Connect with us

IN-THE-NEWS

Түркістан облысында улы заттан адамдар арасында жұқпалы ауру өршіп жатыр

Published

on

By

Түркістан облысы Көксарай ауылының жасы да, кәрісі де лейшманиоз ауруынан жапа шегіп отыр. 118 ауыл тұрғыны дертке шалдығуы мүмкін деген күдікпен дәрігерлер бақылауына алынды. Жергілікті халық ауыл маңындағы уран өндірумен айналысатын алып кәсіпорынның кесірінен осындай жағдайға тап болдық деп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде уран өндіретін кәсіпорынға тиесілі көліктен белгісіз сұйықтықтың жерге төгіліп жатқан видеосы тарады. Видео авторы өндіріс ошағының қызметкері екенін және басшылығының тапсырмасымен күкірт қышқылын жерге төгіп, кейіннен оның бетін топырақпен жауып кететін ашық айтқан.

Соңғы уақытта малдың жиі қырылатынын айтқан ауыл тұрғындары аурумен күресіп шаршаған. 

“Басында кішкентай болып, маса шаққандай болып шығады. Сүйел боп, кішкентай қызыл боп. Содан кейін асты ірің болады. Сосын кәулеп, үлкейе береді ол. Содан кейін басталады, ауыртады, қақсайды жара. Содан кейін ішінде құрт жүргендей болады. Менің бетімде де болды”, – дейді ауыл тұрғыны Мөлдір Жайлаубаева.

Адамдардың денесінде аурудың салдарынан жара пайда болған. Тіпті екі оқушы сырқатының кесірінен мектепке бара алмай қалған. 

“Осы былтырдан бастап осы жара көбейе бастады. Бұның ешқандай емі жоқ. Біз халық көбінесе осы ураннан көреміз. Кеше төгіліп жатқан уран, осы Заречноеде болды. Мен өзім көтердім, осыдан болуы мүмкін. Кислотаның кішкентай бірнәрсесі болса, күйеді. Мүмкін содан жұғып-жұғып, мүмкін соның ұшқынынан күйіп жатыр ма”, – дейді түсінбей әлек болған Көксарай ауылының тұрғыны Жолбарысхан Мырзапейіс. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Дәрігерлер лейшманиоз ауруына шалдығуы мүмкін деген күдікпен 118 адам тіркелгенін айтты. Қазір 70 науқасқа ем-дом жасалып жатыр. Экологтар кәсіпорын күкірт қышқылын ауыл маңайына төккенін растады. Аумағы 600 шаршы метр шамасында улы зат төгілді деп отыр. Қазір қылмыстық іс қозғау үшін Отырар аудандық полиция бөлімшесіне хат жолдаған. 

“Бұл ҚР Экологиялық заңды талаптарының өрескел бұзылуына әкеп соқты. Департамент экологиялық залалды жою үшін экологиялық заңның 139-бабының заңына сәйкес, ревидиация бағдарламасын әзірлеуде. Сондай-ақ, бүкіл жерлерді толықтай тазалап, қалпына келтіру міндеттелді”, – дейді Түркістан облысы бойынша бас экологиялық инспектор Нұржас Нұрболатұлы.

Ал компания өкілдері тексеру жүргіземіз деп қысқа қайырған. 

“Видеода көрсетілген жерде шектеуден асқаны анықталған жоқ. Бірақ басқа жерлерден расствордың төгілгені анықталды. Ол жөнінде бүкіл кәсіпорында осындай тексеру. Ішкі қызметтік тексеру тағайындадық та. Сол тексеру нәтижесімен шара қолданамыз”, – деді “ҚАЗАТОМПРОМ” АҚ өндірістік қауіпсіздік департаментінің директоры Манас Ысқақов.

Ауыл тұрғындары дерт дендемей тұрып улы күкірт қышқылы табиғатқа төгілмесін деп талап қойып отыр.

Лейшманиоз  — қан соратын індеместер арқылы тарайтын зоонозды тропикалық паразиттік инфекциялық ауру. Инфекция тері лейшманиозы (теріні зақымдайды) және висцералды лейшманиоз (ішкі мүшелерді зақымдайды) болып екіге бөлінеді. Аурудың инкубациялық кезеңі 2 аптадан 4 айға дейін созылады. Балаларда 3 айдан 1 жылға дейін, ал үлкендерде 3 жылға дейін созылады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Блогер 100 мың лайк үшін әкесін соққыға жықпақ болды

Published

on

By

Өзбекстандық блогер 100 мың лайк үшін әкесін соққыға жығатынын айтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

.

