  • бізде табысты тұтынушылық тәжірибені қалыптастыру үшін қандай жаңа құралдар бар немесе жақын арада қандай шараларды қабылдауымыз керек.

Осы және басқа да өзекті тақырыптарды форумға қатысушылар екі залда өтетін 23 рет сөз сөйлеу мен 4 пікірталас аясында талқыланбақ. Ал лаундж-аймақта осы салада мамандар даярлау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтеді.

Орталық Азия жарнама қауымдастығы (ОАА) ұйымдастырған іс-шара Қабылдау үйінде өтеді. Мұнда жарнама-медиа және маркетинг салаларының топ-тұлғалары: жарнама агенттіктерінің, сатылым үйлерінің, диджитал-платформалардың өкілдері, сыртқы жарнама операторлары, БАҚ, компаниялардың басқарушы және маркетингтік директорлары, маркетинг жөніндегі тәуелсіз мамандар қатысады.

Форум спикерлерінің сөйлеген сөздерін онлайн режимінде де көруге болады.

2-залдан трансляцияны мына сілтемеден қарауға болады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Іс-шараның соңында дәстүрлі түрде ең жақсы 4 спикер таңдалып, MARWIN, Меломан дүкендер желісінен сыйлықтар ұсынылады.

Форумды ұйымдастырушы – Орталық Азия жарнама қауымдастығы.

RAF 2024 ресми серіктестері – Admixer Media, Yandex Ads.

Серіктестер – Forte, Success Market, Bidease, GEOMOTIVE, Media nova.

Ивент серіктесі – EZ Solutions.

Креативті серіктес – Catharsis Group.

Сонымен қатар іс-шараны LeGracio және ASU Vo сауда маркаларымен RG Brands қолдады.

Ақпараттық серіктестер: Tribune.kz, КТК, Almaty.TV, BES.media, Exclusive.kz, Бизнес Номады, MarCom Club, Optimism.kz, Digital Business, BIZ Media, NUR.kz, Weproject, Zakon.kz, marketing.uz.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстан алдағы уақытта несие берушіден қарыз алушы елге айналмақ – Қаржы сарапшылары

Published

on

By

Қазақстан үкіметі салық түсімдерінің азаюына және Ұлттық қордан түсетін трансферттерді ұлғайту қажеттігіне байланысты 2024 жылға арналған бюджетті қайта қарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Түзетулер туралы заң жобасы жарияланып, 9 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға жіберілді. Құжатқа сәйкес, республикалық бюджет кірісі 2 триллион теңгеге қысқарып, 14 триллион 124 миллиардқа жетеді.

Салық тапшылығы 3 триллион теңгеден асады. Бұл салықтық емес түсімдердің өсуі мен жекешелендіру есебінен ішінара өтеледі.



Заң жобасына түсіндірме жазбада экспорттық тауарлар бағасының төмендегені де айтылады:

“2024 жылы қаңтар-тамызда негізгі экспорттық тауарлардың бағасы (қорғасын, мырыш және т.б.) орта есеппен 5,1% төмендеді”, – делінген жазбада. 

Негізгі соққы Қосылған құн салығына түсіп отыр. Оның жетіспеуі 931,6 миллиард теңге болды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Жағдай мамандарды қатты алаңдатып отыр. BCC Invest сарапшылары Қазақстанның кредитор ел мәртебесінен қарыз алушы ел мәртебесіне өтуі мүмкін екенін ескертеді:

“Трансферттердің рекордтық көлемі, шикізаттық емес тапшылықтың Жалпы ішкі өнімінің 7,8%-ға дейін ұлғаюы және бюджет кірістерінің төмендеуі бюджеттің Ұлттық қор ресурсына тәуелділігі артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл ұзақ мерзімді перспективада елдің қаржылық тұрақтылығын төмендетуі мүмкін”, – дейді сарапшылар.

Олар Ұлттық қордың резервтерінің сарқылу қаупін атап өтіп, қалпына келтірудің нақты стратегиясы жоқ екенін айтты.

“Басқа факторлармен бірге ел несие берушіден қарыз алушыға айналуы мүмкін”, – дейді олар. 

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрлігі республикалық бюджет шығынын 62 млрд теңгеге арттыруды жоспарлап отырғаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Трамптың кеңесшілері Украинаның НАТО-ға кіруін 20 жылға кейінге қалдыруды ұсынды

Published

on

By

Трамптың кеңесшілері Украинаның НАТО-ға кіруін 20 жыл кейінге қалдыруды ұсынды. Осылайша екі ел арасындағы соғысты тоқтатпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: AP/Evan Vucci

Басылым АҚШ-тың жаңа сайланған президентіне жақын үш адамға сілтеме жасайды. Жоспарға сәйкес, Украина мен Ресей ұзындығы шамамен 1300 шақырым болатын майдан сызығының бойында қарусыздандырылған аймақ құруға келісім жасасды. 

Трамптың айналасындағылар жоспарлағандай, еуропалық әскерлер бітімгершілік ретінде әрекет етуі керек. Ал америкалықтар бұған қатыспайды, ақша да төлемейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Киев кем дегенде алдағы 20 жылда НАТО-ға кіру жоспарынан бас тартуы керек. Ал АҚШ өз кезегінде Ресейдің ықтимал екінші шабуылын болдырмау үшін Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастырады.

Трамп Ресей мен Украина соғысын реттеудің нақты бейбіт жоспарын әлі бекіткен жоқ. Ол кеңесшілердің бұл нақты ұсынысына құлақ аса ма, жоқ па, белгісіз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Мейрамбек Беспаев туған күнін дүркіретіп атап өтті

Published

on

By

Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев 48 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Сондай-ақ, өнер иесі былтыр ашқан радиосының бір жылдығын тойлады. Әншінің әріптестері мен Республика сарайына жиналған екі мың адам сүйікті әншісін жекеменшік мерекемен құттықтады. 

Жары Мархабат Беспаева концерт кезінде сахнаға тортпен шығып, отағасына елдің көзінше тосынсый жасады. 

“Республика сарайы сахнасында Мейрамбекті туған күнімен барша көрерменмен бірге құттықтадық! Жаса, қазақтың Мейрамбегі!”, – деп жазды әріптесі Сәкен Майғазиев. 



Айта кетейік, өнер иесі жақында қызды болып, Айзия деп қызына ат қойған еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздерге бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын”, – деп жазған еді өнер иесінің жұбайы.  

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!