Фото: Ташкент облысының Ішкі істер басқармасы 

Ташкент облысы Шыршық қаласының 24 жастағы тұрғыны 100 мың лайк үшін әкесін ұрып-соғатынын айтқан видеосы үшін жауапкершілікке тартылды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Шыршық қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты істі қарап, ер адамды Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 183-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп таныды. Сот ер адамды 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды”, – делінген хабарламада.

Ақтөбеде жасөспірімдер итті аяусыз пышақтап, әрекеттерін видеоға түсірген (видео) Өзбекстанда квадроберлерге айыппұл салынбақ

Бұған дейін Ақмола облысында ер адам ҰОС жауынгерлеріне арналған ескерткішті бүлдіріп кеткен еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстан алдағы уақытта несие берушіден қарыз алушы елге айналмақ – Қаржы сарапшылары

Published

on

By

Қазақстан үкіметі салық түсімдерінің азаюына және Ұлттық қордан түсетін трансферттерді ұлғайту қажеттігіне байланысты 2024 жылға арналған бюджетті қайта қарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Түзетулер туралы заң жобасы жарияланып, 9 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға жіберілді. Құжатқа сәйкес, республикалық бюджет кірісі 2 триллион теңгеге қысқарып, 14 триллион 124 миллиардқа жетеді.

Салық тапшылығы 3 триллион теңгеден асады. Бұл салықтық емес түсімдердің өсуі мен жекешелендіру есебінен ішінара өтеледі.



Заң жобасына түсіндірме жазбада экспорттық тауарлар бағасының төмендегені де айтылады:

“2024 жылы қаңтар-тамызда негізгі экспорттық тауарлардың бағасы (қорғасын, мырыш және т.б.) орта есеппен 5,1% төмендеді”, – делінген жазбада. 

Негізгі соққы Қосылған құн салығына түсіп отыр. Оның жетіспеуі 931,6 миллиард теңге болды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Жағдай мамандарды қатты алаңдатып отыр. BCC Invest сарапшылары Қазақстанның кредитор ел мәртебесінен қарыз алушы ел мәртебесіне өтуі мүмкін екенін ескертеді:

“Трансферттердің рекордтық көлемі, шикізаттық емес тапшылықтың Жалпы ішкі өнімінің 7,8%-ға дейін ұлғаюы және бюджет кірістерінің төмендеуі бюджеттің Ұлттық қор ресурсына тәуелділігі артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл ұзақ мерзімді перспективада елдің қаржылық тұрақтылығын төмендетуі мүмкін”, – дейді сарапшылар.

Олар Ұлттық қордың резервтерінің сарқылу қаупін атап өтіп, қалпына келтірудің нақты стратегиясы жоқ екенін айтты.

“Басқа факторлармен бірге ел несие берушіден қарыз алушыға айналуы мүмкін”, – дейді олар. 

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрлігі республикалық бюджет шығынын 62 млрд теңгеге арттыруды жоспарлап отырғаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Трамптың кеңесшілері Украинаның НАТО-ға кіруін 20 жылға кейінге қалдыруды ұсынды

Published

on

By

Трамптың кеңесшілері Украинаның НАТО-ға кіруін 20 жыл кейінге қалдыруды ұсынды. Осылайша екі ел арасындағы соғысты тоқтатпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: AP/Evan Vucci

Басылым АҚШ-тың жаңа сайланған президентіне жақын үш адамға сілтеме жасайды. Жоспарға сәйкес, Украина мен Ресей ұзындығы шамамен 1300 шақырым болатын майдан сызығының бойында қарусыздандырылған аймақ құруға келісім жасасды. 

Трамптың айналасындағылар жоспарлағандай, еуропалық әскерлер бітімгершілік ретінде әрекет етуі керек. Ал америкалықтар бұған қатыспайды, ақша да төлемейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Киев кем дегенде алдағы 20 жылда НАТО-ға кіру жоспарынан бас тартуы керек. Ал АҚШ өз кезегінде Ресейдің ықтимал екінші шабуылын болдырмау үшін Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастырады.

Трамп Ресей мен Украина соғысын реттеудің нақты бейбіт жоспарын әлі бекіткен жоқ. Ол кеңесшілердің бұл нақты ұсынысына құлақ аса ма, жоқ па, белгісіз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!